Работа исследования: «Д?ст?рлі ?скери ?ару-жара? атаулары ж?йесі ж?не онда?ы ежелгі д?ниетаным к?рінісі


№228 орта мектебіЗерттеу жұмысыДӘСТҮРЛІ ӘСКЕРИ ҚАРУ-ЖАРАҚ АТАУЛАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕТАНЫМ КӨРІНІСІМұғалімі: Тухлибаев Ә Әскери құралдардың жалпы атауларының қолданысқа және этномәдени қызметіне байланысты жіктелуі Қазақ жауынгерлерінің кәсіптік әскери қүралдары — олардың қару-жарағы. Әскери құралдарды белгілейтін осы «-қару-жарак,» қос сөзі бүгінде түрақты қолданыста болғанмен, оның толық мағынасы дұрыс түсінілмей, ғылыми әдебиеттерде көбіне қару магынасында ғана пайдаланылып жүр. Бүл қос сөздің қүрамындағы «қару» сөзі әскери іске байланысты қолданылғанда, қолға ұстап қолданылатын шабуыл құралдарының жалпы атауы болады. Қазақ тілінде «қол» деген мағынаны білдіретін «қар» түбір сөзінен туындаған «қару» сөзі қолға үстайтын құрал деген мағынаны білдіреді, орыс тіліндегі «орудие», «оружие» терминінің мәніне сәйкес. Ал «жарақ» сөзі де осы күнгі қару сөзінің синонимі ретінде қолданылғанмен, шын мәнінде, оның мағынасы мүлде басқа. Махмүт Қашқари сөздігіне сүйенсек, «йарық» (жарақ) сөзі — түркі тілінде жауынгерлердің қарудан қорғану үшін шайқасқа киіп шығатын темір сауыттардың, қалқандардың ортақ атауы. [213, 25 6]. Көне түркі жазбаларында «йарашығ, йараілыі ер» — жарақты ер, денесіне қорғаныс сауыт киген ер дегенді білдіреді. Иарықланды — жарақтанды — сауыт киінді [8, 71,120,272 б; 214, 162 6]. А.З.Будагов сөздігінде де «ярак» сөзінің түрік, шағатай тіліндегі мағынасы — жауынгерлік сауыт [77, с. 354]. Орта ғасырдағы қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс куманикуста» да «йарык» сөзі жауынгерлік сауыт мағынасын білдіреді. Орыс жылнамаларында да қыпшақтардың (половецтердің) сауыт-дулығалары, ягни қорғаныс қүралдары «ярыки (ярыци)» деп аталады, орыстың ескі тілінде де көшпелі түркі халықтарының тілінен ауысқан осы түркі сөзі «ярык» темір сауыт мағынасында қолданылып келді [330, с. 440]. Ортағасырлық түркі тіліндегі жазба тарихи әдебиеттерде де «йарақ, жарақ» сөзі корғаныс құралын мағыналайды. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде, батырлар жырында да жарак сөзі қорғаныс құралының жалпы атауы ретінде қару сөзінен шыққан. Қару менен жарағың, Жерге шеш те, қой — деді. «Сүйінші». Алып кел мүнда, Шораның Қару менен жарағын. «Шора» [195, 223,373 6]. Бүл үзінділерде «жарақ» пен «қару» сөздері екі бөлек заттың атаулары ретінде жекеден қолданылып түр. Қазақ тілінде қос сөздердің компоненттері қашанда қызметі екі бөлек, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты заттарды мағыналап, қос сөздің өзі оларды түгел қамтитын жалпы атау болып қалыптасқан. Мысалы, «құрал-жабдық», «ер-тұрман» деген сияқты. Бүл заңдылықты қару-жарақ атауының синонимі саналатын «сауыт-сайман» қос сөзінен де көруге болады. Мүнда «сауыт» сөзі денеге киілетін қорғаныс қүралының атауы да, «сайман» қолға ұстап қолданылатын құралды белгілейтін сөз болғандықтан, қарудың синонимі ретінде қолданылған. Сауытын алды киініп, Саймандарын сайланып, Әбден алды түйініп. «Алпамыс батыр». Мүнда «сауыт-сайман» сөзінің екі бөлігі де жеке атау ретінде екі бөлек заттарды мағыналайды. Енді осы үзіндіні сол жырдағы мына үзіндімен салыстырайық: Жарағын киді сайланып, Жалаң -қылыш байланып [16, т.1, 222 6]. Бүл мысалдардан «сауыт» та, «жарақ» та қару мен сайманнан бөлек өзіндік қолданысы бар, денеге киілетін зат екені анық айтылған. Сонымен жарақ сөзінің мағынасы былайша анықталады: «жарақ» — қарудан бөлек қолданылатын функциясы да бөлек, бірақ соғыста жауынгерлік жабдық ретінде қарумен бірге пайдаланатын, жаудың қаруынан қорғану үшін денеге киілетін қорғаныс құралдарының (сауыт, дулыға және т.б.) жалпы атауы. Ягни қазақ жауынгерлерінің соғыс құралдары, негізгі атқаратын қызметіне қарай, екі категорияга бөлінеді. Біріншісі — шабуыл құралдары, олардың қазак, тіліндегі жалпы атауы — қару, екіншісі — қорғаныс құралдары, олардың жалпы атауы— жарақ,. Бүл екі атау қосылып, «қару-жарақ» қос сөзі жауынгердің соғысқа киетін және бойына асынатын соғыс құралдарының бүкіл кешенін белгілейтін күрделі жалпы атау болады. Адам үшін алғашқыда барлық қару шабуыл және қорғаныс құралы болғанымен, тарихи дамуы барысында адам қоғамында еңбек бөлісудің пай-да болуымен бірге, тек әскери кәсіппен айналысатын адамдардың шығуының нәтижесінде, қарулар күнделікті өмірде қолданылатын тұрмыстық қару (мысалы, малшылар қолданылатын қару және т.б.), аң аулауға арналған аңшылық, қаруға және тек соғыста қолданылатын жауынгерлік қаруға бөлінді. Қызметінің маңыздылығына байланысты көшпелі халықтардың дәстүрлі мәдениетінде тек жауынгерлік қару ерекше статусқа ие болып, қоғамда көпфункционалды рөл атқарды. Сол себепті кітапта әлеуметтік мәнділікке ие болған әскери қару ғана қарастырылды. Арнайы соғыс үшін қолданылатын, соғыс ісімен кәсіби шұғылданатын әскерилерге арнайы жасалған қарудың қазақ тілінде қалыптасқан өзіндік төл атауы — «ер қаруы» деген сөз тіркесі бар. Бүл атау халықтық әскери термин ретінде, жай қару емес, соғыс қаруы, жауынгердің согыста қолданатын жеке қаруы (қылыш, айбалта, найза т.б.) деген үғымды білдіреді, мағынасы қарулану ғылымындағы осы ұғымды белгілейтін орыс тіліндегі «боевое оружие» терминіне сәйкес келеді. Бұрынғы кезде түркі тілінде «ер» сөзі «батыр» (кәсіби әскери адам) деген мағынаны білдіріп, атақты батыр адамдардың атына ер сөзі қосылып айтылатын, мысалы, Ер Тоңа, Ер Тарғын, Ер Көкше деген сияқты. Ал бір нәрсенің атауына «ер» сөзінің қосылуы оның тек соғысқа қолданылатынын және оның әскери кәсіппен айналысатын жауынгерге арналғанын көрсетті. Батырларға арналған, соғысқа мінетін аттар арнайы қасиеттерді, ерекшеліктерді талап ететін болғандықтан. жауынгерлік кәсібі «ер қанаты» деп атаған сиякты. Сан жорғаны алмадым, Ер аты деп таңдадым. Айыл-тұрман әбзелін Ертеден бастап сайладым. Төстік, саған арнадым, Жабы емес, қазанат, Ер серігі қолғанат, Шалқұйрықты мін, Төстік! «Ер Төстік» [201, 14 6]. «Жауынгерлік -қару» терминінің мағынасы көлемі жағынан «ер қаруы» ұғымынан үлкен болып, тікелей соғысқа пайдаланатын қарумен бірге жауынгер ұстайтын салтанатты қаруларды, түрлі әскери ғұрыптық қаруларды да қамтиды (орыстың «воинское оружие» сөзіне мағыналас), бұл қарулар ер қаруы сияқты жасалғанмен, белгілі бір әскери рәсімдерде, ырымдарда ғана пайдаланып, соғыста, айқаста қолданылмауы да мүмкін. Ал «әскери -қару» терминінің көлемі одан да үлкен (бүл сөздің мағынасы орыстың «военное оружие» сөзіне сәйкес келеді), бүл ұғым жауынгердің айқаста қолданатын жеке қаруын ұана емес, жалпы соғыста қолданатын барлық қаруларды қамтиды (қамал бұзатын бұрынғы түрлі әскери машиналар, бірнеше адамдардың қызметін қажет ететін қарулар және т.б.). Бүл терминдер өзара бағынышты қатынаста болады. Термин ретінде «әскери қару» тектік үғым да, «жауынгерлік қару» мен «ер қаруы» түрік үғымдар, бірақ «жауынгерлік қару» өз кезегінде «ер қаруы» түрік ұғымына қатысы тектік ұғым болып келеді. Ал қарудың жеке түріне, мысалы, қылышқа өз кезегінде «ер қаруы» тектік үғым болады, яғни бүлар бір-біріне өзара бағынышты ұғымдар. Қазақ тілінде «тон», «киім» сөздері жауынгерлік сауыттың денеге киілетінін көрсету үшін, оның кейбір атауларының құрамында кездеседі. «Тон» атауы көне түркі тіліндегі «киім» сөзінің көне атауы, бүл сөзден туындаған «тонанты», «тонымақ» сөздері «кию» дегенді білдірген [128, с. 121]. Фольклорлық деректерде денеге киілетін сауыт мағынасындагы «темір киім» сөзінің синонимі ретінде «темір тон» атауы да кездеседі. Сондықтан «тон» сөзі сауыттың жеке түрлерінің атауларында сауыт мағынасында қосылып айтылып, көбе сауыт — көбе тон, кіреуке сауыт — кіреуке тон деп те аталды. Бұл — барлық түркі тілдеріне ортақ ерекшелік. Кейін «тон» сөзін «киім» сөзі ауыстыруымен бірге қазақ тілінде соғыста денеге киілетін қорғаныс жарақтарының жалпы атауы ретінде қолданылатын «ер киімі» атауы да пайда болды. «Ер киімі» — батырлардың, жауынгерлердің соғысқа киетін әскери киімі, жауынгерлік киімі деген сөз. Тілімді алсаң, ат мінбе, Ер киімін сен киме, Елсіз жолда сен жүрме. «Сүйініш» [195, 221 6]. «Ер киімі» атауы ғылыми термин ретінде орыс тіліндегі денеге киілетін қорғаныс жарағын мағыналайтын «боевая одежда» терминіне сәйкес келеді. Ал онымен мағыналас «жауынгерлік киім», «әскери киім» терминдері «ер киімі» терминінен көлемі кең үғымдар, мағынасы жағынан орыс тіліндегі «войнская одежда», «военная одежда» (жауынгерлердің басқа да киімдерін, әскери униформаны т.б. қамтитын) терминдерінің мағынасына сәйкес. Бүл үғымдар да өзара бағынышты байланыста. Термин ретінде «әскери киім» жалпы тектік үғым болады да «жауынгерлік киім» оған кіретін түрік ұғым, ал «ер киімі» түркілік ұғым да, «жауынгерлік киім» өз кезегінде оған тектік үғым болады, ал ер киімі денеге киіліп қолданылатын жеке жарақ түрлеріне — сауыт, Буылгаларга тектік үғым болады. Қару-жарақ бөліктері атауларының мифологиялық мәні Тарихи даму барысында қазақ тілінде тек қару-жарақтың атауы ғана емес, олардың түрлерінің, жеке бөліктерінің, элементтерінің де атаулары тиянақты түрде жасалып, түрақталып қалыптасты. Қазақ тілінде әр түрлі ер қаруларындагы функциялары үқсас негізгі конструктивтік бөліктерінің атаулары бірдей болып келеді, ягни барлық қазақ қаруларының негізгі бөліктері бәріне ортақ атаулармен аталады. Қазақ тілінде қарудың негізгі зақым салатын бөлігі «басы» деп аталады. «Бас» сөзінің түркі тілдеріндегі семантикалық қатарына «басты», «негізгі», «бастық», «басқарушы», «устіңгі, жоғаргы жак,», «бастапқы, бастаушы» магыналары кіреді. Қарулардың басының алдыңғы жағын, кесетін бөлігін «жүзі» деп атайды, ал қарсы (артқы) жағы «сырты» (қылышта) немесе «шүйдесі», «желкесі» (балтада) деп аталады. Оқтың, найзаның, сүңгінің жебесінің семсердің бастарындағы жүзінің екі жағында бетін қүрайтын элементтері — «қыры». Кесетін, түйрейтін қарулардың басының «ұшы» бар. Қарудың басы қолга үстауға арналған «сапқа» орнатылады да, қылыш, семсерлердің басының төменгі жагы «алқымы», «мойны» деп аталса, шоқпар, балталардың басы мен сабының қиылысқан тұсы «сағағы» деп аталады. Қарудың ортаңғы тұсы — «белі», бүл көбіне қарудың қолга ұстайтын тұсы болып келеді. Егер де біз бұл атаулардың мағынасын тереңдеп зерделесек,олардың бәрі де адамның дене бөліктерінің атауы екенін көреміз. «Жүз» деп адамның алдыңғы бетін айтады, мысалы, «жүзі жылы адам», «жүзінен тану», «жүзін көрсету». «Бет», «қыры» — адамның бір бүйірінен қарағандағы жағы, мысалы «қырынан қарағанда», «қырын түру», «қырынан келу» дегендей. «Желке», «шүйде», «сырты» деп адам басының артқы жағын айтады. Ал адамның мойны мен басының қиылысқан тұсы «сағағы», мойынның алдыңғы жағы «алқымы». «Бел» адам денесінің орта тұсы, сондықтан да «бел» сөзі мен «орта» сөзі қосылып, тілімізде «тура ортасы» дегенді білдіретін «белорта» сөзін тудырған. Жоғарыда айтылғандардың бәрі барлық түрік халықтарының тіліне ортақ құбылыс, бүл қарудың және оның бөліктерінің атауларының түрік тілінде өте ертеде қалыптасқанын дәлелдейді.«Жүз» сөзінің мағынасын жеке алып қарастырғанда түрік тілдерінде кесуді білдіретін мағынасы кейін пайда болған, қарудың қасиетті бөлігінің атауы ретінде қолданылуынан соң, кесумен ассоциация тудыратын болғаннан кейін қалыптасқан. Бүл сөз қарудың кесетін элементінің атауы ретінде берілгенде көне заман адамы үшін қарудың осы бөлігінің кесетін қасиеті емес,қарудың басының алдыңғы жағы екенін көрсету, алдыңғы жағы болғанда ең мәнді, айырықша маң ызды жағы екенін дәйектеу маңызды болған. Ол үшін мифологиядағы ең әмбебап тәсіл — антропоморфтық жүйелеу тәсілі қолданылды. Бүл жерде қарудың кесетін тұсын ең мәнді элемент ретінде антропоморфтық мифологиялық жүйелеу тәсіліндегі ең мәнді категория — адам жүзі (адам басының алдыңғы жағы) үғымы арқылы мәндеу қару жүзінің түпкі семантикалық мәнін айгақтайды. Бүл атаудың негізгі мәні қарудың алдыңғы жағын белгілеу екенін оның адам басының артқы жағын белгілейтін «желке», «сырт», «шүйде» сөздерімен бинарлық оппозиция түрінде қатар қолданылуы да дәлел. «Шыр», «алқым», «сағак,» атауларының қолданылуына қатысты да осыны айтуға болады. Ягни бүл қару бөліктерінің атауларында оларды заттың қай жағы екенін көрсету, оның адам денесінің мүшелерімен сәйкестендіру негізге алынган. Ұлттық дүниелерді номинациялау процесінің негізінде халықтың дүниетанымы, оның діни, идеологиялық тағы басқа да көзқарастары көрініс табады [207, 261 6]. Қару бөліктерінің, элементтерінің бұлай аталуының негізінде де түркі халықтарының көне замандағы дүниетанымы жатыр. Сондықтан көшпелі түркі халықтарының мифологиялық дүниетанымына, осы танымның өзегі болатын әлемнің кеңістік-уақыттық моделіне, оның негізгі параметрлерін анықтайтын кеңістіктік-уақыттық континумына қысқаша тоқтала кету керек. Бүл көне түсінік бойынша әлем үш бөлікті тік, төрт бөлікті көлденең қүрылымдардан түрады. Тік бағытта (вертикаль бойынша) әлем үш қабаттан: жогаргы (аспан, құдайлар дүниесі), ортаңгы (жер беті, адамдар, жануарлар дүниесі) және төменгі (жерасты, өлілер, зұлым рухтар дүниесі) дүниелерден қүралады. Көлденең бойынша (көлденең бағытта) элем төрт бөлікке: дүниенің төрт тарабына бөлінеді. Бүл әлем бейнесінің тернарлық құрылымы көшпелі халықтарда өте ерте дәуірде пайда болған, үш бөлікті космостық моделді скиф-сақтардың мифологиясында кездестіреміз [357, с. 99-10; 291, с. 121]. Мифологиялық космостың кеңістіктік-уақыттық моделі оның белортасы саналатын, үш дүниені бойлай өтетін әлемніц осі (кіндігі) арқылы бекітіледі. Көне мифтерде осы кіндік сызықты белгілейтін бірнеше рәміздер (символдар) қалыптасты. Ол символдардың негізгісі — барлық халықтардың көне мифтеріне ортақ «әлемдік агашы» (мировое древо) бейнесі. Бұл ағаш әлемнің үш дүниесін, төрт тарабын жалғастырып түратын алып агаш ретінде түсініледі. Әлемдік агаш (бәйтерек) дүниенің сакральды центрінде (кіндігінде) орналасқан да, үш дүниені жалғастыра тік жогары багытталған. Сондықтан дәстүрлі дүниетанымда тік багытталған заттардың бәрі сакральды болып, элем ағашына изоморфты (ұқсас бейне) болады да, тік тұрған заттың бәрі (өсіп тұрған ағаш, діңгек, адалбақан, бақан, адам денесі т.б) әлем ағашының алломорфы (орнын баса алатын рәміз) саналды. Ағаш сапқа орнатылып, тік бағытталған қару да дәстүрлі мәдениетте әлемдік агаштың символына айналып, ол да әлемдік агаш сияқты медиативтік (дүниелерді жалғастыру) функциясын атқаратын. Сондықтан қарудың (әсіресе айбалта, найза, гүрзі сияқты ғұрыптық мәнде қолданылатын қарулардың) басындағы өрнектер — «әлем агашы, өмір агашы» өрнегінің түрлі варианттары. Қарудың сабы да «әлем ағашының» діңі ретінде (сап көбіне ағаштан жасалатынын да ескеру керек) сол мәндес өрнекпен әшекейленген. Түркі халықтарының дәстүрлі дүниетанымында материалдық ескерткіштердің бәрі де осы бір мифологиялық әлем моделін бейнелейді, бүл — тұрақтықүрылымдық конфигурацияның бейнелеудің әртүрлі әдістері, яғни әр-түрлі кодтарды қолдану арқылы мифологиялық қүрылымдарды конструкциялаудың жолы. Осы түрғыдан алганда дәстүрлі мәдениетте барлық материалдық заттар қүрылымы мен мағынасы жагынан өзара байланыстылықта және өзара теңділікте болды. Түркі халықтарының дәстүрлі мәдениетінде мифтік мазмүн түрлі кодтық жүйелермен беріле береді, сондықтан әлемнің бүл кеңістік-уақыттық моделінің түркі халықтарының дүниетанымында заттық та, зооморфтық та, антропоморфтық та бейнелері бар. Адам организмін әлем картинасын бейнелеуге модель ретінде қолдану, кез келген объектіні адамға ұқсату — антропоморфи-зациялау архаикалық мәдениеттің басты ерекшелігі. Себебі дәстүрлі сана үшін адам организмі мифтік космосты жасаудың ең көрнекті моделі болатын. Түркілік мифологиялық дәстүрде адам денесінің бөліктері жаратылган әлемнің зоналарын белгілейтін жоғары, орта, төмен деген үғымдармен және дүниенің төрт тарабымен сәйкестендіріледі. Үш бөлікті тік құрылымнан, екі не төрт (екі еселенген екі) бөлікті горизонталь құрылымнан түратын космостың антропоморфты моделі қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне де тән. Анатомиялық кодтың белгілерімен түркі халықтары қоршаған дүниедегі түрлі құбылыстарды: әлеуметтік құрылымдарды, уақыттың, кеңістіктің, заттың параметрлерін белгіледі. Әлемдік ағаш та, оның алломорфтары бола алатын материалдық заттар да, ягни біз қарастырып отырған қару да дәстүрлі мәдениетте антропоморфизм заңдылыгы бойынша анатомиялық кодтың белгілерімен сипатталды. Сондықтан түркі халықтарының тілінде қарудың структуралық бөліктерінің атаулары адамның дене бөліктерінің атауларымен аталып, ал қару бөліктерінің функционалдық қызметі, мән-маңыздылығы адамның осы дене бөліктерінің мәнімен байланыстырылады және содан туындайды. Қарудың басы қарудың негізгі функциясын анықтайтын басты бөлігі екенін және оның жоғарғы дүниемен (құдайлар, рухтар дүниесімен) байланысын, ал белі ортаңғы дүниемен (адамдар дүниесімен) байланысты екенін көрсетеді. № 228 орта мектебі Тақырыбы: Автоматтан(пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға автоматтан ату кезіндегі пайда болатын кідірістер және оларды жою әдістері жайлы түсінік беруТәрбиелігі: Оқушыларды Еліне, жеріне, халқына адал қызмет атқаруға және қарумен жұмыс барысында қатаң қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеуДамытушылығы: Әскери іс негіздері, атыс дайындығынан білімдерін дамыту Көрнекілігі: АК-қаруы плакаттар, оқу магазиндері, автоматтың керек жарағы, интерактивті тақта.Түрі: Аралас сабақСабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі Рапорт қабылдау, түгелдеу, сәлемдесу, әскери формаға назар аударуІІ. Үй тапсырмасын сұрау А) оқушыларға топтама таратып беру Ә) автоматты тексеріп қарау тәртібі, және атысқа дайындау Б) оқушыларға автоматты шашып жинау Автоматтың бөліктерін жазып көрсет. Суреттегі қаруға сипаттама бер Автоматтың қандай маркасы? Автоматтың оқжатар сиымдылығы қандай? Суретте кім бейнеленген? ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлауОқу сұрақтары: 1. Автоматтан ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері 2. Автоматтың керек-жарағы Автоматтың бөліктерін жазып көрсет. § 8. Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері Автомат бөліктері мен механизмдерін дұрыс қарап күтсе, ол ұзақ уақыт сенімді де кідіріссіз жұмыс жасайды. Алайда, механизмдердің ластануы, бөліктердің тозуы және автоматтың ұқыпсыз ұстауы, сондай-ақ патрондардың жарамсыздығы салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы мүмкін. Атыс кезінде болған кідірісті, ең алдымен, қайта оқтау арқылы түзеп көру керек. Бұл үшін бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, тез кейін тартып барып босатып жіберу керек те, атысты жалғастыру керек. Егер кідіріс қайталанса, оның себебін анықтап, кестеде келтірілген әдістердің бірімен жою керек. Кідіріс және оның сипаты Кідірістің сипаты Кідірісті жою әдісі Патронның берілмеуі.Бекітпе алдыңғы жағдайда, бірақ атыс болмады – Оқтықта оқ жоқ. 1.Оқжатардың ластануы немесе ақаулығы.2.Оқжатар ілгішінің ақаулығы Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанғанда оқжатарды алмастыру.Оқжатардың бекітпесі ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу. Кідіріс және оның сипаты Кідірістің сипаты Кідірісті жою әдісі Патронның кептелуі.Патрон оғы мен ұңғының оқталған бөлігіне тірелген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған. Оқжатардың ақаулығы Бекітпе жақтауының тұтқасынан ұстап тұрып, кептелген патронды алып тастап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, оқжатарды ауыстыру. Кідіріс және оның сипаты Кідірістің сипаты Кідірісті жою әдісі Атылмай қалу. Бекітпе алдыңғы жағдайда, патрон оқтықта, шүріппе босатылған – атыс болмады. 1. Патронның жарамсыздығы.2. Соққыштың немесе соққыш-ағытқыш механизмнің ақаулылығы; ластану немесе майдың қатып қалуы(соққыштың капсюльді соқпауы немесе бәсең соғуы).3. Соққыштың бекітпеде кептеліп қалуы. Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, соққыш пен соққыш-ағытқыш механизмді қарап тазалау; бұзылған немесе тозған болса, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.Соққыш бекітпеден ажыратылып, бекітпедегі соққыш астындағы саңылау тазаланады. Кідіріс және оның сипаты Кідірістің сипаты Кідірісті жою әдісі Оқсауыттың алынбай қалуы 1. Патрон лас немесе оқтық ластанған.2. Лақтырғыштың немесе оның серіппесінің ластануы не ақаулылығы. Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тартып, оны артқы жағдайда ұстай тұрып, оқжатарды бөлшектеп, терілген патрон алынады. Бекітпе немесе сүмбімен оқсауыт оқтықтан шығарылады. Кідіріс қайталанса, оқтық пен патрон тазалануы керек.лақтырғышты қарап, тастан тазартып, атысты жалғастыру. Лақтырғыш – ақаулы болғанда, автомат шеберханасына жіберіледі. Кідіріс және оның сипаты Кідірістің сипаты Кідірісті жою әдісі Оқсауыттың шағылыстырылмауы.Оқсауты ұңғы қорабынан лақтырылмай, сонда бекітпенің алдында қалған немесе бекітпе арқылы қайтадан оқтыққа жіберілген. 1.Үйкелуші бөліктердің, газ жолдарының немесе оқтықтың ластануы.2.Лақтырғыштың ластануы немесе ақаулылығы Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тарту, оқсауытты лақтырып, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, газ жолдарын, үйкелуші бөліктерді және оқтықты тазалау; Үйкелуші бөліктерді майлау. Лақтырғыш ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу. Кідіріс және оның сипаты Кідірістің сипаты Кідірісті жою әдісі Бекітпе жақтауының алдыңғы жағдайға жетпеуі. Қайтарма серіппе сыңған. Серіппені алмастыру (ұрыс жағдайында серіппенің алдыңғы бөлігін жарақталған ұшымен артқа бұрып, атысты жалғастыру). Автоматтың (пулементтің) керек-жарағы Керек-жарақ автоматты (пулеметті) бөлшектеу, жинау, тазалау үшін және оқжатарарды патрондармен жедел сүмбі, сүрткіш тазалағыш, кірпішек, бұрауыш, қаққыш, бұрамасұқпа, пенал оқтізер және майсауыт. Сүмбі ұңғы арнасын, автоматтың басқа да бөліктерінің аралары мен қуыстарын тазалау үшін қолданылады.Оның қаққышқа арналған саңылауы бар басы, тазалағышты немесе кірпішекті бұрап кіргізетін бұрандасы болады. Автоматтың керек - жарақтары Тазалағыш ұңғы арнасы , сонай-ақ автоматтың басқа бөлшектерінің арналары мен қуыстарын тазалау және майлау үшін қажет.Оның ішкі бұранданы сүмбіге бұрап кіргізуге арналған бұрандасы және шүберек е кендірге арналған саңылауы болады. Сүрткіш ұңғы арнасы ҰТЕ ертінлдісімен тазалау үшін қолданылады. Бұрауыш және қаққыш автоматты бөлшектеу және жинау кезінде қолданылады.Бұрауыштың ұшындағы ойық қарауылды бұрап кіргізу және шығару үшін, ал бүйіріндегі ойығы тазалағышты сүмбіге бекітуге арналған.Бұрауышты пайдалнуға ыңғайлы болу шін , ол пеналдың бүйір саңылауына қойылады. Ұңғы арнасын тазалау кезінде бұрауыш пеналға сүмбі басының үстінен салынады. Пенал тазалағышты, сүрткішті бұрауышты , қаққышты сқтау үшін қызмет етеді. Ол қақпақпен жабылады. Пенал ұңғы апасын тазалау және майлау кезінде сүмбі жалғастырғышты ретінде, қарауылды бұрап енгізу және шығару кезінде бұрауыштың тұтқасы ретінде және газ түтігінің жапқышын бұрау үшін қолданылады. Пеналдың автоматты тазалау кезінде ұңғы бастырмасы ретінде пайдаланылады. Онда сүмбінің қозғалысын бағыттауға арналған тесігі, ұңғының жалғастырғышында бекітуге арналан ішкі дөнестері мен ойықтары болады.Бір мойынды майлағыш майдан сақтау үшін қызмет етеді, ол оқжатарға арналған сөмке қалтасында болады. Оқтізер патрондарды тасуға және оқжаттарды патрондармен жедел қамтамасыз етуге арналған. Оқтізерде 15 патрон болады. Оның екі өтпе саңылау серіппесі болады. Сонымен бірге пластина серіппе оқтізердің бұрамасұқпаға қосылуын қамтамасыз етеді. Бұрамасұқпа оқжаттарды патрондпрмен жабдықтау кезінде оны оқтізермен жалғастыру үшін қызмет етеді. Оның төменде –оқжатар мойынның тиісті саңылауына кіретін екі бұрамасы жоғарыда- оқтізер мен тіреу ұшін екі өтпе саңылауы , оқтізер мен тіреу үшін серіппеге бұрамасұқпаға қою кезінде оқтізердің қозғалысын шектейді IV. Бекіту “Мен саған,сен маған”сайысы Екі топ бір біріне сұрақтар қояды.1-топ кідірістің сипатын айтса, 2-топ ол кідірісті жою әдістерін айтуы тиіс. Мұғалімнің бекіту сұрақтары:1)Атыс кезіндегі кідірістер болу себебі неде? 2)Кідірісті жою жолдары қандай? 3)Автоматтың керек жарағы және оны не үшін қолданылады?V. Сабақты қорытындылау VІ. Үйге тапсырма