Мереке та?ырыбы: «К??ілді старт» эстафеталы? жарыстар


3525437-33094500Мереке тақырыбы:
«Көңілді старт» эстафеталық жарыстар
Мақсаты:Оқушыларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық үрдістер мен адамдық қасиеттерді дамыту.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілігі: Доп, дартс, кедергілер, секірме, гимнастикалық таяқшалар.
«Көңілді старт» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Сөз кезегін оқушыларымызды жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан директор апайға сөз береміз. Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылармен таныс болайық.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасын оқушыларға таныстырып өтіледі.
Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Эстафеталық жарыстар:
Таныстыру кезеңі. (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
«Кім жылдам?». Ойынның шарты: ( Секіртпемен секіру). 
«Жүйрік ат» эстафетасы Ойынның шарты: Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
«Кедергілерден өту» Ойынның шарты: Алда қойылған кедергілерден айналып жүгіріп өту.
«Боулинг». Ойынның шарты: Әр оқушы допты алып, нысанаға дәл тиіп, өз командасына көп ұпай алуы керек.
«Ең мерген». Ойынның шарты: Оқушылар алда тұрған нысанаға дәл тиуі қажет.
. «Доп айналдыру» Ойынның шарты: Әр оқушы қолына гимнастикалық таяқшаны алып, допты алға айналдырады. Кім бірінші допты айналдырып келсе, сол женімпаз болады.
.«Допты нысанаға лақтыру» Ойынның шарты: Әр ойыншы бала доппен жугіріп, допты нысанаға тиуі керек. Кім көп жәңе дәл тисе, сол команда жеңіске жетеді.
Қорытынды сөз. Марапаттау рәсімі.
Қатысушы топтарға рахмет жарияланады.
«Есеп шығару». Ойынның шарты: (оқушылар қаппен секіріп келіп берілген есепті асықпай дұрыстап шығару қажет)
100+200+300=
100+200+300=
100+200+30=
100+200+30 =
100+200+300+200=
100+200+300+200=
«Қаппен секіру» эстафетасы. Ойынның шарты: Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады.
Бірінші адамның аяғында қап, осы қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп барып қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.
1151172821200
2794013307700
504371560300
-12382511293900
-370124082200
-374659579400
5025620265600
5016513144500