А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? о?у – танымды? белсенділігін арттыру


Ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқу – танымдық белсенділігін арттыру Мақсаты: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». Ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтері арқылы оқыту.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын ,ынтасын арттыруында болып табылады.Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі.Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып,сол тілді білуге қызығады.Оқушының шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойындар:а) мазмұны бойынша: шығармашылық ойындар, білімді үйрену жаңа тәжірибелер мен әдістерді қалыпсыз іс-әрекетке қолдану, зерттеушілікке байланысты ізденіс елестету және ізденіспен байланысты;ә) түрі бойынша: сюжетті, ролдік, орталықтанған, ақыл-ойды қажет ететін, компьютерлік;б) ойынға қатынасушылардың ұйымдастыру формасына байланысты: жеке, екі адамдық, топтық, көпшілік;в) әсер ету орнына байланысты: ойын алаңындағы, столдағы, эстрадалы, сценадағы, залдағы, үйдегі ойындар т.б Сабақ барысында қолданылатын ойындар:1. Мәтіннен өз орныңды тап.2. Мәтінді өз ойыңмен аяқта3. Пародия/ операСын тұрғысынан ойлау жобасындағы кейбір кезеңдерін қолдануға болады:1. Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.  2. “Бес жолды өлең”, “Т кестесі” «Шығармашылық тапсырма» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.  Ой қозғау:Good Morning!Hello!I Love you. Oh! Yes. No. Come here. Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.Нәтиже1. Әр оқушының шығармашылығы артады.2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады3. Оқушының жеке қабілеті анықталады4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады. Назарларыңызға рахмет!