Открытый урок по биологии на тему Ж?рек-?антамырлар ж?йесі тарауы бойынша ?орытындылау 8 класс


Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі С.Бисекенова.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Сыныбы: 8 Пәні: Биология Пән мұғалімі: Хилауова А.
Күні: 21. 05.2016 ж
Сабақтың тақырыбы: Жүрек-қантамырлар жүйесі тарауы бойынша қорытындылау.
Мақсаты: Жүрек-қантамырлар жүйесі тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау. Оқушыларға білуге үйрету, өзара бірлесіп жұмыс жасауға, бірін - бірі және өзін бағалауға үйрету. Оқушыға жүйелі білім беруді дамыту. Оқушыны дәлдікке, алғырлыққа, зеректікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Жүрек-қантамырлар жүйесі тарауы бойынша алған білімдерін әрі дамытады, өзара бірлесіп жұмыс жасау дағдысы қалыптасады, бірін - бірі және өзін бағалауды үйренеді
Түйінді идеясы: Жүрек-қантамырлар жүйесі тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау.
Сабақтың тақырыбы Жүрек-қантамырлар жүйесі тарауы бойынша қорытындылау.
Сілтеме «Биология» оқулығы 8 сынып; Оқулық авторлары: Е.Очкур, Л.Аманжолов, Р .Жұмабаева. Баспасы: Мектеп 2015 ж. Ғаламтор материалдары желі, Power Point, үлестірме материалдар, мұғалімге арналған нұсқаулық,
Негізгі мақсаты Оқушыларды жүрек-қантамырлар жүйесі туралы білдіре отырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру.
Міндеттері Өткен тақырыпты пысықтау;
Алған білімдерін жаңа жағдайларда пайдалана алу, білім дағдыларын бекіту;
Ұғымдарды нақты тұжырымдай алуға, ғылыми биология терминдерді пайдалана алуға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Түйінді идея Күтілетін нәтижелер:
- Алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыдан талдайды;
- негізгі ұғым мен заңдылықтарды меңгереді;
- дәлелді де дәйекті шешімдер қабылдай алады;
Топтық жұмыс нәтижелері:
-Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады;
-Ортақ пікірлерді ортаға салады, түйін жасайды;
-Әрбір оқушы білімін толықтырады.
Ресурстар Слайдтар, кестелер мен суреттер, есептер жинағының перфокарталары, видеороликтер, электрондық оқулық деректемелері, бүктеме, постер, түрлі-түсті маркерлер
Нәтиже: Ақпаратты талдай алуға, салыстыруға, делелдеуге үйренеді
Ұйымшылдыққа, топтаса жұмыс істеуге, өз ойларын еркін айта білуге, бірін-бірі дұрыс тыңдай білуге үйренеді
Өз еңбектерінің нәтижесі үшін жауап бере алуға дағдыланады.
Ұйымдастыру
Амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, жұптық, топтық)
Психологиялық сәт (бір-біріне тілектер айту) 1 мин
«Сәттілік» баспалдағы
Сабақтың эпигрефі:
“Біз жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел-елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі” Н.Ә.Назарбаев.
Қолданылған модульдер Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Уақыт
Топқа бөлу
ООЖТ
«Білу» жүйесі
“Сиқырлы сұрақтар»
СТО, ЖИКСО
Сынып оқушылары түс таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді
І топ: Қызыл түс
ІІ топ: Сары түс
ІІІ. Топ: Жасыл түс
Сұрақ-жауап
Әр тапсырмадан соң ынталандырады, бағалайды.
І топ
1.Жүрек автоматизмі дегеніміз не?
2.Қан қандай қызметтер атқарады?
3.Организмнің ішкі ортасы.
4.Қан плазмасы деген не?
5.Фибриноген дегеніміз не?
ІІ топ:
1.Жүректі қандай ұлпалар құрайды?
2. Қан айналысының үлкен шеңбері қайдан басталады?
3.Артериялық қысым деген не?
4.Жүрек неше бөліктен тұрады?
5.Жүрек қабығы жүрек үшін қандай қызмет атқарады?
ІІІ топ:
1.Эритроциттер қандай қызмет атқарады?
2.Гемофилия ауруы қалай сипатталады?
3.Жүрек жұмысының үш кезеңін ата?
4. Қан айналысының кіші шеңбері қайдан басталады?
5.Қанның тамырларда қозғалу себептері неде?
Оқушылар түс таңдайды
Ұстап алған сұрақтарына жауап береді
Бірін-бірі қолдайды

3 мин
7 мин
«Қолдану» жүйесі
СТО, АКТ
«Кемпірқосақ» әдісі

СТО, АКТ Сенім баспалдағы» «Ой қозғау»
«Кемпірқосақ» әдісі
Сенім баспалдағы» «Ой қозғау»
«Кемпірқосақ» әдісі
Топтық тапсырма:
№1. Қызыл түс тапсырмасы «Мылқау сурет»

№2. Қызғылт түс. Сәйкес сөздерді табу.
№3. Сары түс Биологиялық есеп. (әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)
№4. Жасыл түс. Тест жұмысы
№5. Көгілдір түс. Биологиялық диктант
№ 6. Көк түс .Терминдер кабинеті
№7 Алқызыл түс. «Сиқырлы сандар» Тапсырманы орындайды, бір-бірінің

жұмысын тексереді,
Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды 10 мин
Сергіту сәті
Сергіту сәті : Би
Сынып оқушылары жаттығу жұмысын орындайды. 3 мин
«Талдау» жүйесі
“Талант” баспалдағы.“Қызығушылықты ояту” Топтық жұмыс
І топ: «Адам денсаулығын жақсартудағы біздің қосар үлесіміз» постер қорғау.
ІІ топ: «Адам денсаулығын жақсартудағы біздің қосар үлесіміз» эссе жазу.
ІІІ топ: «Адам денсаулығын жақсартудағы біздің қосар үлесіміз» жарнама.
Топтар топтық тапсырмалар орындайды 10 мин
“Жинақтау” жүйесі
«Сұрақты ұстап ал»

Кері байланыс
Бағалау “Болашақ” баспалдағы
«Қайталау – оқу анасы»
(әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)
Топ мүшелері мен жетекшілерінің бағаларын негізге ала отырып, жиынтық бағалайды
Сыныптасын және өзін өзі бағалайды, бірін-бірі қолдайды
5 мин
«Бағалау парағы» Оқушының аты-жөні---------- Топтың аты---------------
№ Бағалау әдісі «3» ұпайлық жүйе
1. Топ ережесіне бағынуы 2. Сұраққа жауап беруі 3. Жаңа сабаққа қатысуы 4. Өз ойын жетік білдіруі 5. АКТ меңгеруі Үй тапсырмасы § 1-66 оқу, қайталау: §14-15-16. Бағаларын қойғызады 1 мин
Кері байланыс
Стикер Рефлексия “Чемодан, ет тартқыш, себет” Оқушылар өз пікірлерін жазады 1 мин