Арайлы алтын к?з мектепалды даярлы?


Тақырыбы: «Арайлы алтын күз»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру.Күзде пісетін астық, жеміс- жидек,көкөністердің күзде жиналатындығы туралы мағлұмат беру. Олардың адам ағзасына беретін пайдасы зор екендігін түсіндіру.Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап,күз байлығын,әсемдікті,сұлулықты сезіне білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Күзді бейнелейтін суреттер,қолдан жасалған жеміс-жидек,көкөністердің суреттері,күзгі жапырақтар.
Жүру барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты тәрбилік шарамызға қош келдіңіздер!
Балалар, бір жылда он екі ай болады.Осы он екі ай төрт мезгілге бөлінеді.
Жылдың басы қыс,көктем,жаз,күз.
-Енді айтыңдаршы балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі
-Күз екенін қалай байқадыңдар?
-Күн суыта бастайды,жапырақтар сарғайып жерге түседі,күн қысқарады,құстар жылы жаққа ұшады.
-Сонымен қатар балалар жеміс-жидектер,көкөністер,егістіктегі астық пісіп,қамбаға жиналады.Сондықтан адамдар күзді «Жомарт», «Алтын» деп
атайды.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
-Амансыңдар ма,балалар! «Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім.»Төрге шығып отырады.-Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.АмандасуАмансың ба, алтын күн,Амансың ба, жер ана!Амансың ба, достарым,Сендерді көрсем қуанам.
РозаТапталады табанға,Судыр-судыр жапырақ.Өрттей сары бояуға,Малынғандай атырап.ИсламбекҚайтқан құсты көрдің бе,Қаптай ұшқан әуелеп.Күткен күзім келдің бе,Сыңсып бағың мәуелеп.
Қамба толды астыққа,Алғыс саған,алтын күз!Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Бидай- Мұхаммеджан
Нан атасы – бидаймын,
 Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде,Қауызыма сыймаймын.

Арпа- Ерасыл
 Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған, 
Еліме сый тартамын.
Тары- Саида
Ақ, қарамын, сарымын, Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе, Қайтарамын қарымын.
Күріш- Нұрмұхаммед
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын. Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Ән: Күз жомарт
Ислам
СәбізКім бар сәбіз шырынынЖастайынан ішпеген?Мені жеген адамдар,Кем болмайды күшке де!Сабина
ЖүзімМен жүзіммін, жүзіммін,Моншақ болып тізілдім.АйымӨрікМен өрікпін,өрікпін,Бау-бақшаға көрікпін.
ГауһарШиеМен шиемін,шиемін,Күннің көзін сүйемін.Қышқыл шырын менде бар,Төмен басты иемін.АянҚарбызТеңбіл-теңбіл қарбызды,Тентек Серік жарғызды.Арухан
ҚызанақПіскен кезде қызанақ,Көз тартар қызыл түсімен.Бар ма адам сүйсінбей,Томат шырынын ішпеген?АнельАлмұртМен алмұртпын,алмұртпын,Аузындамын бар жұрттың.ДинараАлмаМен алмамын,алмамын,Таңдай жұлар бар дәмім.Ибраһим
ШалқанКім білмейді шалқанды,Талайлар маған таң қалды.Темірлан
ПиязБоламын мен дәмдеуіш,Барлық-барлық тағамғаКөкөністер ішінен,Мен пайдалы адамға.
Ғибадат
БұршақКішкене түймедеймін мен,Ұнаймын мен бәріне!Дәмді тағамдарыммен,Сый жасаймын бәріңе!Мирас
ҚиярДәмім тілді үйірген,Мен тұздалған күйімде.Жаңа піскен кезімде,Жейді бәрі сүйсіне.Алмаз
КүнбағысКүннен көзін алмайды,Өзгемен ісі болмайды.ЖанаргүлКүнТаңмен көзін ашады,Әлемге нұрын шашады.
«Жапырақтар» биі Ойын: «Жеміс дәмін сезіп көр»
«Алтын күз» сіздің жемістеріңізбен ойын ойнайық, қазір ортаға бір баланы шығарып көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз, жемістердің дәмін сезіп қарау арқылы қай жеміс екенін ажыратамыз.
Күз: Жарадыңдар балалар.Мен сендерге жемістерімді сыйлаймын.(балаларға жеміс таратып береді.)
Ал балалар, алтын күздің сіздерге арнаған жұмбақтары бар екен, бірге шешейік
Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.
(алма)
Уылжыған албырт,
Дәмі ғажап.
(алмұрт)
Көктемде ұшып келеді,Жаздай концерт береді.
(бұлбұл)Ас атасы не?
(нан)
Алтын күз: Өте жақсы шештіңдер балалар,рахмет сіздерге
ән: Таңатар Аружанның орындауында ән «Әжем айтқан ертегі»
Жүргізуші:
Алтын сары, қызыл көк,Алуан-алуан жапырақ.Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап.О алақай! Тамаша!Шашу шашты  жапырақ.Бақтың іші алаша,Аунар ма еді жата қап
Ендеше келесі кезекте ата-аналермен ойын жүргізіп көрейік.
Ойын «Кім жылдам?»
Ойын шарты: Ойынға ата-анадан құралған екі жұп ата-ана қатысады. Жұптардың біреуінің оң қолы,біреуінің сол қолы байланады. Суретте берілген жапырақтарды шапшаң қиып шығу керек.
(Ата-аналарға күз жеміс-жидек үлестіріп береді.)Алтын күз: балақандар өнерлерің көп екен. Риза болып отырмын. Менің қайтатын кезім болды. Аман есен болыңдар
Балалар:Рахмет саған Алтын күз.-Қош, қош Алтын күз.
Тәрбиеші:Осымен біздің «Арайлы алтын күз» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды.Назарларыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!

№15 С.Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

«Арайлы алтын күз»
Мектепалды дайындық «б» тобы
Тәрбиеші: Нурсая Муратова

2015-2016 оқу жылы