Д?ниетану Жануарлар мен ?сімдіктерді ?ор?ау 3-сынып


Мектеп: Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі
Сынып: 3 «А» сынып
Мұғалім: Надырбаева Кундыз Жолдыбаевна
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Н.Ақышев. Балалар елін бағындыру (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.
Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.
Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы, сын тұрғысынан ойлау технология
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту - Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?
Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.

а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.
Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.
Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.
Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:
- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?
- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?
- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?
- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?
- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).
- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?
Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:
Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т.с.с.
Әр топқа өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер жазу ұсынылады.
Оқулықтың 11-бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.
Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.
Қорытынды: Әр топ өзінің тобына байланысты 5 жол өлең құрастырады. Кітап
Оқиды, әігімелейді, мазмұндайды.
Үлкен, қалың, қызықты.
Кітап – сенің ақылшы досың.
Оқулық.
Үйге тапсырма Мазмұндау
11-13 беттегі ертегіні мазмұндап келу Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау күлегеш балақайларын кері байланыс парқшаларына жабыстыру
122820926005
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Мектеп: Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі
Сынып: 3 «А» сынып
Мұғалім: Надырбаева Кундыз Жолдыбаевна
Пән: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға қызыл кітапқа сирек кездесетін,жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан,сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркелетіндігін түсіндіру,ұғындыру
2 Оқушылардың есте сақтау,себеп-салдар байланысын орната білу,талдау,қортындылау,ойлау қабілеттерін дамыту.
3 Табиғатты құрметтеуге және аялай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже +Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Қызыл кітапқа енген жануарлр туралы не білесіңдер?
Жануарлардың адам үшінде маңызы зор.
Жануарлар өсімдікке де,адамға да керек.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Жануарлардың табиғаттағы маңызы зор.Жануарлардың адам үшін де маңызы жоғары.олардың адам тіршілігіне қажетті тамақ,тері,бағалы аң терілері және басқа да заттар алынады.
Адам ертеден -ақ өсімдіктерді өзінің тұрмысына пайдаланған.Ағаштан үй тұрғызады.Көкөністер және жемістерді тағам ретінде қолданды.Табиғатқа жабайы өсімдіктерден үлкен гүл шоғын жасайтын әуесқойлар үлкен зиян кетіреді.Осылайша өсімдіктердің көбі қызыл кітапқа еңгізілді.
Сергіту сәті Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Топпен жұмыс
1-топ Жануарлардың адам үшін маңызы қандай?
2-топ Өсімдіктердің пайдасы қандай?
3-топ Өсімдіктердің адамға пайдасы барма?
Қорытынды. Жануарлар мен өсімдіктерді Венн диаграммасы арқылы салыстыру

Үйге тапсырма Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады