Бастауыш сынып о?ушыларыны? жазбаша талдау ж?мыстарын д?рыс ме?герту ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту жолдары



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН САУАТТЫ ОРЫНДАЙ БІЛУІН МЕҢГЕРТЕ ОТЫРЫП ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Каспахбаева Айнур Сапаралыкызы
«Жеңіс» негізгі орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы
Әрбір ұстаздың міндеті - білім сапасын көтеру,сабақты тиімді тәсілдермен түрлендіріп өткізе отырып, баланың қызығушылығын арттыру.
Қазіргі заман талабы білім мен техниканың байланысты жүйелілігін меңгерту, оқушыға саналы да сапалы терең білім беру аса жауапкершілікті қажет етеді. Қазіргі өркендеген Қазақстан кешегіден өзгерген, жарқын болашағы айқындалған, биік тұғырлы еліміздің туын желбіретер ұланын тәрбиелеуді қажет етеді.Еліміз дамыған ел қатарына қосылар уақытта мемлекетіміздің алға қойған ең үлкен мақсаты саналы,тәрбиелі, өз Отанына берік тұлға тәрбиелеу. Кешегі білгенін өмірде пайдалана білу,бүкіл өміріне жететін рухани білім азығын ұтымды қолданысқа енгізе білсе --- бұл білім саласының адами тұлғаның дамуына қосқан үлкен үлесі болар еді. Ұлы ұстаздар жолын жалғастырушы әрбір баланың келешегіне жол ашып беру біздер-ұстаздардың қолында екені даусыз. Әрине «Отан--- отбасынан басталады » --- десек, мектеп тәрбиесі қатар жүретінін алға тартуымыз заңды. Алғашқы қоңырауда 1 сыныпқа келген бүлдіршіндер жанарынан үлкен үміт отын көреміз, сол отты өшіріп алмау әр ұстаздың қолында.Ұстаз--- ұлы тұлға, ұстаздық дәрежеге лайық болу үшін үнемі ізденісте болу керек. Еңбектену керек, іздену, дәстүрлі сабақ үрдісіне жаңалық алып келіп, өз үлесімізді қоса білуіміз қажет. Бүгін де түрлі жаңа технологиялар мен стратегиялар оқушылардың білімін дамыту жолдарын жан-жақты қарастырудағы басты құрал.
Бәсекелестікке даяр тұлға әзірлеу, еліміздің абыройын асқақтатары даусыз.Бастауыш білім беру --- бастапқы білім көзі, алғашқы ұстаз, баспалдақтың алғашқы қадамы.
---- Бала тілі – бал, дегендей 6-7 жастағы балаларды тәрбиелей отырып білімін қалыптастырамыз.Оңды-солын ұға бермеген, қоршаған ортаның қыр-сырын біле бермейтін, ата-анасын ғана пір тұтатын бала алдыңызда отыр.
---- 1 сыныпта мұғалімі түсіндірме жұмыстарына көбірек көңіл бөлуі керек. Мұғалімнің сыншысы да, тілекшісі де бүлдіршіндер. 1 сынып мектепке, бір-біріне, ұстазға жалпы мектеп өміріне үйренуі біраз уақытты қажет етеді. Педогогикалық, психологиялық тұрғыда ұдайы ата-анамен байланыста болу керек. Кейбір ата-аналардың:
---- Балаларымның арқасында көп нәрсені үйрендік, деп айтып жатады.
Шыны керек, қазіргі бағдарлама кейбір ата-аналарға қиындық туғызып отырғанын білеміз. Сондықтан баланың жан-жақты, яғни функционалды дамытуды басты назарға алсақ, өз бетінше үй тапсырмасын орындай білуіне септігін тигізер еді. Сыныптағы әрбір баланың жеке дара қабілеттерін дамыту шығармашылықпен ұштасар еді. Баланың жас ерекшелігін ескеру арқылы, ақыл-ойының ұшқырлығы мен есте сақтауы, көру арқылы немесе жазу арқылы есте сақтау қабілетін дамыту қажет.
Ең алдыменен баланы түрлі ойындар арқылы, жаңа технологиялық оқыту әдістері арқылы қызығушылығын ояту қажет. Баланың сөздік қорын молайту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, көру, жазу арқылы есте сақтау қабілетін 1 сыныптан бастап қалыптастыру үлкен еңбек пен уақытты қажетсінеді. Қиыны мен қызығы қатар жүретін бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауатын ашып,шығармашылыққа бейімдеу керек. Жазба әріптерінің үлгіге сай жазылуына ден қою,естіген сөздерді дұрыс жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ барысында дыбыстардың айтылуындағы өзгерісін іс жүзінде дәлелдеп отыру керек. Мысалы:
А--- дауысты, жуан, кедергісіз, ашық айтылып тұр—дегендей.
Енді осы әріпті өту барысында шығармашылыққа баулуға болады.
Алмада бар,
Өрікте жоқ.
Атамда бар,
Әжемде жоқ.... деп әріп жұмбақ құрастырып бастап беру керек, келер сабақта өздері құрай бастайды.Алғаш 4,5 сабақ үйрену кезеңі болады.
Қазақ тіліндегі әріп саны мен дыбыс санының айырмашылығын міндетті түрде меңгертуіміз керек. 1.Дыбыстар
2.Дауысты, дауыссыз дыбыстар
3. Жуан, жіңішке дыбыстар
4.Қатаң, ұяң, үнді дыбыстар
5.Қосарлама дыбыстар
6.Орыс тілінен енген дыбыстар туралы жан-жақты ұғымды 1 сыныптан бастап үйреткеніміз дұрыс. Әліпбидегі әріптердің орналасу тәртібіне байланысты ойын ойнауға болады. Дұрыс,мазмұнын түсініп оқыған бала диктантты да дұрыс жазған болар еді. Алғаш диктантты жазуды үйрену сатысында оқыған сөздің қанша әріптен тұратынын айтып отыру,алдымен балаларға жазғызу,содан кейін тақтаға жазып тексертіп отырсақ өзіне-өзі есеп беріп дұрыс жазуға дағдыланады. Сөздік диктанттың өзін түрлі әдіспен жазғызуға болады. Суреттерді көрсету арқылы, бірнеше сөздерді жазып 1минуттан кейін өшіріп қойып есінде қалған сөздерді жазғызу,сөйлемді 2рет оқып беріп жазғызып үйретсек есте сақтау қабілеті дами түседі.
Бастауыш сыныпта жазба жұмыстарының күрделісі мазмұндама, эссе,
шығарма жазғызу. Қазақ тіліндегі ережелерді іс жүзінде меңгерген бала
мұндай шығармаларды жазуға қиналмайды. Тақырыпсыз мәтінге тақырып қою,бір мәтінді бірнеше бөлікке бөліп тақырып қою,суретке қарап сөйлем құрастыру,аяқталмаған ойды жалғастыра біліп аяқтауды меңгертсек баланың шығармашылық шеберлігі арта түседі. Қазақ тілі сабақтарында кейбір тапсырмаларды әдебиетпен ұштастыра байланыстырсақ баланың бойында сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры қалыптасады. Әрбір сөзді дұрыс, анық айтып үйренген бала жазба жұмыстарын тиянақты орындайды. Бастауыш сынып болғандықтан ана тілі, дүниетану, бейнелеу, дене шынықтыру, еңбек, математика пәндерімен байланыстыра өтудің маңызы зор. Мысалы: Жеті жастағы Айман мектепке барды. ------ Жеті-сан есім, жеті қарақшы, жеті қазына, жеті ата, жетіген т.б. Сыныптағы оқушылардың сабақты игеру шамасына орай тапсырмаларды күрделендіруге болады, бұл білім деңгейінің артуына септік болар еді.
Мен қазақ тілі сабағында оқушыларға қызықты, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Ойын түрінде, топпен жұмыс, жарыс сабақ, біріге орындау,тест тапсырмалары арқылы білім нәрін жан-жақты меңгертуге тырысамын. Сыныптағы балалардың бір-біріне деген достығына, ұйымшылдығына қатты көңіл бөле отырып ойын түрлерін осы бағытта таңдап аламын. 5 сыныпқа барғанда оқушыға оңай болуы үшін талдау тапсырмаларын үйретуді басты назарда ұстаймын. 5-6 сыныпқа қазақ тілі пәнінен дәріс беретін ұстаздармен пікірлесіп отырамын.
Қорыта келгенде талмай іздеіп, ерінбей еңбектенсең,сабақты жаңа технологиялар арқылы шебер өткізе білсең, оқушыларды жалықтырып алмай тәрбиелей отырып білім берсең, үлкен жетістікке жетеріміз сөзсіз деп сөзімді аятағым келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. С. Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» 2003ж
2. Журнал «Педагогика жаршысы» №3,№4 2010 ж
3. Журнал «12 жылдық білім » №4, 2006 ж
4. Ж Аймауытов «Психология» Алматы. 1995ж