Сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету та?ырыбында коучинг-сессия жоспары


Капанова Айжан Нурбопановнаның коучинг-сабағының
жоспары
Коучингтің тақырыбы: Топтағы диалогті оқыту. Куммулятивті және зерттеушілік диалогтің маңыздылығы .
Сабақтың мақсаты: Мұғалімдерге диалогтің түрлерін қоланудың маңыздылығын түсіндіру. Диалогтің түрлерін үйрету арқылы оқушылардың қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
Түйінді идеялар: Нәтижесінде мұғалімдер:
Диалог барысындағы баламалы мүмкіндіктер;
Басқа адамның көзқарасы арқылы өз түсінігін тереңдетуге үйренеді;
Диалог барысында тәжірибе жинақатайды;
Тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттері ашылады.
Коучинг-сабағының барысы: 1.Раушан гүлдер мен түймедақ гүлдерінің суреттері арқылы топқа бөлу. Сол гүлдердің ерекшеліктерін адам мінезіне сай мінездеме беру.
2.Топтың атын беру.Топтық ережені еске түсіру.
3.«Шеңбер құру» арқылы тапсырма беру: әр топ шеңбер құрады, бірінші топтың үш адамы екінші топқа үш сөз айтады, ал екінші топ сол сөздерден сөйлемдер құрастырады. Осы ойын керісінше екінші топқа ауысады. Сұрақтар:
-Сіздердің араларыңызда не болды? Қарым-қатынасқа не арқылы түстіңіз?
4. Драмалық жаттығу беру.
«Ақ орамал» мәтінінің видео жазбасын 4 бөліктен бөліп естірту. Әр бөлік сайын 2 минуттық уақыт беру, әр топтың өзіндік ойларын білу, яғни әңгіменің жалғасын ойлап табу. 3-ші бөлімде топ мүшелері өз хаттарын жазып, оқиды, өз ойларын ортаға салады. Содан соң әңгімедегі хат оқылып, салыстырылады. Ары қарайғы оқиға желісіне постер қорғалады, яғни 4-ші бөлімді аяқтаулары керек. Постер қорғалып біткен соң «Ақ орамал» мәтінін мәнерлеп оқу.
Осы мәтін бойынша диалог құрастыру.
Формативті бағалау жасату. (Екі жұлдызша, бір тілек)
5. Кері байланыс жасау.
6. «Гүлдер биі» атты сергіту сәтін өткізу.
7. Диалог түрлеріне қатысты ресурстармен жұмыс жасау. Оқытып талдау. Постер қорғау.
Формативті бағалау жасату. (Екі жұлдызша, бір тілек)
8. Сауалнама арқылы рефлексия жасату. Формативті бағалау жасату. (Екі жұлдызша, бір тілек)
9. Үйренгендерін өз сабақтарында қолдану, бірлесіп сабақ жоспарын жасауды тәжірибелеріне енгізу.