Екі та?балы санды бір та?балы сан?а разрядтан аттап жазбаша к?бейту (3клас)


Математика Уақыты:13.04.2016ж Кабинет:231 Мұғалім:
Табынчаева С
Сабақтың атауы Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық.
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма,слайд
Жалпы мақсаттар 1.Білімділік: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту және ауызша көбейту тәсілдерін салыстыру, есептеуді үйрету. Өз бетінше есептеу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамыту:Өтілген ережелер мен қағидаларды математикалық материалға қолдану білігін дамыту,еептер шығару білігін жетілдіру. Өз бетінше есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Өз-өзіне сенімділікке, өзін-өзі бағалай білуге, үнемділікке, дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Алма үлестіру арқылы топқа бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы - Балалар, сендердің көңіл-күйлерің қандай?
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын тексеру.№8,9 111 бет.
Тексеру,салыстыру,талдау
І топ. 50 саусақ неше балада бар?  /5 бала/
ІІ топ. Үстелде 6 стакан бар.1 стакан  сүтті ішті де қайта қойды. Үстелде қанша стакан қалды? / 6/
ІІІ топ. 4 алма бар.  Оның біреуі қақ бөлінген. Сонда неше алма болды? /4/
«Шапшаң ойла»
1.Көбейтудің нәтежесі қалай аталады?  (көбейтіндінің мәні)
2.Тоғыз ондықты атаңдар. (90)
3.Бір аптада неше күн бар?(7)
4.Аптаның үшінші күні қалай аталады?(сәрсенбі)
5.Тіктөртбұрыштың барлық  қабырғаларының қосындысы.(Р)
6.Сұйықтық немен өлшенеді?(литр)
7.Ауданды қалай табамыз?
8.Көлемде неше өлшем есептеледі?
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс. № 2
Үлгі бойынша амалдарды бағандап орында
86 99 54
х х х
4 6 9
-------- ------------- -----------
Топтық жұмыс №3
1-топ 39 х5-136=
48х3+215=
2-топ 100х4-27х6=
200х3-78х3=
3-топ 900-3х(96:24)=
250+(6х8)х5=
Есепте: №5
1-топ 26 х 3²=
2-топ 48 х 2²=
3-топ 4³ х 6=
Есепті шығар №6,7
1-топ Теңіздің жағалауында 48 жағажай бар,ал демалу орындары одан 4 есе артық. Демалу орындары жағажайға қарағанда қанша артық?

2-топ Теңіз жағалауынан Айнаш 125 бақалшақ,ал Мәриям одан 50 бақалшақ артық жинады.Барлық бақалшақты олар 5 қобдишаға тең бөліп салды.Әр қобдишаға неше бақалшақ салынды?

3-топ Жағажайда әр қатарда 24-тен 5 қатар шезлонгтар тұр.Олардың жартысында ересек адамдар,ал үштен бір бөлігінде балалар отыр.Қанша шезлонг тұр?
Ұшқыр ой: №8
Текшенің бір жағының ауданы 64 см². Текшенің көлемін тап.
64 см²
Сергіту сәті Бұл шеңберде нүкте нешеу
Сонша қолыңды көтер дереу
Қанша шаршы көріп тұрмыз
Сонша алға еңкейеміз
Кесінді нешеу болса
Шапалақта қуана
Үшбұрышты санайық
Сонша отырып тұрайық
Орнымызғы қонайық
Ой толғаныс
Логикалық тапсырма
Қорытындылау Зерттеп қара: №10
Жіпті 7 жерден қиса, неше бөлік шығады?(8 бөлік)
Қай топ жылдам?
13 24 32
х х х
7 8 5
------------ ------------- -----------

12 12 23
Х х х
9 6 7
------------ ----------- ----------
1.Ауладағы тауықтардың 10 аяғы бар. Аулада неше тауық жүр?
2.Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
3.Үйге кірген және шыққан адамдарға қолын береді?
4.Төрт аяғымен тұрған сиырдың салмағы 197кг, ал жатқан сиырдың салмағы қанша?
5.Үш майшам жанып тұр еді. Оның біреуін сөндірді. Неше майшам қалды?
6.Бір тонна мақта ауыр ма,бір тонна көмір ауыр ма?
Қаржыңа қарай таңдау,
Қажетіңе талғам керек.
Білімдерің, табыстарың көп болсын!
Үй тапсырмасы Үйге тапсырма
№4,9 112 бет. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  
Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.