Урок по казахскому языку Шешенге ?ойылатын талаптар


Күні:26.01.2017ж Мектеп:№20 жалпы орта мектебі
Сыныб.ы:11 «а» Мұғалімнің аты-жөні:Ж.Стамкулова
Сабақтың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар
Оқу мақсаты: Шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту, бос сөден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар :
Шешендік өнер туралы біледі.
Оқушылардың көпшілігі:
Шешенге қойылатын талаптар туралы әңгімелей алады.
Кейбір оқушылар:
Шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып, талдай біледі.
Жетістік критерийлері: Шешенге қойылатын талаптар туралы біледі, түсінеді, таниды, тірек сөздерді қолдана алады, әңгімелейді.
Тілдік мақсат: Жаңа сөздерді меңгерту.
Антикалық дәуір, шешендік нәтиже, үш арна, шешеннің қалыптасуы, ой-пікірлер, ұлы өнер, оратор, шешенге қойылатын талаптар
Құндылықтарды дарыту: Шешенге қойылатын талаптар тақырыбында дұрыс түсіну, талаптарды үйрену арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс: Тарих , география, бейнелеу өнері, халық ауыз әдебиеті .
АКТ қолдану дағдылары: Оқушыларға слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру, бәйтеректің суреттерімен таныстыру, бейне роликтер көрсету, интернет мәліметтері арқылы таныстыру.
Алдыңғы оқу: Шешендік сөздің түрлері,
Бастапқы білім: Шешенге қойылатын талаптар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет:
Ресурстар:
Ұйымдастыру кезеңдері: Сынып оқушыларын үш бидің сөздері арқылы топтастырып, реттелу арқылы бөлу. Төле би, Қазыбек би , Әйтеке би
Сабақтың басы:
№1 жұмыс. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Карта» ойыны арқылы әр топ оқушылары тапсырмаларды орындайды.
1.Шешендік өнердің тарихы
2.Әлеуметтік –тұрмыстық шешендік сөз
3. Әлеуметтік – саяси шешендік сөз
4.Академиялық шешендік сөз
5.Соттағы шешендік сөз
6.Діни (уағыз) шешендік сөз «Карта» ойыны
Сергіту сәті Оқушылардың барлығы балық аулайды, бірақ «Алтын балықты » аулаған оқушыға тапсырма беріледі.
Сынып ішіндегі өзіне ұнаған суретті таңдайды. Сурет туралы әңімелейді. Оқушыларға осы тұста оқушы әңгімелеу барысында неге қиналғандығы туралы пікір алмасамыз.
1.Не себепті біз суырылып , шешен сөйлей алмаймыз?
Себебі шешенге қойылатын талаптарды біле бермейміз. «Алтын балық» ойыны
«Әдемі сурет» ойыны
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бейне ролик .
Шешенге қойылатын талаптар.
Кез-келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өйткені өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. Тіпті білімдар , қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді аты белгілі заманымыздағы танитын көз таныс адамдарда сөйлеуден қысылады. Бұған себеп оқушылар:
1.Адам әр уақытта өзіне сену керек.
2.Көп кітап оқу керек.
3.Нақыл сөздерді көбірек жаттау керек.
4.Көпшілік ортада сөйлеп үйрену керек.
5.Сөйлейтін сөздердің мағынасына үңілу керек.
6.Көпшілік ортада сөз әдептерін , бет-жүз құбылыстарын дұрыс ұстап, қолдану керек. Артық болмас білгенің
Сабақтың ортасы:
Оқулықпен жұмыс Оқушыларға жаңа сабақты түсіну үшін оқулықтан тапсырмалар бөлініп беріледі.
1-топ. §15. Шешендікті білім жүйесінің бір бөлімі ретінде тану.
2-топ. §15. Шешендік- ұлы өнер.
3-топ. §15. Шешенге қойылатын талаптар.
«Санаға сапар» ойыны
Сабақтың соңы: 1.ҰБТ-ға дайындық
Оқушыларға «Жалпы тіл білімі» туралы мәлімет білетін болса , автобусқа отыру ұсынылады.
Автобус 5 аялдама бойынша тоқтайды. Әр аялдамаға келгенде оқушыларға аялдама аты көрсетіліп отырылады. Оқушылар әр көрсетілген тіл білімінің саласына лайықты 4 сөзден айтып, автобустан түсе алады.
2.Үш топқа бір шешендік сөзден құралған әңгіме жасырылады.
«Би ағаның жігіттерді сынауы» «Автобус» ойыны. Жеке оқушымен жұмыс.

«Сіз қалай сөйлер едіңіз?» әдісі
Қорытынды: Сіз қалай сөйлер едіңіз?
Үш топқа тапсырма беріледі.
Шешенге талап қою керек пе?
Оқушылар өз ойларын айтып шығады.
Эссе түрінде де жазса болады.
Үй тапсырмасы: 1.«Туған жерім-Түркістан» туралы әңгімелеу.
2.24-жаттығу. Өз ойларын ашық айтуға жағдай туғызу. Әр тапсырмаға оқушылар өз үлестерін қосады. Сабақ бойынша рефлексия.
Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?
Сабақ кезеңдері сақталды ма? «Дейін-кейін» кестесі.

Жалпы баға :
1.Сабақтың қай аспектісі қоыту мен оқу барысында жақсы өтті?
2.Оқыту мен оқу барысында қай екі әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?
3.Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім?
4.Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетті?