Т?рбие ж?мысыны? есебі ?йірмелер ж?мысыны? тиімділігі


Үйірмелер жұмысының тиімділігі туралы анықтама.
Мақсаты: мектепте жүргізілетін үйірмелердің тиімділігін анықтау.
2014-2015 оқу жылының мектепшілік оқу жоспарына сәйкес қараша айында үйірмелердің жұмысы тексерілді.
Мектепте бастауыш сыныптарға арналған хореография 1-4 сыныптарға, күрес 1-4 сыныптар, 3-4 сынып, 3-4 сыныптарға ағылшын тілі, домбыра, қобыз үйірмелері жүргізіледі.
Хореография- ата-аналардың сұрауы бойынша
Ағылшын тілі – үш тілді үйрену, білу- заман талабы
Күрес- салауатты өмір салтын насихаттау
Домбыра, қобыз – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздеген, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеу.
Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы  маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады.
Күрес- салауатты өмір салтын насихаттау, денесін шынықтыруға дағдылану.
 3-4 сыныптар арасында ағылшын тілі аптасына 1 сағат жүргізіледі. Барлық бала қатысып осы тілге қызығушылығын танытады. Сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізеді.
Оқушылар лингвистикалық жаттығуларды орындап, тілдерін жаттықтырады. Мерекелерде оқушылар өздерінің үйренгендерін ортаға салады.
Домбыра, қобыз үйірмелері- оқушылардың есту қабілеттерін дамытады, өнерге қызығушылықтарын арттырады.
Мектептегі барлық үйірмелер жақсы деңгейде жүргізіледі.
Үйірмелер жұмысының тиімділігі туралы анықтама.
Мақсаты: мектепте жүргізілетін үйірмелердің тиімділігін анықтау.
2014-2015 оқу жылының мектепшілік оқу жоспарына сәйкес қаңтар айында ағылшын тілі үйірмесінің жұмысы тексерілді.
Мектепте 3-4 сыныптарға ағылшын тілі үйірмесі жүргізіледі.
Ағылшын тілі – үш тілді үйрену, білу- заман талабы болғандықтан, ата-аналар сұрауы бойынша біздің мектепте ақырғы 4 жыл жүргізіле басталды.
 3-4 сыныптар арасында ағылшын тілі аптасына 1 сағат жүргізіледі. Барлық бала қатысып осы тілге қызығушылығын танытады. Сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізеді.
Оқушылар лингвистикалық жаттығуларды орындап, тілдерін жаттықтырады. Мерекелерде оқушылар өздерінің үйренгендерін ортаға салады.
Анықтама жазған: Бекишбаева А.А
1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу кеші туралы анықтама.
Мақсаты: 1 сынып оқушыларның әліппемен қоштасу кешінің өткізілу деңгейін анықтау.
2011-2012 оқу жылының мектепшілік жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларның әліппемен қоштасу кешінің өткізілу деңгейі тексерілді.
2011 жылдың 26 желтоқсан күні мектепте 1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу кеші өтті. Сынып жетекші Г.К. Бурунбетова.
Кешті екі жүргізуші бастады Қайратова Аяулым және Уразбаев Бексултан.
Қонаққа Әліппе (4А сынып оқушысы Азатқызы Айзат), Ана тілі (4А сынып оқушысы -Сағиева Сая) келді.Оқушылар тақпақ айтып, Әліппеге арнап ән айтып, би биледі.
Мұғалім оқушылардың білімдерін тексеру мақсатымен әр түрлі сұрақтар қойып, логикалық қабілеттерін тексерді.
Кеш соңында Әліппе балаларға бата беріп, өз тілектерін айтты.
Анықтама жазған Исина С.К.