Досты? еліне саяхат та?ырыбында т?рбие са?аты (тренинг саба?)


Тәрбие сағатының тақырыбы:« ДОСТЫҚ еліне саяхат ».
Мақсаты:
Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру.
Түрі : Психологиялық тренинг (Қарым- қатынасты коррекциялау)
Қажет құрал-жабдықтар: плакат, маркер, шеңбер.
Барысы:
І.Келісім шарт.
Оқушылармен тренинг ережелерін қабылдау : ағайды тыңдау, белсене қатысу, өз ойын жасырмай айту , т.б,
II.Амандасу
«Шаттық шеңбері»
Көтеріліп көкке күн,
Күлімдеді маған да,
Күлімдеді саған да,
Нұрын шашып баршаға.
- Балалар ең алдымен біз «ДОС» деген кім, «ДОСТЫҚ» деген не екенін анықтап алайық. Сендер өз ойларынды айтындаршы
III. «Бірлік»
Балалар шеңбер құрып,екі жақ көршілерінің қолын ұстап тұрады. Сол қалпында, жұдырықтарын ашпай шеңбердің ортасынан өту керек.

IV. «Менің досым?»
Балалар өз достары жайында әңгімелейді.
Оқушылар айтқан ойлары тренермен бірге талқыланады.
V. «Шағын лекция»
Енді, мен сендерге Дастан деген баланың басынан кешкен мына оқиғаны айтып берейін , тыңдаңдар.
Бірде Дастан әжесіне қонаққа келді. Аулаға шықса, сол ауланың балалары ойнап жүр екен. Олармен танысқысы келген Дастан , балаларға жақын келіп:
- Салем!Мен Дастанмын. Мен сендермен ойнаймын – деді.
Қалай ойлайсыңдар, балалар ойнайды ма ? Неге ?
- БалаларДастанның өз-өзіне сенімді бұйыра сөйлегенін, менсінбеген түрін ұнатпай онымен достаспады. Ренжіген бала әжесіне келді. Ал, әжесі немересіне өзінің білетін әдеп сақтау құпиясын әңгімелеп берді. «Кеуденді көтерсең, достарыңнан айырыласың ». Бұл оқиға сендердің де естеріңде болсың.
VI. « Мен қолды таңдаймын»
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.
Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады) .
«Тыңдаңыздар . Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыз. Ол қандай ? (кішкентай, нәзік, батыл, суық, т.б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретінің тыңдаңыздар. Енді назарды сол қолға аударып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып, өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір біріне тигенде не сездіңіздер ?»
VII . «Сиқырлы кесе»
Қатысушылар қолдарын тізеге қойып, еркін отырады. Көздерін жұмып, терең және бірқалыпты тыныс алады. (баяу музыка ойнап тұрады)
Көз алдымызға аппақ кеңістікті елестетеміз, барлық зейінімізді соған шоғырландырамыз. Сіз сол кеңістіктен бір кесені көресіз. Оны өзіңізге түске бояңыз. Тағы бір сол кесеге анықтап қараңыз . Енді кесені өзіңізге ұнайтын бір шырынға толтырыңыз . Оның жанына ойша басқа біреудің кесесің, бөтен бір кесені салып көріңіз. Кесе бос. Өз кесеңізден бос кесеге құйыңыз. Жанында тағы бір бос кесе пайда болды. Оған да құйыңыз. Қараңыз, тағы да бос кесе, тағы, тағы....... Бос кеселерге өз кесеңізден құя беріңіз, аямаңыз. Ал енді қз кесеңізге тағы да қараңызшы. Ол тағы да толып тұр! Оған не болды? Неге былай болады?
Егер біз біреуге бірдене берсек, ол бізге қайтып келеді. Адамға жақсылық жасап, оны сыйласақ, бізге де қоршағандар сонын бәрін қайтарады.
VII. Рефлексия.
«Кешірім»
Балалар еркін жүріп, достарынан,ата-аналарына, мұғалімдерден ренжіткені болса кешірім сұрап, құшақтасу керек.