Т?рбие са?аты: «Алтын к?з» спортты? ойын-сауы?


КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Самар ауылы 2013 жыл
«Алтын күз» спорттық ойын-сауық

Тәрбиеші: Кунанова А.Д.
Мерекенің өту барысы.
Денешынықтыру инструкторы балаларды залға кіргізеді.(Зал безендірілген.Еденде жапырақтар жатыр,жасанды ағаштар тұр.)
Денешынықтыру инструкторы: - Балалар,қазір қай жыл мезгілі?
Балалар (хормен): - Күз!
Денешынықтыру инструкторы: - Балалар,күз туралы ән салайықшы.
Балалар,күз туралы ән айтады.
Денешынықтыру инструкторы: - Күз келді,жел соқты,ағаштардан жапырақтар түсті. (Еденде шашылған жапырақтар жатыр.) Өздерін таңдаған кез келген 2 жапырақ алыңдар. Қазір,біз күзгі жаттығу жасаймыз.
Жалпыдамыту жаттығулары:
(Әртүрлі жапырақтар) – алдымызға жапырақтарды тербетеміз.
(Жапырақтар жерге түседі.) – ақырын отырамыз, жапырақтармен қозғалып,тұрамыз.
Жел соқты.-Алға иілу,қолды оңға,солға,жоғары, төмен көтеру.
(Жапырақтар айналады)- Жапырақтармен бос қимылдар. Аяқтың ұшымен айналады.
Тыныс алу гимнастикасы «Самал жел».
Жел боламыз –мұрынмен демаламыз,ауызбен у-у-у-у деп дыбыс шығарамыз,дем шығарамыз.
Жел күшейді,тынышталды,ақырын,ақырын.
-Күз келді.
Күз:- Сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма?
Мінекей,мен де келдім!- Күзгі сәлем,достар,сіздерге!
Сендер менімен кездескендеріне қуаныштысыңдар ма? Орман киімі сендерге ұнай ма?
-Күзгі бақтар мен саябақтардағы менің сыйлықтарым, қандай жақсы!
Жапырақтармен би.Музыкамен залда жүгіреді,айналады.
Біреудің жылаған дауысы естіледі.
Ширмадан қоян шығады.
Қоян: - Маған,өте суық,жақында қыс мезгілі де келеді.
Күз:-Қоянжан,уайымдама,қазір балалар сенімен ойнайды,сен жылынасың.
Балалар шеңберге тұрады.Қоянның қимылын қайталайды.
Өзіне-өзі массаж жасау.
Қоян қолдарын жылытады. (алақандарын ысқылайды,әрбір саусақтарын ысқылайды)
Құлақтарына массаж жасап,жылынады.Мұрындарын жылытады.Маңдайын жылытады.
Күз:- иә,сонымен,қоян,жылындың ба?
Қоян: -Мен жылындым,енді сендермен ойнағым келеді.
Балалар 2 топқа бөлініп,команда бойынша секіріп барып, сәбіздерді алып,жүгіріп,орындарына келеді.Қай топ тез болады.
Қоян: - Ой,балалар,сендерге көп рахмет менің қысқы азығымды жинап бердіңдер. Балалар,сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?Айтып беріңдерші,ал мен тыңдайын.
Күз балалардан көкөністерді жинап беруді өтінеді.
Балалар 2 топқа бөлінеді.Залдың қарама-қарсы жағында көкөністер тиелген машина тұр.Машинада тиелген
көкөністерді жинап,себетке салады.
Қоян: жұмбақ жасырады.(тиін,қоян,түлкі туралы)
_Өзі айлакер өзі қу,
Жүрген жері айқай да шу.( түлкі)
Қоян: -Жарайсыңдар, балалар,сендер жылдам, батыл, тез қимылдап қана қоймайсыңдар,сонымен қатар ақылдысыңдар екен.
Денешынықтыру инструкторы: -Күзде жаңбыр жауа ма? Жаңбырдан бізді не қорғайды? (қолшатыр)келесі ойын «Қолшатырмен жүгіру»,- деп аталады.
«Қолшатырмен жүгіру»-қолға қолшатырды алып орындықтың үстінен жүгіру,шығыршықтан (обруч)шығыршыққа секіру,жүгіріп оралу және қолшатырды келесі балаға беру.
Қоян:-Балалар,жүріңдер «соқыртеке» ойнайық.Санамақ санау арқылы көзін байлайтын баланы таңдау.Орың көзін байлайды,ол балаларды ұстайды.Ұсталынған бала орындыққыа отыру керек.Ойын 3 рет қайталанады.
Күз:-Күз деген ол тек қана көкөністер мен жемістер, әлде жаңбыр жауу емес,балалар.Біз қоян екеуіміз сендерге сыйлық әкелдік.(жеміс толы себетті береді)Ал,енді бізге орманға қайту керек,сау болыңдар,балалар.
Денешынықтыру инструкторы: -Балалар,бізге де,топқа қайту керек.Сау болыңдар.
Балалар бір колоннаға тұрып,музыкамен залдан шығады.
1.Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
2.Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
3.Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді
Алтын астық – алтын тау.
4.Көбейді құт береке –
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке –
Алтын күзді тойлаймыз.