Ашы? т?рбие са?аты Мада?тау мен жазалау (7сынып)


Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалау» тәрбиелік-кеңес алаңы
Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы ата-аналардың пікірін білу, талқыға салу. Бала тәрбиелеу ісінде кездесетін қиындықтар мен жетістіктер туралы сөз ету. Топтық жұмыстар арқылы тәрбиелік-кеңес алаңында бала тәрбиесіне қатысты келелі мәселелер бағытында өз ойларын ортаға салу.
Өткізу әдісі: тәрбиелік-кеңес алаңы
Барысы:
І. Тренинг. «Танысу»
/Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып, өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады. Өмірлік ұстанымын да айтуға болады./
16237614758100
ІІ. Топқа бөлу. Ата-аналарға гүлді открытка ұсынылып, гүл түсі бойынша топқа бөлінеді.
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі 6а және 6б сыныптары ата-аналарының аралығында өтетін «Отбасындағы мадақтау мен жазалау» атты тәрбиелік-кеңес алаңында бала тәрбиесіне қатысты келелі мәселелер бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.
Бала тәрбиесі – игілікті іс. Ал, отбасы – бала тәрбиесінің түп қазығы, алтын ұясы. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінген. Сондықтан да бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы.
41794912956200316039512192000
ІІІ. Ата-аналарға арналған психологиялық-педагогикалық кеңестер.
/Әр топқа кеңестер жазылған парақтар таратылып, ата-аналар пікірі тыңдалады/
Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болады. «Тәрбие ережеден емес, өнегеден тұрады» деген сөзді басшылыққа ала отырып, ата-аналар пікірін тыңдайық.
«Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік қандай деңгейде?» деген заңды сұрақ туындайды.
ІҮ. Топтық жұмыс. Ситуациялық жағдаяттар.
/Әр топ берілген жағдаяттарға ой-пікірін білдіріп, сұрақтарға жауап береді/
І топ.
Мен жанұяда жалғыз бала болдым, сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. Әке-шешем ақшаны беретін болғандықтан, қымбат киімдер кидім, қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола бастадым. Бар нәрсе оңайлықпен келетін болған соң, өмірге жеңіл қарадым.
Қаншама теріс қылықтарым үшін милицияға да түстім. Әр уақытта әкем ақшасының арқасында шығарып алатын еді. Мұның соңы жақсылыққа апармады. Сөйтіп темір тордың ар жағынан бір-ақ шықтым. Бүгін де бар жасаған әрекетіме өкінемін, өмірімді қайтадан бастағым келеді. Кейінгілерге айтарым, теріс қылықтардан аулақ болып, өкінбейтіндей өмір сүріңдер.
Сұрақ:
1. Әңгіме мазмұны бойынша өз пікіріңіз.
2. Әңгіме кейіпкерінің теріс жолға түсуіне кім кінәлі деп санайсыз?
3.Отбасында тәрбиесінде баланы еркін өсіру қажет пе? Бала тәрбиелеу ісіндегі әкенің ролі қандай деп ойлайсыз?
ІІ топ.
Біздің отбасымызда бір күн тыныштық болса ше?... Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Жанжалдың өзі аяқ астынан туындай қалады. Шешем болса маған: «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың да шамалы» деп құлақ етімді жейді. Ал, әкем болса, күні-түні ішкені ішімдік, үйдің берекесін қашырады. Осындай жағдайлардан соң сабақ оқу қайдан болсын?... Ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады, үйден безіп кеткім келеді. Не істерімді де білмеймін...
Сұрақ:
Мұндай жағдайда не айтуға болады?
Әңгімедегі жаны жаралы кейіпкерге қандай ақыл қосуға болады?
Отбасында кейбір ата-аналардың өз баласының әрекетіне көңілі толмай: «Сенің қолыңнан келмейді. Сен бұны жасай алмайсың,» деп жататынын байқап қаламыз. Баланың іс-әрекетіне осындай теріс баға беруге қалай қарайсыз?
ІІІ топ.
Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуіміз де жұмыссыздар қатарындамыз. Оқта-текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп қалып жатады. Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды. Дегенмен де, балаларымызды қатарынан қалдырмай, барамызша асырап, тәрбиелеп келеміз.
196215012916800
8 сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағаным жаныма қатты батады. «Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп, күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы келмейді. Біздің жағдайымыз болса, мынау. Не істеуге болады? Қызымның көңілін қалай ауласам екен? Кеңес берсеңіздер екен.
Сұрақ:
Сіз қандай кеңес берер едіңіз?
Сол ата-ананың орнында болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз?
Отбасында бала тәрбиелеу ісінде кездескен қиындықтар болды ма? Оны қандай жолмен шеше алдыңыз?
Ү. Дискуссиялық карта.
Жоғарыда айтылған әр түрлі әрекеттерді негізге ала отырып, «Баланы жазалау қажет пе?» деген сұрақ туады.
Баланы жазалау қажет пе?
І топ – «Иә» ІІ топ – «Жоқ» ІІІ топ –Сарапшы топ
ҮІ. Бала тәрбиелеу ісіндегі ата-аналар тәжірибесі.
Патрионаттық тәрбие бойынша ата-ана Оспанова Балғаным
Бала тәрбиесі бойынша балабақша тәрбиешісі Шегетова Ақкүміс
Оқылған баяндамаларға ой-пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз.
ҮІІ. Игі тілекпен...
І топ – Отбасы
ІІ топ – Әке мен ана
ІІІ топ – Ұл мен қыз
/берілген сөздерді жүрекке жылы тиетін сөздермен байланыстырып,игі тілек жазу /
ҮІІІ. Ой түйін.
175857836957000 «Бала тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалау» тәрбиелік-кеңес алаңынан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу.
«Алған әсерім...»
Қорытынды.
Тәрбие – кешіктірілсе, кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі. «Баланы беске дейін патшаңдай көтер,он беске дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сыйла» дейді халық даналығы.
Оқушы бойына білім мен тәрбиені ұштастыратын - ұстаз десек, ал ата-ана- өздерінің өмірлік іс-тәжірибесі арқылы тәрбиелік іс-әрекеттерін қалыптастырған баланың бас ұстазы. Жалпы, ұстаз - өз ісінің шебері, білгірі болуы керек. Бала тәрбиесіне қатысты ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Алғабас орта жалпы білім беретін мектебі
«Бала тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалау»
тәрбиелік-кеңес алаңы
/ата-аналармен жұмыс/
Сынып жетекшілері: Хаймулдина Г.М