Апталы?та ?тілген сайысты? жоспары. Білімді жетер м?рат?а


Тақырыбы: Білімді жетер мұратқа
Мақсаты:1.Оқушылардың білімдерін өмірде қолдануға үйрету.
2. Оқушыларды шапшаң, ұйымшыл, белсенді топ болуға тәрбиелеу.
3. Баланың ой- өрісін, еркін сөйлеуге баулу, сөздік қорын дамыту.
Көрнекілік: Үлестірмелі сызбалар, әріптер,
Сабақ барысы
Білім дегеніміз- күш
Күш дегеніміз- білім.
Білімді болу дегеніміз не?
Білімді болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Білім бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы- түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі інжу – маржан, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен түспейді, оны меңгеру үшін көл- көсір өлшеусіз әрекет ету керек. Білімдіден шыққан сөз – дүниені нұрға бөлейді.
Білем деме балам!
Білем деме балам!
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған-
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған-
Көп нәрсені тоқиды.- деп Өтебай Тұрманжанов жырлағандай «Білімді жетер мұратқа» атты 2 сынып оқушылары арасында білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар.
Қазыр енді қазыларды сайлайық,
Ең алғыр топты таңдап алуға – дей келе әділқазы алқасын сайлап алайық.
Жоспар:
Таныстыру
Бәйге
Іздеген жетер мұратқа
Капитандар жарысы
Егер мен...
Өз өнерін көрсету
Уа халайық, халайық
Бәріне жол салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар,
Әр сабақтың бәрі бар.
Ал сайыскерлер балалар
Білімдеріңді сынайық.
1 кезең «Таныстыру»
Өнер құып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
таныстыру
2 кезең
«Бәйге»
Әр топқа 6 сұрақтан беріледі.
Топ.
1 тәулікте неше сағат бар?
Мектептегі ең жоғары баға
Үш биды ата
«Кел, балалар оқылық» кімнің өлеңі?
Күзде жапырақ қайтеді?
Мәтіннің неше түрі бар?
2 -топ
Көше қилыстарында жолды не көрсетеді?
5-ке 4 қоссақ қанша?
1 сағатта неше минут бар?
Абай Құнанбаевтың шын аты
Ең үлкен бір таңбалы сан
Сөйлемнің неше түрі бар?
3 -топ
Көктемде алғаш ашылатын гүл
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Біздің Отанымыз ?
4+3-?
Бес асыл іс- Абай ата сөзі
Хабарлы сөйлем нені білдіреді?
3 кезең «Білімді жетер мұратқа»
Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өздері ұяшық таңдайды.
Ана тілі
10-ұпай .Ұлыстың Ұлы күні жасалатын қасиетті тағам ( наурыз көже)
20-ұпай .Қожа, Жанар, Сұлтан қай әңгіменің кейіпкері ( Менің атым-Қожа)
30-ұпай. Сапарғали Бегалинның «Зеректік»әңгімесі кім туралы?
40- ұпай. Отан туралы мақал – мәтелдер айтып бер
Қазақ тілі
10-ұпай. Сөйлем неден құралады?
20-ұпай. Дауыссыз дыбыстарнешеге бөлінеді?
30-ұпай. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
40-ұпай. Сөйлем нені білдіреді?
Математика
10-ұпай. 1 аптада неше күн бар?
20-ұпай. Геометриялық фигураларды ата
30-ұпай. 1-дм –де неше см бар?
40-ұпай. Дельфин 1 сағатта 10 км жүзіп өтеді. 2 сағатта ? км жүзіп өтеді?

Дүниетану
10-ұпай. Адам немен тыныс алады?
20-ұпай. Әр адамның шағын Отаны?
30-ұпай. Қазақстан астанасы қай қала?
40-ұпай. Өсімдіктік жер асты мүшесі.
4- кезең «Капитандар жарысы»
Ортаға капитандар шығады.
«Ұшқыр ой» Әріптер берілген, оқушылар әріп таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.
А) Желтоқсан уақиғасы қай қалада болған? (Алматы)
Ғ) Тоқтар Әубакиров кім? ( ғарышкер)
Д) Біз ауырғанда бізді емдейтін адам. ( дәрігер)
Ж)Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
З) Қазақстандағы көл атауы ( Зайсан)
К) көру мүшесі (көз)
Қ) мемлекеттік тіл ( қазақ тілі)
Ә) өй құсы ( әтеш)
Б) Суда өмі сүретін тіршілік иесі (балық)
Г) машина турағы ( гараж)
М) Пән атауы ( математика)
Н) Қасиетті тағам (нан)
П) Ең алып жануар (піл)
Ы) кесе, қасық ( ыдыс)
І) Киім ілетін зат ( Ілгіш)
Ұпай сандары саналады.

5 кезең «Егер мен...»
Еліміздің экономикасын көтеруге бар күшімді жұмсар едім! Қазақстанды жасыл желекке айналдырып, ең таза, гүлденген өркениетті, бәсекеге қабілетті елдердің ең алдыңғы қатарына қосар едім. Егер мен...
1 топ
Мектеп басшысы болсам...
2 топ
Ауыл әкімі болсам...
3 топ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі болсам...
Ұпай сандары саналады.
6 кезең «Өнерлі бала сүйкімді»
Әрзаманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шығарған сайыстарға бірі- бірін.
Тыңдайық тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.
( әр топ өз өнерін көрсетеді)
Осымен осы ойынды тәмәмдасақ,
Бұл жарысты өткізермек жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
Сөз кезеңіа әділқазы алқасына берсек.
Марапаттау
Білім артық па, әлде байлық артық па? Әрине -Білім артық. Білім сені асырайды, албайлықты сен асырайсың,- дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Назар қойып тыңдағандарыңа рақмет.
1 топ «Білімділер»
2 топ «Тапқырлар»
3 топ «Алғырлар»