Ашы? саба? ?аза?стан аума?ында?ы ?алалар мен сауда, ж?рме?келер 8А-сынып


Сынып: 8«А» сынып Күні: 25.01.2017. Мұғалімі: Сулейменова А.Д.
Тақырыбы Қазақстан аумағындағы қалалар мен сауда, жәрмеңкелер.
Мақсаты ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы Қазақстанда әскери бекіністер ретінде пайда болған қалалардың, сауда мен жәрмеңкелердің шығу тарихын, тарихта алар орнын, тарихи маңызын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже - ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы Қазақстанда әскери бекіністер ретінде пайда болған қалалардың шығу тарихын туралы біліп, түсінеді;
- Қазақстан территориясындағы сауда мен жәрмеңкенің тарихта алар орнын, мәдени байланыстарын меңгереді;
- Топта жұмыс жасай алады.
-Өзін-өзі бағалауды үйренеді.
Типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жеке, топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс, сұрақ қою, Джигсо, Т-кестесі, Семантикалық карта, Атаулар туралы үш сұрақ , «Құндылықтарды анықтау» стратегиясы, рефлексия
Көрнекіліктер Карта , оқулық, презентация, постер, кесте
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру
2 мин
«Ой қозғау» стратегиясы
арқылы үй тапсырмасын тексеру
5 мин Оқушыларға психологиялық хал-ахуал туғызу;
«Қоянды жәрмеңкесі»
«Қарқара жәрмеңкесі»
«Әулиеата жәрмеңкесі»
«Жаркент жәрмеңкесі» арқылы топқа бөлінеді, бағалау парағын таратады.
Ауызша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұрау. Зейін қояды, жинақталады
1-топ: «Қоянды жәрмеңкесі»
2-топ: «Қарқара жәрмеңкесі»
3-топ: «Әулиеата жәрмеңкесі»
4-топ: «Жаркент жәрмеңкесі»
Топ көшбасшысын сайлайды,
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Топ көшбасшысы бағалау парақшасын
толтырады. Өзін бағалау.
Топ көшбасшысы бағалауы. Өзін бағалауы.
Қызығушылықты ояту.
2 мин Оқушыларға Қазақстан аумағындағы қалалар мен жәрмеңкелерге байланысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттердің мағынасын
түсіндіре отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Мағынаны ажырату
10 мин
3+10 мин Топтық жұмыстар.
1-топ: Қалалардың қалыптасу мен даму ерекшеліктері. ХІХ ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі.
2-топ: Орта Азиямен жүргізілген керуен саудасы. Ел аралап жүріп жасалатын сауда. Жәрмеңкелік сауда.
3-топ: Қоянды (Ботов) жәрмеңкесі. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени саладағы атқарған қызметі. Тұрақты сауда.
4-топ: Қазақ-Қытай сауда-саттық қатынастары. Қазақстандағы көлік қатынасының дамуы.
«Джигсо» стратегиясы бойынша мәтіндерді оқу. Берілген тақырыптағы мәтінді жеке-жеке оқиды. Оқығандарын өз топтарына түсіндіреді.
Топ көшбасшысы бағалауы. Өзін бағалауы.
Топтық тапсырмалар.
8 мин 1-топ: «Қоянды жәрмеңкесі»
Т-кестесі.
Иә Жоқ
Қала мәртебесіне ие болған бекініс-қамалдар салудың көбейіп кеткен кезі Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Неғұрлым ірі қалалар қатарына Орал,Гурьев, Семей, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе және басқалары. Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы қалалардың көпшілігі әскери бекініс-қамалдар мен әскери елді мекендер негізінде пайда болды. Ірбіт жәрмеңкесінде 3 сом 60 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 70 сомға сатылды. Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицк, Петропавл, Пресногорков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. 2-топ: «Қарқара жәрмеңкесі»
Семантикалық карта
Уезд,
облыстар
Жәрмеңкелер
Тайыншакөл Шар Әулиеата Қарқара Жаркент Ойыл Темір Петров Константинов-Еленов Қоянды-Ботов
Қарқаралы Ақмола Атбасар Орал Верный Сырдария Семей Павлодар 3-топ: «Әулиеата жәрмеңкесі»
Атаулар туралы үш сұрақ.
Қайда? 1848 жылы Қарқаралы казак станицасының жанында айырбас сауда орталығы ашылды?
Қалай? Жәрмеңкелерде қазақтың көптеген сал-серілер мен ақындары да жиі-жиі болып тұрған?
Қандай? ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде жәрмеңкелердің маңызы төмендей бастады. Оның себептері қандай?
4-топ: «Жаркент жәрмеңкесі»
«Құндылықтарды анықтау» стратегиясы бойынша топтық жұмыс.
Ресей Қытаймен және Моңғолиямен сауда саттық жасауы үшін Қазақстанды транзиттік аумақ ретінде пайдаланды. Неліктен қазақ көпестері делдалдық қызмет атқарды? Себебі:

Тақырып бойынша меңгерген теориялық білімдерін бекіту мақсатында әр топқа Т-кестесі,
Семантикалық карта, Атаулар туралы үш сұрақ (Қайда, қалай, қандай?), Құндылықтарды анықтау стратегиясын пайдаланып берілген тапсырмаларды орындайды.
Топ бірін-бірі бағалайды, топ жетекшісінің бағалауы, дискрептор бойынша оқушы өзін-өзі бағалайды.
Ой-толғаныс:
7 мин Тест алуТестке жауап береді. Өзін-өзі бағалайды.
Бағалау
2 мин
Мұғалім оқушылардың бағалау дискрипторы парағымен жиынтық бағасын шығарады. Топ көшбасшылары өз тобының мүшелерін бағалайды, қорытындысын шығарады. Үйге тапсырма
1 мин § 40-41 оқу, мазмұндау, Қазақстан қалалары туралы қосымша мәліметтер жинау. Тапсырманы күнделікке жазады. Рефлексия
Кері байланыс
Сәттілік баспалдағы
Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Стикерге жазады, орналастырады. «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған
мектеп-лицей-интернаты» КММ
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
(Қазақстан тарихы, 8 «а»-сынып)
Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы қалалар мен сауда, жәрмеңкелер.
Мұғалімі: Сулейменова Айжан Дуйсенбековна
Өскемен қаласы,
2017 ж.