Баяндама: А?паратты?-коммуникативтік технологияларды математика п?нін о?ытуда ?олдану тиімділігі


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАТИВТІК ТЕХН ОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫ ТУДА ҚОЛДАН У ТИІМДІЛІГІ Жұмашев Жансейіт Қарасайұлы, математика пәні оқтушысы «Атырау политехникалық колледжі» КМҚК Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. Сондықтан, білім жүйесін құру, студенттерге қазіргі заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында « Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн - жүйелерін белсене дамыту керек болады » деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика оқ у орындарын ың білім сапасын көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. [6] Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарына қанағаттандыру мақсатында ақпараттық және мәселені шешу құзреттілігін коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық процесс. [3 ] «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызыметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық - коммуникациялық технологиялар біздің елімізде де жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Білім беруде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр » деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтып өтті. Бұл жас буынды жаңашылдыққа жетелеу д е ген сөз. Ал жаңашылдық – бұл білім жүйесі не инновациялық технологияларды енгізе отырып, студентті заман талабына сай етіп дайындап шығару. [5 ] Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттық технологиямен оқыту білім алушыларды белсенді жағыдайда қойып, оның субъектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, білім сапасын жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникаци ялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғыни ақпараттық - коммуникациялық технологияларды толықтай меңгерген оқытуш ы білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жас айтыны анық. [4] ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мемлекеттік оқу орындары компьютермен қамтамасыз етілді , әлі де жалғасуда. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде сабақта ақпар аттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданатынымыз рас . [5 ] Оқу - тәрбие процесінде ақпараттық технологияны пайдалану мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды білім беруде үйлесімді пайдалану өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз. Сондықтан, бүгінгі таңда математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Ақпараттық - коммуникациялық технологи яны дамыту білім берудің бір бөлігі болып саналады . Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On - line сабақтар арқылы іске асырылуда. Сонымен қатар, оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкін дігін беретін ойындық ситуациялы қ тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылға н. Білім және ғылым министрлігі о қытушылардың жаңа технологияны игеруге, шығармашылық ізденуіне үлкен мүмкіндік жасап отыр. Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындал ды, олар оқу - тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады .  Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;  Материалды компьютердің көмегімен оқу – студенттің жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс - әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;  Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың а луан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, студенттердің өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;  Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;  Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;  Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының , қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйес інің мүмкіндіктерін көрсетеді. [ 2 ] Ақпараттық коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда пайдаланудың мақсаты – білім алушылардың өз бетінше білім алу үрдісін қалыптастыру. Бұл мақсатта тексеру программалары, электрондық оқулықтар, видео саба қтар , анимациялық бейнелерді құру сияқты т. б. программалар қызмет етеді. [ 1 ] Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математ и ка курсын толығымен компьютерлік негізінде ауыстыруға болмайды. Мысалы: аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен студенттердің абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілмен жүруі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуде ға на компьютерлік технологияға жүктеу керек. [ 7 ] Математика сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: • білім алушы ның өз бетімен жұмысы; • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; • білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; • шығармашылық есептер шығару; • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; • экономикалық тиімділігі; • іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; • білім алушының ой - өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. [ 8 ] Компьютерлік технологияны пайдалану оқытушыға студенттің оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік артықшылықтарымен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:  Жобаның презентациясын жасау мен ұйы мдастыру;  Интернет олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;  Білім сайттарына кіру. Осы орайда өз сабақтарымда ақпараттық технологияны қолдану мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланып жүрмін. Математика сабақтарында ақпараттық техн ологияларды пайдалану студенттердің белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйе сін қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасалынады және студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. С онымен қатар әр оқушы өтілген тақырып бойынша тапсырмалар және тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практикалық тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Бұл әрине тақтаға жазып, түсіндіргеннен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Өзім еңбек ететін Атырау политехникалық колледжі білімді, бәсекеге қабілетті студенттерді дайындауда білім берудің жаңа технологияларын жылдан жылға жетілдіріп келеді. Барлық оқу кабинеттерінде интерактивті тақта және оған интернет қос ы лған. Сонымен қатар видео, ауди о проекторлармен, вертуалды лабораториялармен, мультимедиалық подиумдармен жабдықталған. Барлық оқытушылар сабақтарында ақпараттық техникалық құралдарды тиімді пайдаланады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2011 - 2020 жылдарға а рналған Қа зақста н Республикасында білім беруді дамытудың мемелекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс - шаралар жоспарының 57 - 60 тармақтарын орындау барысында «E - Learning» электрондық оқыту жүйесіне енгізу жобасының іске асырады. Бізд ің колледжге «E - Learning» электрондық оқыту жүйесі 2013 - 2014 оқу жылынан бастап іске қосылды. Осы жүйенің негізінде оқу үрдісіне пайдалануға колледж оқушыларына арналған ноутбуктармен қамтылған және WiFi сымсыз желісі жалғанған. Жаңа ақпараттық технология ларының ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық технологиялар, қашықтықтан оқыту технологиясы кіреді. [3] Оқытудың компьютерлік технологиясы – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жин ақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын мо дельдейтін компьютерлік техника , телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивтік программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәс ілдері, әдістері, құралдар жиыны. [3] М атематика сабағында б ұл технологиян ы « Функциянын графигін қарапайым түрлендіру » тақырыбын түсіндірген кезде , Интернет желісін пайдалана отырып , On - line түрде функция графигіне қарапайым түрлендірулерді көрсетуге болады. Сабақтың бекіту бөлімінде студенттерге өзіндік жұмыстарын ұйымдастырған кезде жаңа материалды Интернет желсін пайдалану арқылы толықтыруларына мүмкіндік жасалады. Мұндай әдістерді сабақ үрдісінде қолдану студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен ақпараттық мәдениеттілігін дамытады. Мультимедиялық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивтік программалық жабдықтың басқарумен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. [3] Қазіргі таңда қолға алынып отырған компьютерлік оқу үрдісінде «интерактивтік тақтамен» жұмыс істеу. Бұл тақтаның тиімділігі мынады:  Тез арада қайтарым байланыс болуын қамтамасыз етеді;  Қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;  Әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойы нша тексеруге, бағалауға болады;  Геометрияда стериометрия фигураларын салуда құрылғылардың тиімділігі. Интерактивтік программаларды немесе әр түрлі анимация құрастыру программаларын «Кеңісті ктегі координаталар және векторлар» тарауын өткен кезде вектор лардың қозғалыс тарын, кеңістіктегі координаталардың бейнеленуін көрсетуге болады. Геометрия пәнін оқыту барысында кеңістікте фигуралардың салыну жолдарын, жазықтықтардың түзумен қиылысу белгілер ін , т.б. тақырыптар бойынша бейнелі түрде көрсету мүмкіндігін пайдалануға болады. Сабақты мультимедиялық кабинетте өткізу барысында Net Control 2 с ыныпт ы б асқару бағдарламасын пайдалану, білім алушының пәнді жетік меңгеруге, физалогиялық мәдениеттін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Презентациялық технологиялар. Бұл технология, бір жағынан, студенттерге жаңа материалдарды көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оларды қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірбиелер презентациялар технологиясын пайдалану білім алушылардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындау мерзімін қысқартады, ең бастысы – оқытушыларды жаңа ақпаратты қ технологияларды пайдалануға дағдыландырады. [3] Презентациялық технологияларды математика пәнін меңгерту барысында MS Office қолданбалы бағдарламалар пакетінде MS Office Power Point, MS Office FrondPage, MS Office Publisher бағдарламаларын пайдаланып иллюстрациялар, фотографияларды, бейнелік, дидактикалық материалдарды салып жасалған презентациялар студенттердің пәнге деген қызығушылығын туғызады. Қашықтықтан оқыту технологиясы – ақпараттық ком муникациялық технологиялық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда осы технология жетілген елдерде өте көп тараған. Қашықтықтан оқытудың артықшылығы: А) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыла рға жылдам жеткізеді. Ә ) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі білім алушылар мен к е рі байланыс жасауға да пайдалануға болады. [3] « Бұл технология елімізде әлі кең таралған жоқ, өйткені толыққанды қашықтықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және п рограммалық құралдар болу қажет» деген пікірлер айтылады. Қазіргі тәуелсіз еліміздің экономи касы қарқынды даму үстінде, сондықтан компьютер техникасы на қол жеткізуге болады. Ж әне оны Интернет желісіне қосы п, әлеуметтік желілерд і пайдалану арқылы в идео сабақтарды салу ға , Веб - чат арқылы есептерді талқылау ға , Skayp арқылы студенттерге сабақ жүргізу ге болады. Оқулықты электронды кітап түрінде жаса п, әрбір студенттің ұялы телефондарына жүктеп беруге де мүмкіндік жасалынады. Осындай әдістерді жасау қ ашықтықтан оқытуды толық пайдалану деген сөз емес, бұл қолда барды пайдаланып білім беруді үзбей жалғастыру деген сөз. «E - Learning» электрондық оқыту жүйесі қашықтықтан оқыту технологиясы н пайдаланып білім беруге мүмкіндік жасайды. Мысалы, Әртүрлі себептермен сабаққа келмей қалған студенттердің өтілген материалды компьютерден оқып, ізденіс жасауына, білім алуына мүмкіншілік жасайды. Ақпараттар түрлі жолмен беріледі: Математика сабағында «Тригонометриялық теңдеулер» тарауын өткенде студенттерге сабақтың мақсатына сай оқулықтағы материалдан басқа қосымша тапсырмалар, жаттығулар беруге болады. Нақтырақ айтсам «Қарапайым тригонометриялық теңдеулер» деген тақырыпқа өткізген сабағымда АКТ - ны төмендегідей пайдаландым: І. Қызығушылығын ояту кезеңі (АК Т - ны қолдану уақыты – 1 минут) . Оқушылардың көңіл күйлерін сабаққа икемдеу және сабақтың эпиграфымен таныстыру; (слайдтарды пайдаландым) ІІ. Мағынаны ашу кезеңі (АКТ - ны қолдану уақыты – 4 – 5 минут) VIP TEST программасында ж асалған тест тапсырмалар ы н дербес компьютерде орындау, интерактивті тақтадан тригонометриялық функцияның қасиеттері мен графиктерін бейнелеу , с әйкестендіру әдісін орындады . Интерактивтік тақтамен жұмыс: Әр топ спикерлері (топ басшылары шығып) тақырыптарын қорғады. Әр түрлі тапсырмаларды ин терактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді орындады; ІІІ. Ой толғаныс кезеңі (АКТ - ны қолдану уақыты - 5 минут) «Қарапайым тригонометриялық теңдеулер» тақырыпта презентациялар бойынша сабақты түсіндіру, студенттер презентацияны тамашалап, те рмин сөздер бойынша «Бес жолды өлең » құрастырды . Математика сабағында жаңа сөздердің көбі білім алушының есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуд е, түсінбеген сөз қабылданбайды, жадында сақталмайды. Сол себептен Интернет желісін пайдалану арқылы жаңа сөздердің орыс тілінде, ағылшын тілінде аудармаларын табу ға тапсырмалар беріл ді. Сабақтарды өткізу барысында ақпараттық – коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті. Қо рыта айтқанда, Ақпараттық - коммуника циялық технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі н төмендегідей етіп көрсетуге болады:  Дербес компьютерді қолдану, оның графикалық мүмкіндігі оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызады, әрі келесі сабақтарды меңгеруге жетерлік білімдері жинақта лады;  Бі лім деңгейі әр түрлі студенттердің жаңа сабаққа қатысты даярлығы өлшенеді ;  АКТ - ны пайдалана отырып, студенттерді өз бетінше ізденуге машықтандырады;  Әр білім алушының ақпараттық техника құралдарымен сауатты жұмыс жасауына мүмкіндік туады. Еліміздің кепілі, болашақ тірегі оқу орындардың білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу - тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздардың, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін. Олай болса, қоға мның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты лығы , ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құз ы ретілігі дамыған тұлға болуы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. А.Умирзакова. «Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру», Информатика негіздері , № 3 , 201 4 ж . 2. Ж.Иманғазиева. «Интерактивті тақтаны тиімді қолдану», Информатика негіздері, №2,2011 ж. 3. Л.Доллинер «Ақпараттық коммуникациялық технологияларының мәселелері және болашағы». Информатика негіздері, №3, 2010 ж. 4. М.Құбашева «Ж аңа ақпараттық технологиямен оқыту», Информатика негіздері, №4, 2011 ж. 5. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030». Ел Президентінің Қаз ақстан халқына жолдауы. Алматы, «Білім баспасы» 1998 ж. 6. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, 14 желтоқсан 2012 ж . 7. С.Қуанышева «Математика сабағында ақпараттық мәдениетті дамыту және қалыптастыру» , баяандама. 8. Ш.Орынбаева. « Оқытудың интерактивті әд ісі», Білім технологиясы, №4, 201 3 ж.