?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба?, М.?уезов Жолда


Жарма ауданы білім бөлімінің «Аршалы негізгі мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі Махатбаева Сайраш Амангелдіқызы
Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ жоспары .
Тақырыбы М.Әуезов «Жолда»
Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М.Әуезовпен таныстырып «Жолда» әңгімесінің мазмұнын ашу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: адамгерлішілікке, намысшыл болуға шақыру
Әдісі: топтастыру, түсіндіру, сұрақ – жауапСабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың, Мұхтардың портреті, топтастыру, Венн диаграммасы
І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық сәті.
-Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Себебі біздер түрлі ауылдарға саяхат жасамақпыз. Сонымен бірге әр ауылдың бізге әзірлеген тапсырмаларын орындауға тиіспіз.
Олай болса саяхатымызды бастайық.
«Абай» ауылы. Тапсырмасы:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
( Абайдың суреті көрсетіледі)
Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?
Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
Адамның қандай жақсы мінез-құлықтарын білесің?
Алауыз деген не?
«Күндейді» дегенді қалай түсінесің?
«Мертігеді» деген қандай мағынаны білдіреді?
«Міндейді» деген сөздің өлеңдегі мағынасы қандай?
Өлеңді жатқа айтып бер.
Өлеңнің алғашқы 2 шумағын жатқа айт.
Өлеңнің соңғы 2 шумағын жатқа айт.
Өлеңді мәнерлеп оқып бер.
«Талап, еңбек...» деп басталатын өлеңді жатқа айтып бер
-   А. Құнанбаев туралы не білесіңдер? ( топтастыру)
- Балалар, Абай атамызды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім? Оның өмірі туралы роман-эпопея жазған ұлы адам туралы білеміз бе?
- Ол кім?... Дұрыс-ақ, Мұхтар Әуезов.
-  М.Әуезов туралы не білесіңдер?  ( М. Әуезов суретін көрсету)
Мұғалімнің түсіндірмесі:(слаид көрсету)(Мұхтар Әуезовтың суретін көрсете отырып қысқаша мәлімет беру)Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақтан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайреткері. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра.
Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы,сол кездегі қазақ өмір тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы М.Әуезов: «… қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазған.- Олай болса келесі баратын ауылымыз «Мұхтар» ауылы.
«Мұхтар» ауылы. Тапсырмасы:                                   
ІІІ. Жаңа сабақ.- Бүгін енді Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді «Жолда» деген әңгімесімен танысамыз. Сөздік жұмысы
Дәріс – сабақ
Тамам болмаса да – аяқталмаса да, бітпесе де
Хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам
Фатиқасын алып – ризашылығын алып
Оқулықпен жұмыс.Оқушыларды оқыту:- әңгімені тізбектей оқыту.
Әңгімені құрылысына қарай талдау
1. Әңгіменің аты (Жолда)
2. Әңгіменің құрылысы, негізгі оқиғасы (Абайдың оқудан келуі)
3. Дамуы (Абайдың әкесімен кездесуі)
4. Кейіпкерлер. Олардың іс-әрекеттері (Абай, Құнанбай, Ұлжан, Байтас, Жұмабай)
5. Жазушының көркемдік әдісі мен тәсілі (баяндау, сипаттау, портреттеу)
«Құнанбай» ауылы. Тапсырмасы:                                   
Дәптермен жұмыс.1. Берілген үлгі бойынша Құнанбайға сипаттама берген тұсты тауып жазу.
2. Әңгімеге сүйеніп, Абайға сипаттама беруОқушы жауаптары :


Өңі сұп-сұр сабырлы
Абай байқағышҚұнанбай Зор денелі момын Бурыл сақалды
«Ұлжан» ауылы Тапсырмасы:
1. Берілген суреттерді оқиға желісімен ретімен қою;
2. Суреттерді пайдаланып, бөлімдерге бөлу, жоспар құру:
1) Анасымен кездесуі.
2 ) Абайдың ауылға келуі
3)Әкесімен кездесуі.
4) Абайдың әкесіне берген жауабы.
«Абай» ауылы.
Үйге тапсырма:
Әңгімені түсініп оқу, бөлім бойынша әңгімелеуге дайындалу. Ауыл адамдарының Абайды қарсы алу сәтінің суретін салу.
Бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады