Саба?ты? та?ырыбы: К??ілді ?ыс


Ұйымдастырылады оқу іс – әрекеттерінің технологиялық картасы.
«Балапан » бірінші сәбилер тобы.
Білім беру саласы: «Таным» , «Қатынас»
Бөлімдері:Құрастыру ,Тіл дамыту .
Тақырыбы:Көңілді қыс .
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту . Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету . Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау . Табиғатты аялауға ,әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу .
Әдіс –тәсілдері : Әңгімелесу , түсіндіру , сұрақ – жауап , көрсету, ғажайып сәт , ойын.
Көрнекілігі :Суреттер , аққала , ойынға қажетті заттар .
Қостілділік компоненттері: қыс – зима , аққала –снеговик .
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
І кезең -
Мотивациялық- қозғаушылық Балалар, күн суық болса да , біздің жүрегіміз жылы.
Жылулық шеңдерін құрайық :
Ақ пейілді тілекпен ,
Амандасып алайық
Келіп қалған қонақтарды
Сүйіп ,сүйіп алайық. Балаларды жылуымызды жан – жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
ІІ кезең – Ұйымдастырушылық іздеушілік -Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін ,
Коньки, шаңғы тебетін ,
Аққала жасап ойнайтын ,
Қай мезгі деп ойлайсыңдар балалар ?
Жарайсыңдар балалар , қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Ендеше ,боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз ?
Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс – қимылмен көрсетейікші (Балалар іс – қимылмен көрсетеді).
Қандай ойындар ойнайсыңдар ?
Балалар , қыста ауа таза болады . Сондықтан да сендер ауырмау үшін , денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек.
Ойын арқылы денелерің шынығады .
Балалар ,біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
Балалар мынау ненің суреті?
Аққала неден жасалады?
Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік .
Қардың түсі қандай ?
Қар мұздай ма, жылыма?
Аққала неше бөліктен тұрады?
Оның бөліктерінің пішіндері қандай ?
Ғажайып сәт. Осы кезде Ақшақар келеді .
Ақшақар : Сәлеметсіңдер ме балалар ! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім .Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар .
Тәрбиеші : Кел төрлет ,сенің досың туралы айтып отыр едік Балалар ,қонаққа кім келді ?
Ақшақар : Балалар ,мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр .
«Қар жинау »ойыны .
Ойын шарты : Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау .
Тәрбиеші : Жарайсыңдар ,бәрекелді !Балалар ,бізге ақшақарымыз құр келмепті , тапсырмалар алакеліпті .
Ақшақардың 1тапсырма:
Балалар сендерге қыс мезгілі ұнайма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Сергіту сәті
Шынығамыз бәріміз ,
Иіліп, бүгіліп ,денеміз
Қар лақтырып ойнаймыз
Қорықпаймыз аяздан .
2.Тапсырма Кім қыс туралы тақпақ біледі ?
Қыс мезгілі көңілді ,
Аспаннан ақ қар төгілді .
Қар жауғанда топ бала ,
Соқты қардан аққала.
Далада қар борайды ,
Ақ мамыққа орайды
Тәрбиеші : Қане, балалар ойын ойнап жіберейік .
Ақшақарға : аққаланың суретін құрап берейік .
Ойын : «Аққала құрастыру»
Тәрбиеші : Балалар ,енді үйден ата –аналарымызбен жасап әкелген аққаламызды құрастырайық .
Ақшақар : Балалар менің тапсырмаларымды орындадыңдар!
Рахмет ! Балалар ,сендер өте ақылды , өнерлі , тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен ,мен жылы жерде көп тұра алмаймын ,еріпбара жатырған сияқтымын .Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін . Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын ,жаңа жылда кездескенше сау болыңдар .
Балалар : қыс мезгілі.
Қар жауады , аяз болып ,боран соғады .
Балалар қолдарын жоғары көтеріп ,гуілдейді .
Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады .
Алақай ,деп қолдарын көтереді.
Балалар : Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Балалар : жаңа жыл !
Аққала.
Қардан.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді .
Ақ .
Мұздай.
Үш дөңгелектен тұрады .
Дөңгелек .
Ақшақар кіреді .
Ақшақар.
Балалар ойынды қызықтап ойнайды
Жаңа жыл келеді ,шанамен сырғанаймыз , қар жауады , қар лақтырып ойнаймыз.
Қатты аяз болады боран соғады .

Балалар бәрі бірге жасайды.
Балалар тақпақтар айтады .
Әмина
Балалар алдарындағы аққаланың суреттін құрайды .
Балалар ақшақарға саубол дйді .
111 кезең -
Рефлексивті – реттеушілік. Сабақты қорытындылау.
Балалар ,бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік ?
Бізге бүгін қонаққа кімкелді ?
Біз не құрастырдық ?
Балалар ,енді келген қонақтарымзбен қоштасайық .
«Жүректен – жүрекке »
Балдай тәтті баламыз ,
Айтқан тілді аламыз
Ойынменен өседі ,
Көріскенше күн жақсы ,
Сау болыңыз бәріңіз!
Қыс мезгілі
Ақшақар
Аққала құрастырдық
Балалар бәрі бірге айтады тәрбиешімен

Күтілетін нәтиже:
Біеді:Қыс мезгілінің ерекшілігін білу .
Түсінеді: Қысқы ойындарды білдіруге үйрету .
Қолданады: Аққаланы өздері жасап ,көрсетуге тәрбиелеу .