?аза?стан тарихынан саба? жоспары Т?рік ?а?анаты 7-класс


7 сыныпТақырыбы: §1. Түрік қағанаты (552-603жж.)
Мақсаты:
Білімділік: Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырау себебі, шаруашылығы мен мәдени өміріндегі ерекшеліктермен таныстыру, жан - жақты білім беру;
Дамытушылық: 6-сыныпта алған білімдерін дамыту, тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға үйрету, тарихи оқиғаларды қорытындылауға дағдыландыру
Тәрбиелік:
Оқушылардың ел тарихына сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: көрнекі сабақСабақ әдісі: сұрақ - жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс.Сабақ көрнекілігі: оқулық, карта, тест, сөздіктер жинағыСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Жоспары:1. Түрік қағанатының құрылуы, жер аумағы.2. Халқы.3. Шаруашылығы.4. Мәдениеті.5. Түрік қағанатының ыдырауы.
(Түрік қағанаты туралы электронды оқулықтан үзінді көрсетіледі)
Жер аумағы
Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатыр.
Оңтүстік - шығысында Қытаймен, оңтүстік – батысында парсы еліміен
шектеседі.
192024048895 Картамен түсіндіру
2. Халқының этникалық құрамы:
Түркі тілдес халық
Басым көбі – теле (тирек) тайпасы
30 астам теле тайпасы Қырғыз, оғыз, ұйғыр,дулу, үйсін т.б
Саяси жағдайы.
Жылдар сөйлейді:
545ж- Қытаймен бейбіт келісім
552ж- Жужан қағаны Бумыннан жеңілді
552-554жж –Мұқан қаған кезінде жужандар толық жеңілді
555ж- түріктер Арал теңізіне дейін жетті
563-567жж- эфталитеттерді жаулап алды
570-580жж –Түрік қағанатының шығыстағы ықпалы күшейді.
VІғ. 70ж – Түрік қағанаты иелігі Солтүстік Кавказ бен Қара
теңізге дейін ұлғайды.
3434715203200396240171450


Бумын қаған Иштеми қаған
Түрік қағанатының елханы, қолбасшысы. Соғды жерін жаулап алды.
kk.wikipedia.org/wiki/Түрік_қағанаты атты бейне материал көрсетіледі.

603ж
Түрік қағанаттарының ыдырау себептері

Әулет арасындағы билік үшін талас
2 бөлінді

Батыс
Шығыс
Жаулап алған елдердің тәуелсіздік күресі

Қытай т.б. елдердің шабуылы


Шаруашылығы
Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы;
Қыстаулары: Іле, Талас, Ертіс, Сырдария өзені бойындағы оты, суы мол жерлер;
Төрт түлік мал өсірді.
Ірі өзен бойларында жер өңдеу кәсібімен айналысты.
Мәдениеті.
Баспанасы: киіз үй – ыңғайлы, қыста – жеркепелер, ағаштан, тастан, қамыстан жасалған тұрақ – жайлар.
Жылқы –басты көлік
Ат әбзелдері түрлері өте көп.
Ауыздық, жүген, үзеңгі, кісен, ертоқым, таға
266319014287539624066675
Жерлеу рәсімі кезеңдері.
Кезеңдер


Кейінгі кезең:
Мәйітті тірі кезінде қолданған заттарымен бірге көму
Алғашқы кезең:
Мәйітті отқа өртеп, күлін қою


О дүниеде өмір бар деген наным
Отқа табынушылық

Жаңа тақырыпты бекіту.
І тапсырма. Есіңе түсір, кестені толтыру.
Қашан? Қайда? Кім? Не болды?
552-603жж Алтайдан Каспий теңізі аралығы Түрік қағанаты құрылды
545 ж Түрік қағаны
Қытаймен бейбіт байланыс орнатты
563-567 жж. түріктер
Эфталиттерді жаулап алды
ІІтапсырма. Сыйқырлы сандық (13 слайд)
Ерте орта ғасырда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекетті ата?
Қытай шежіресі бойынша түрік сөзінің мағынасы қандай?
552ж. Жужан қағаны Анағұйды жеңген кім?
Жужандар Түрік қағанатынан кім кезінде толық жеңілді?
563-567жж. Түріктер қай елді жаулап алды?
Түріктердің алғашқы жерлеу рәсімі.
Түрік қағанатында 581ж болған оқиға?
Түрік қағанаты екіге бөлінген жыл.
Түрік қағанатының негізгі шаруашылығын ата?
Бағалау.