8 Наурыз мерекесіне арнал?ан сценарийі.

-344170-233680Ақжанар Жуманова.
Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Балдәурен»
шағын орталығының ІІ санатты тәрбиешісі.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ақсуат ауылы.
«Ананың жүзі – күлімдеген күн көзі»
ертеңгілік сценарийі.
Мақсаты: Балалардың анаға деген жылылығын сезінуге, ұғына білуге, осы ыстық сезімді мерекеде ән мен тақпақ және би арқылы жеткізе білуге талпындыру.
Жүргізуші: Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге ,тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Құрметті аналар, әжелер, апалар, ұстаздар! Баршаңызды 8 наурыз халықаралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 
Көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау болсын!
Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән – маржанын шашайық.
Аяулы аналарға арнап «Балдәурен» шағын орталығының «Ботақан» бүлдіршіндері дайындаған «Ананың жүзі – күлімдеген күн көзі» атты мерекелік концертімізді қабыл алыңыздар!
Залға музыка әуенімен балалар кіреді.
Ән: «Құттықтаймын, мама»
 Алдарыңызда «Ботақан » тобының бір топ бишілері
«Ха-фа-на-на» биін сыйға тартады. Қошеметпен қарсы алайық!
Залға үнтаспадан құстардың үні шығып жатырған
музыкалық әуенмен Көктем кіреді.
Жүргізуші: Міне, балалар, бізге көктем де келіп жетті.
Ару көктем: Сәлем, сәлем, балақайлар!
Әзиз әже, назды апатайлар!
Мол шуақты ала келдім.
Қуаныңдар, алақайлап!
Құстар әнін ала келдім
Жерге кілем жаба келдім,
Жан бітіріп табиғатқа,
Әсем әнге сала келдім.
Жүргізуші: Қош келдің ару көктем,
Күннің нұрын алып келген!
Ару көктем біз сені асыға күттік.
Ару көктем: - балалар көктемнің алғашқы айы қалай аталады?
Балалар: - Наурыз айы.
Ару көктем: - Балалар мына сендердің тойлап жатырған «Аналар мерекесі» менің алғашқы мерекем, одан кейін «Наурыз» мерекесі келеді.
Балалар аяулы аналарға ,әжелерге арналған қандай тақпақ-өлеңдер білесіңдер?
Жүргізуші: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түнгі ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
Бүгін Наурыздың сегізі,Сұлулықтың негізі.Әдемі сөз,Адамның анаға айтар лебізі.- Ендеше, қазір балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.
Аяулым:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Мадина:
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Алмаз:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтықтаймыз мейрамыңмен,
Аяулы біздің аналар
Нариман:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Зейнеп:
Алақаны ақ самал,
Мәпелегенжан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
Ержан: Әлпештеген аялаған, Ақ сүт берген апатайым.Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын.
Айкөркем:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Санжар:
Құр пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің-өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Назар:
Много мам на белом свете,
Всей душой их любят дети.
Только мама есть одна,
Всех дороже мне она,
Кто она: Отвечу я:
Это мамочка моя.
Меирман:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай,сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Алимжан:
Балалардың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Рахман:
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Милана:
Таусылмайды өлеңі,Күнде айтып береді.Барған сайын қонаққа,Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,Өте жақсы көреді.
Айша:
Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім алып келді.
Қуанышты күнде енді,
Құттықтаймын сіздерді.
Танат:
Өскенде мен енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Бекжан:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтықтаймыз мейрамыңмен,
Аяулы біздің аналар.
Жансая:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Айару:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Ару көктем: -Жарайсыңдар балалар.
- Балалар, мен де бұл мерекеге құр қол келген жоқпын. Менің де сендерге әкелген сыйым бар. Қазір біз «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнайық.
Ойын: «Күн мен жаңбыр».
Биші қыздарымыздың орындауында
Би: «Ғажайып гүлдер»
Көрініс: «Үш ана»
Би: «Балапан»
Ортаға сүйкімді балапандарымызды шақырайық.
Ербалдарымыздың орындауында
«Моряк» биін қабыл алыңыздар.
Көктем: Балалар сендер сондай өнерлі екенсіңдер.Әрқашанда аналарыңмен бақытты болыңыздар. Менің жол жүретін уақытым да келіп қалды. Сау болыңыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын,аналар мен әжелер! (залдан шығып кетеді)
Ән: Бүлдіршіндер қолдарына жүрек шарды ұстап тұрып«Аяулы анашым»
әнін шырқайды.
Жүргізуші: Құрметті аналар, әжелер, апалар, ұстаздар!
Осымен , 8 наурыз мейрамына арналған шағын концертіміз аяқталды. Мереке мәңгілік болсын.Бүлдіршіндеріңіздің сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрқашан аман болыңыздар!
-1689871782925
«Ананың жүзі – күлімдеген күн көзі»
ертеңгілік сценарийі.
Мақсаты: Балалардың анаға деген жылылығын сезінуге, ұғына білуге, осы ыстық сезімді мерекеде ән мен тақпақ және би арқылы жеткізе білуге талпындыру.
Жүргізуші: Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге ,тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Құрметті аналар, әжелер, апалар, ұстаздар! Баршаңызды 8 наурыз халықаралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 
Көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау болсын!
Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән – маржанын шашайық.
Аяулы аналарға арнап «Балдәурен» шағын орталығының «Ботақан» аралас кіші тобы мен «Балапан» ортаңғы тобының бүлдіршіндері дайындаған «Ананың жүзі – күлімдеген күн көзі» атты мерекелік концертімізді қабыл алыңыздар!
Залға музыка әуенімен балалар кіреді.
Ән: «Құттықтаймын, мама»
 Алдарыңызда «Ботақан » тобының бір топ биші қыздары
«Ғажайып гүлдер» биін сыйға тартады. Қошеметпен қарсы алайық!
Залға үнтаспадан құстардың үні шығып жатырған
музыкалық әуенмен Көктем кіреді.
Жүргізуші: Міне, балалар, бізге көктем де келіп жетті.
Ару көктем: Сәлем, сәлем, балақайлар!
Әзиз әже, назды апатайлар!
Мол шуақты ала келдім.
Қуаныңдар, алақайлап!
Құстар әнін ала келдім
Жерге кілем жаба келдім,
Жан бітіріп табиғатқа,
Әсем әнге сала келдім.
Жүргізуші: Қош келдің ару көктем,
Күннің нұрын алып келген!
-Ару көктем біз сені асыға күттік.
Ару көктем: - балалар көктемнің алғашқы айы қалай аталады?
Балалар: - Наурыз айы.
Ару көктем: - Балалар мына сендердің тойлап жатырған «Аналар мерекесі» менің алғашқы мерекем, одан кейін «Наурыз» мерекесі келеді.
Балалар аяулы аналарға ,әжелерге арналған қандай тақпақ-өлеңдер білесіңдер?
Жүргізуші: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түнгі ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
Жүргізуші:
Бүгін Наурыздың сегізі,Сұлулықтың негізі.Әдемі сөз,Адамның анаға айтар лебізі.- Ендеше, қазір балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.
Ельназ:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Жансая:
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Мунира:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтықтаймыз мейрамыңмен,
Аяулы біздің аналарМирас:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Манас:
Алақаны ақ самал,
Мәпелегенжан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
Алихан: Әлпештеген аялаған, Ақ сүт берген апатайым.Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын.
Нур:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Айсезім:
Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің-өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Камиль:
Много мам на белом свете,
Всей душой их любят дети.
Только мама есть одна,
Всех дороже мне она,
Кто она: Отвечу я:
Это мамочка моя.
Алдияр:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай,сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Інжу:
Балалардың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Жарқынай:
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Айназ:
Таусылмайды өлеңі,Күнде айтып береді.Барған сайын қонаққа,Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,Өте жақсы көреді.
Замира:
Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім алып келді.
Қуанышты күнде енді,
Құттықтаймын сіздерді.
Еркебулан:
Өскенде мен енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Самир:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Айсана:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Ару көктем: -Жарайсыңдар балалар.
- Балалар, мен де бұл мерекеге құр қол келген жоқпын. Менің де сендерге әкелген сыйым бар. Қазір біз «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнайық.
Ойын: «Күн мен жаңбыр».
Би: «Стирка»
«Ботақан» аралас кіші тобының ербалдарын қошеметпен ортаға шақырайық.

«Бабушки старушки» көрінісін тамашалаңыздар.
«Балапан» ортаңғы тобының ұл-қыздарының орындауында «Көктем вальсі» .