?аза? ханды?ына 550 жыл ашы? саба?


Тақырыбы: Ерлік елге мұра –ұрпаққа аманат.
Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай өткізген ашық тәрбие сағатының жоспары.
Мақсаты: а)Оқушыларға мемлекетіміздің қалыптасуындағы тарихи оқиғалармен және Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.
Ә) Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі :суреттер, нақыл сөздер ,слайдтар
Тәрбие сағатының барысы:Мұғалім тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді.
-Балалар, сендер биылғы жылы қандай атаулы мерекелер болатынын білесідер ме?
-Қане, кім айтады?(балалардың жауабын тыңдап, өзім толықтырамын)
Қазақ хандығының құрылуы, қазіргі Қазақстан аумағы мен оған шекаралас 14-15 ғасырлардағы аймақтардағы күрделі этносаяси, әлеументтік экономикалық және этномәдени процестердің нәтижесі болып табылады.Бұл жағдайдың басты нәтижесі Ақ Орда, Монғолстан, Ноғааай ордасы, Сібір хандығы біртұтас саяси бірлестік жолында бірігуіне әкеліп қазақ халқаның қалыптпасуының аяқталуына әкеледі. 15-ғасырдың аяғында (60-жылдары) сұлтандар билігі нығая түседі. Өздеріне тән белгілер- билер соты, салық жүйесі аумақтық шекаралар белгіленді.Сығанақ қаласы билеушілер ордасы, хандықтың астанасына айналды.Мұғалім: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл./Қ. Р. Гимні орындалады./
-Балалар, сендер биылғы жылы қандай атаулы мерекелер болатынын білесідер ме?
-Қане, кім айтады?(балалардың жауабын тыңдап, өзім толықтырамын)Гүлмарал: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Ақпейіл:1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасы жерінде қазақ хандығының туын тігіп, Орда құруы ең алдымен , көшпенді қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзнге асырды.
Айбар: 15-ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын.
Аружан: Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету 15-ғасырдың 70-80 жылдары алдымен , Жәнібек пен Керейдіңеңбегі зор.
Ағжан: Орта Сырөңір қалалары ерте кезеңдерден экономикалық, саяси, рухани орталық міндетін атқарып келді.Ерназ:Рухы мен тілін жанындай сүйген,Адамдар неге санаулы?Ұлт үшін дәуір отына күйген,Аталар болды алаулы.Армандай асқар,Жолдарға бастар,Ісіңнен ұрпақ от алар.Қалмайсың көштен,Шықпайсың естен,Тағдыры шыншыл аталар.Айбар:Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.Айбек:Жолыңды Алла қолдасын,Жаманшылық болмасын.Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.Барған жерде құшақ жая қарсы алсынЖақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.Жалпақ емес, жақсы жермен танысқынАлла жебеп ұшқан құспен жарысқын,Көңілің шат, ат - көлігің арымай,Отбасыңмен аман - есен табысқын.-деп үлкендерден жорыққа шығарда бата алған.Айбек:1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.Таңшолпан:Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.Оқушы:Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Дана:Ғасырдың құрдасы,Ақындар жырлаған,Көненің сырласыТарихты тыңдаған.Шежіре шертеді,Көшесі, әр тасы,Ғажайып ертеңі,Жетісу алқасы.
Нағарашы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерлік елге мұра- ұрпаққа аманат.
(Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай өткізген
ашық тәрбие сағатының жоспары)
Табылдиева Г.М.
3а сынып