?орша?ан ортамен танысу саба? жоспары Киіз ?й жабды?тары


Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы. сынып жетекші:Галиева Э.М.Мерзімі: 14.02.2017. Білім беру салалары: ӘлеуметБөлімдері: Қоршаған ортамен танысу Тақырыбы: Киіз үйдің жабдықтарыМақсаты: Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын,киіз үй жабдықтары туралы айтып,балалардың еске сақтай білу қабілеттерін дамыту.Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызд сақтауға баулу.
Сөздік жұмыс: абажа,кебеже,әбдіре,асадал,т.б. Қолданылатын көрнекіліктер:.киіз үй макеті,жабдықтары туралы суреттер
Әрекет кезеңдері Жетекшінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ынталандыру,сезімді ояту.
. - Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл – күйде бір - бірімізге тілегі- мізді айтайық! Бір - бірімізге күлкімізді сыйлайық!
Санамақ айту.Бір дегенім – бақан,Ағашты шапқан атам.Екі дегенім – есік,Көздері бар тесік.Үш дегенім – үзік,Дөдеге басқан тізіп.Төрт дегенім – түндік,Түндікті оңнан түрдік.Бес дегенім – басқұр,Кереге басын бастыр. Шаттық шеңберіҚане, қане, тұрайық,Үлкен шеңбер құрайық.Тұрсақ енді шеңберге,Алақанды ұрайық.Оң жақтағы балаға,Сол жақтағы балаға,Шапалақта шапалақ. (2 рет)
Санамақ айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру,ізденіс жүргізу
Сұрақ – жауап.- Біз не туралы санамақ айттық?- Киіз үй жабдықтарын айтайық -шы.- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Киіз үй – кереге, уық, шаңырақтан – тұрады.- Оларды бір сөзбен не деп атайды?Кереге-киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі.Шаңырақ-киіз үйдің уықтарын біріктіріп,еңсесін көтеріп, тұтас -тырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.Уық-кереге мен шаңырақтың арасын ұстап,қосып тұратын сырық.Киіз есік-сықырлауықты жауып,шаңырақ арқылы өткізіп байланады.Киіз есіктің сырты киіз,ортасы ши,астары жарғақ теріден жасалады.Үй жиһаздары:Абажа-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі.Ағаштан жасалып, киізбен, былға -рымен қапталған.Кебеже-сұр ет,құрт,шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнек теген үй жиһазы.Төсеніштер:Алаша,киіз,сырмақ.Сергіту сәті.Көтеріліп шаңырақ,Уықтары шаншылар.Керегелер керіліп,Өрімдей бопөрілер.Бәріміз жүрсек айналып,Киіз үй боп көрінер.2.Дәптерден киіз үй сүйектерін тапқыздырады. Сұрақтарға жауап береді.
Киіз үй бөліктерін атайды,оларды қайда орналасатынын сызып көрсетеді.Киіз үйді бояйды.Жолаушының киіз үйге баратын жолын тауып,сызып көрсетеді.
Үй жиһаздарымен танысады.
Қимылмен көрсетеді.
Қорытындылау,бағалау.
Сұрақ-жауап,көрнекілік әдістері арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілген нәтиже.киіз үй жабдықтарын білу.Білуі керек:   киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.Түсінігі:. Киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.Істей білуі керек: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.Тексердім:___________________________