Саба?ты? та?ырыбы: Сын есімні? шырайлары 6-класс


6-класс
Сабақ тақырыбы:Сын есімнің шырайлары
Сабақ мақсаты: Сын есім шырайлары туралы түсінік
Білімділік:оқушыларға сын есім шырайларының жасалу жолдары туралы білімін толықтыру.
Тәрбиелік:туған жерін,Отанын сүюге,патриоттыққа,адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
Дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын көбейту.
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақ әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,морфологиялық әдіс,кубизм технологиясы,миға шабуыл әдісі,психологиялық тренинг
Көрнекіліктер:кітаптар,кеспе қағаздар,суреттер,бағалау парақтары
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
а/психологиялық дайындық
ой қозғау: Нені біліп шығу керек?
Ой толғау:Нені білгіміз келеді?
Ой қорыту: Нені білу керек?
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.\Әрі қарай өткен сабаққа шолу жүргізіп,жаңа сабағымды бастаймын.\
Сабақ эпиграфы: «Қазақтың ұлттық тұтастануы үшін табан тірейтін негізгі тұғыр – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамыту ... Дауға салса – алмастай қиған,сезімге салса– қырандай қалқыған,өмірдің кез-келген орайында әрі қару,әрі мәңгі жас ,отты да ойнақы Ана тілінен артық бұ дүниеде қымбат не бар екен? »
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» кітабынан үзінді
Психология тренингі
Бет суреттер


Өте жақсы жақсы орташа
Балалар ,тақтада адамның бет уреттері берілген.Әр оқушы өз көңіліне ұқсас суретті тауып мына қағазға суретін салып, сабақ соңында оқушылардың сабақ басталғандағы көңіл-күйін байқаймыз.
ІІ Жаңа сабақ.
1.Миға шабуыл әдісі
1 минут топпен,1 минут жұппен жұмыс.Сын есімнің шырайлары туралы сұрақтар қойып,оқушыларды сабаққа дайындап аламын.
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. 
Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді.
 Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.
Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған.
Сын есімнің шырайларын түрлері
Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.
2-1 Морфологиялық әдіспен сын есімнің шырайларына арналған тапсырмалар орындаймыз. Слайдпен көрсетемін.
3-2 Кубизм технологиясы. Жаңа сабақты қалай түсінгенін байқау. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.Кубиктің алты жағы бар.
1.Суреттеп беріңіз.Сын есімнің шырайлары туралы айтады.
2.Салыстырыңыз.\5 минут\Шырайларды бір-бірімен салыстырады.
3.Зерттеңіз. \4 минут\ Жалпы оқушылардың сын есім шырайлары туралы не білетінін байқаймыз.
4.Қолданыңыз. \мысал келтіреді\
4-3 Сергіту сәті.
Үйге тапсырма: сын есімнің шырайлары туралы түсінік. Сын есім шырайларын қатыстырып, 5 сөйлем құра.