Саба? та?ырыбы Б?кей ордасында?ы к?терілісті? басталуы


Тақырып:Бөкей ордасындағы көтерілістің басталуы
Мақсаты:
Білімділігі:Бөкей ордасының құрылуы мен ішкі ордадағы көтерілістің шығу себебін түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды От анды сүюге,қайсар да,батыл болуға тәрбиелеу
Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін,жеке қабілеттерін дамыту
Пән аралық байланыс:әдебиет,география
Көрнекілігі:Қазақстан картасы,сурет,плакат
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:тірек-сызба
Сабақтың барысы:
А)Ұйымдастыру кезеңі
Ә) жоспар бойынша жаңа тақырыпты баяндау
1 Бөкей ордасының құрылуы.
2.Бөкей ордасындағы көтерілістің басталуы.
1801 ж 11 наурызда І павелдің жарлығымен Бөкей сұлтанмен 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды.1897 ж Ішкі ордада халықтың саны 207 мыңға жетті.1812 ж Бөкейге хан атағы берілді.Еділ мен Жайықтың арасындаңы Бөкей хандығы 1845 ж дейін өмір сүрді.1815ж Бөкей қайтыс болғанда ұлы Жәңгір 15жаста болғандықтан елді Шығай басқарды.Жәңгір хан астраханда тәрбиеленіп,орыс,араб,парсы тілдерін білді.Ол 1824 ж
Оралда хан деп жарияланды.1827ж патша өкіметінің қолдауымен Нарын құмының батысында Хан ордасы салынды.Хандық кеңес 12 биден тұрды.
Көтерілістің шығу себебі:жердің жетіспеушілігі болды.Юсупов пен Безбородко Каспий теңізі бойындағы құнарлы жерлерді иеленді.
Қазақ шаруалары қымбат бағамен ірі байлардан жерді жалға алды,салықтың ауыртпалығы болды.
МақсатыШаруалар жағдайын біршама жақсарту
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгертті
Көтерілістің қозғаушы күші қарапайым шаруалар болды.Көтеріліске беріш руының старшыны Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік етті.Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий маңына старшын болып тағайындалуы көтерілістің басталуына түрткі болды.1836 жкүзде Б.Құдайбергенұлы серкеш руын щапса,Исатай 270 сарбазымен Б.Құдайберген ауылын шабады.1837 ж басында байбақты руының старшыны Жүніс Жантеліұлы қосылады.Күзде Қ.Бабажанұлының ауылын шапты.1837 ж қазанда 2 мың көтерілісші ханның ордасын жан-жағынан қоршап алды.
1837 ж 15 қарашада Гекке мен Жәңгір ханның біріккен күші Тастөбе деген жерде көтерілісшілерге соққы бердіКөтерілісшілердің рухы түсті.Исатайды қстап,облыстық басқармаға тірідей тапсырғанға 1000 сом ,басын алып келсе 500 сом ақша тігілді.
1837 ж13 желтоқсанда Жаманқала бекінісіне жақын жерде жазалаушылардың тобын бұзыпЖайықтан шығысқа қарай өтіп үлгерді.Сұдлтан Баймағанбет Айшуақ ұлы бастаған қуғыншы отряды көтерілісшілердің соңына түсті.
1838 жкөктемде Елек бойында Ж.Тіленшіұлы ның жасағы,арал-каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды.
Орталық қазақстанда Кенесары Қасымұлы бастағкөтеріліс тарай бастады..
Исатай Хиуа хандығынан бөлініп шыққансұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктірді.Патша үкіметі үшін қиын жағдай қалыптасты.
Үй тапсырмасын сұрау ,бағалау
1.Жаңаелек шекара шебі қашан салынған?
2.1822-1825 ж кімнің басшылығында көтеріліс болды?
3.Жоламан Тіленшіұлы жайлы мәлімет бер?
Жаңа тақырыпты пысықтау
1.Бөкей ордасы орналақан жерді картадан көрсет?
2.Қайсы патшаның рұқсатымен кіші жүз рулары Еділ мен Жайық арасына қоныстанды?
3.Хан кеңесі қай жерге салынды?
Төмендегі сандарды пайдалана тақырыпқа байланысты даталарды тап. 1,2,3,4,5,6,7,8,9
Қорытындылау.
Қазақ халқы отаршыл патша өкіметінің езгісіне қарсы тура алатындарын көрсетті
Үйге тапсырма : Көтеріліс басшылары жайлы кеңінен мәлімет жинау.
Негігі шайқас өткен жерлерді картадан тауып келу