Туыл?ан к?ні? ??тты болсын бала?ай! Бейнеу селосы Манашы б?бекжайыУтарбаева Жанар Бакбергеновна


Туған күнің құтты болсын, балақай!
Зал мерекеге сай безендірілген,әдемі гүлдер ,түрлі түсті шарлар,жалаушалар ілінген.Күмбірлеген күн ойнағанда бүлдіршіндеріміз келеді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар ұжымдастар, кішкентай бүлдіршіндер ортаңғы топ балаларының "Туған куніңмен, балақай" ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер .
Жүргізуші: Алақай – ау, алақай!Айтыңдаршы балақай,Балабақшамызда бүгін,Туған күні бүгін,Туған күні кімнің?Толысады ойымыз,Азаяды ойынымыз.Өйткені біз күн санапӨсіп келе жатырмыз.Туған күн иелерін төрге орындыққа шақырамыз. Балалар барлығымыз қол шапалақтап, қошемет көрсетейік.Айдана , Нұрайна,Аманжол,Нұрасыл, Жандос, Сабыржан.Балалар: Туған күндеріңіз құтты болсын!Жүргізуші:
Құтты болсын бүгінгі туған күнің,Әрдайым күлімсіреп жүрсін жүзіңЖасыңа жас қосылып өсе берші,Өмір саған әрқашан төксін нұрын
Балалар туған күн жылына бір рет келеді.Туған күн болатын адамның көңіл күйі көтеріңкі болады,оларға жақсы тілектер айтылады, сыйлықтар беріледі.Балалар біз де достарымызды туған күндерімен құттықтап, оларға арнаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Нұржол:
Жайнасын өмірің күн сайын
Аспанда тұрсын күн мен айың
Келешек өміріңе бақыт тілеп
Туған күн мерекеңмен құттықтаймын
Айболат:
Көрсін біздей балғын
Көңілденсін ол енді
Шырқатайық ән жырды
Шырқатайық өлеңді
Жүргізуші;
Балалар біздің ақ көңіл
Елгезек бала тіл алғыш
Осындай бала өсірген
Аналарға мың алғыс.
Жансел мен Әсемай орындауында
Ән: « Қуыршақтар» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балалар тыңдандаршы бізге қонақтар келе жатыр.
(Аю мен қоян түрлі түсті шарларды алып келеді. )
Аю: Салем достар! Біз сендерді туылған күндеріңмен құттықтау үшін қонаққа келдік.Бұл біздің сүйікті мерекеміз ғой.
Қоян: Туған күнді тойлаймын.
Туған күн бұл тамаша
Би билейміз жараса
Көңілденеміз шаттана.
Жүргізуші:Балалар қонақтар сендермен бірге би билегісі келеді екен.
Балалармен, Аю мен қоян ортаға шығып «Кряк кряк» биін билейді. ойнайды.
Жүргізуші: : Келесі кезекті балалардың құттықтау тақпатарына береміз
Жазира
Еркін күліп ойнаймыз
Ертеңді де ойлаймыз
Достықты қастерлеп
Туған күнді тойлаймыз
Әсемай
Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып ән шырқап
Би де билеп береміз
Аю : мына көңілді мерекеде ойын ойнайық. «Жіпке тізілген кәмпиттер» ойыны.
Жүргізуші: Балалар енді туылған күн иелеріне арналған тақпақтарға берейік.
Жайна : Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Туған күні достардың
Бірге қарсы аламыз.
Аяулым: Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Бәрімізге мереке!
Туған күні достардың.
Қоян: Балалар енді мен сендермен бірге «Артық шарды тап»ойынын ойнағым келіп тұр,ойынға дайынсыңдарма?
Балалар:Ия
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,Нұржолдың орындауында
Ән: «Менің өлкем»
Жүргізуші: Балалар қандай туылған күн тәтті тортсыз өтеді,балабақшадағы азпаз апай сендерге арнап тәтті торт пісіріпті, ендеше аспаз апай қонаққа келді.
Туған күнің құтты болсын балақай,
Шаттық пен күлкі бағын аралай.
Ата-анаңның сүйікті ұл мен қызы боп.
Алдарыңнан ақ күн тусын арайлап-деп бүгінгі туған күнге арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.