Математика п?нінен Берілген санны? процентін табу та?ырыбына презентация (5 сынып)


Күні: 23 сәуір 2015 жылСыныбы: 5 “А”Пәні: математикаСабақ беруші мұғалім: “№9 мектеп-балабақша” кешенінің” математика пәнінің мұғалімі Бакирова Гүлсім Ғазизқызы Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: оқушыларды процентке берілген есептерді шығара алуға үйрету, берілген санның процентін таба алу дағдыларын арттыру.Міндеттері: Берілген сан арқылы процентті табуға арналған есептерді шығара отырып, оқушылардың білімдерін арттыру. Алған білімдерін, ережелерді есептер шығару барысында пайдалана білуге үйрету Оқушыларды логикалық ойлау тұрғысынан қалыптастыру. Процент туралы білім, білік, дағдыларын дамыту Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа ұжымшылдыққа баулу. Сабақтың барысы: Үй жұмысын тексеру Өткен сабаққа шолу Деңгейлік есептер шығару Тақтамен жұмыс Сергіту сәті Жеке тапсырмалар орындау Қорытынды Үйге тапсырма Үй тапсырмасын тексеру №1288 Жауабы: 4,8№1290 Жауабы: 0,3№1291 Жауабы: 2240, 5600, 8960№1292 Жауабы: 32300, 35700, 42500 Әр тапсырманың құны 1 000 теңге 1. Шамалардың жүзден бір үлесі __________ деп аталады. А) бөлшек Б) шама С) натурал сан Д) процент 2. Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін, процент санын 100-ге көбейтіп, процент белгісін тіркеп жазу керек. А) дұрыс Б) дұрыс емес 3. Төмендегі формуламен нені есептейміз? b=a*(P/100) А) берілген сан арқылы процентін табудыБ) проценті бойынша санды табуды; В) бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын. 4. Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін, процент санын 100-ге бөлу керек. А) ия Б) жоқ 5. Бөлшекті немесе натурал санды ______ жазу үшін,_____ санын 100-ге көбейтіп, ________белгісін тіркеп жазу керек. А) процент, процент (%), процентпен Б) процент (%), процент, процентпен С) процентпен, процент, процент (%) 6. Кез келген тұтас шама бір бүтін ретінде алынып,______ деп есептелінеді А) бөлшек Б) сан С) 100% Д) натурал сан 7. Есептеңдер: 60 санының 20%-ін А) 15 Б) 12 С) 10 Д) 14 8. Сөйлемді дұрыс құра:1 2 3 4 5 6 7Процент жүзден шаманың бір аталады үлесі деп 3 2 4 6 1 7 5 Есептің құны – 2 000 теңге Жинақ кассасына 6%-тік жылдық өсіммен 90 000 тг салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша бір жылдан соң неше теңге болады? Жауабы: 95 400 тг Есептің құны – 3 000 теңге Айлық табыстың 5%-і табыс салығы үшін ұсталады. Айлық табысы 60 000 тг болса, одан салық ұсталынғаннан кейін неше теңге қалады? Жауабы: 57 000 тг Есептің құны – 4 000 теңге Жинақ кассасына 5%-тік жылдық өсіммен салынған 200 мың теңге екі жылдан соң неше теңге болады? Барлық өсімі неше теңге? Жауабы: Екі жылдан соң- 220 000 тг, барлық өсімі – 20 000 тг Есеп шығару құны – 2 000 теңге Қазына №1296 есепЫнтымақ №1297 есепАлтын таға №1298 есепӨркен №1299 есеп Сергіту сәті Әр есептің құны – 2 000 теңге Қаңтар айындағы шананың бағасы 2400 тг. Оның бағасы ақпан айында 15%-ке арзандатылып, наурыз айында соңғы бағасы тағы да 20%-ке арзандатылды. Шананың наурыз айындағы бағасы неше теңге? Егер сен шананы наурыз айында алсаң неше теңге үнемдер едің? Майлылығы 25% 3 кг қаймаққа , майлылығы 45% 1 кг қаймақ қосылды. Қоспа қаймақтың майлылығы неше процент? Сыныптағы 28 оқушының 75%-і спортпен айналысуды ұнатады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысуды ұнатпайды? 1632 теңге , 768 тг 30% 7 оқушы Қорытынды Процент дегеніміз не? Процентті бөлшекпен жазу үшін не істейміз? Берілген санның процентін қалай есептеуге болады? РЕФЛЕКСИЯ - сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым – сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым – маған әлі де осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керек Үйге тапсырма: № 1302, №1304 №1300, №1301 №1294