Урок по религиоведение на тему «Дінтану п?нін о?ытуда топты? ж?мысты ?йымдастыру ерекшеліктері» (9 класс)


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Гимназия сыныптары бар №28 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Курманбаева Нағима Садырқызы
9 А-сынып «Дінтану» пәнінен сабақ жоспары
Тақырыбы:
«Дінтану пәнін оқытуда топтық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері»
Ойлаудың деңгейлері (Б.Блум бойынша) Мақсаты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Жұмыстың түрі Нәтижесі
1.Білу Жалпы түсініктерін
байқау Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады, топқа бөледі,бақылайды, Берілген іс-әрекетке белсене араласу, қатысу , мәселені шешуге талпыну Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
1.Тапсырма: Сұрақтар қою:
1.Әлемдік діндерді ата.
2.Қандай пайғамбарларды білесіңдер?
3.Қандай қасиетті кітаптарды білесіңдер?
4. Дәстүрлі діндерді атаңдар
5. Монотеизм және политеизм деген не?
6. Атеизм дегенді қалай түсінесіңдер?
7. Секта дегенді қалай түсінесіңдер? Ынтасы артады, өз ойын айтуға үйренеді
2.Түсіну Берілген тапсырманы жете түсіну, жеткізе алу Алғаш білімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға итермелеу,қайтадан топқа бөлу Тапсырманы түсінуге тырысу Топтық
2.Тапсырма:
Тақтадан «Адасқандар» атты бейнеролик көрсету. Сол бейнероликтен оқушылардың қандай ой түйгенін сұрау Оқушының белсенділігі мен қызығушылығын арттыру
3.Қолдану Жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдану Бақылап, бағыт-бағдар береді
(Тағы топқа бөлу) Жеке, жұптық, топтық жұмыстарға қатысу Топтық
3-Тапсырма:
Әр топқа мына тапсырмалар беріледі:
1-Топқа: Әңгіме-дебат құрастыру.
«Жалпы діндердің қоғамға тиімді әсері және тиімсіз әсері»
2-Топқа: Кумулятивтік әңгіме құрастыру
«Жалпы әлемдік діндер туралы»
3-Топқа: Зерттеушілік әңгіме құрастыру
«Діндердің адам өміріндегі маңызы»
«Дін» деген сөзге әр топ бір анықтама беру.
Сол арқылы оқушыларды тағы да топқа бөлу
(Мысалы: 1.«Дін»- қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы 2. «Дін»- адам мен мінсіз болмыстың абиғи байланысы туралы сана.
3. «Дін» -Жаратушы туралы сана
4. «Дін» -адамның наным-сенімі туралы ілім
5. «Дін» - сенімге негізделген түсінік және т.б) Сенімділігі артады, жауапкершілікті сезінеді
4.Талдау Негізгі ойды анықтау, өз мақсатына жету жолдарын талдай алу Жағдаяттық шығу жолдарын түрлі тапсырмалар арқылы жетектеу
Пікірін айтады, ойын еркін жеткізе бастайды 4- Тапсырма:
«Жалған діндердің қоғамға қауіптері»
Постер жасау
Проблеманы өз дәрежесінде шешеді, өзгені тыңдай білу дағдысы, өз пікірін талдай білу дағдысы қалыптасады
5.Синтездеу
6.Бағалау
Қорытынды жасауға машықтандыру Оқушылар өз ойларын жинақтап айтуға итермелеуді ұйымдастырады Өз мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады 5-Тапсырма:
Шәкәрім Құдайбердиевтің « Дін туралы» өлеңінен және «Шырғалаң» атты бейнероликтер көрсету.
Бұл бейнероликтерде не айтылған?
Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарды пысықтау.
«Әлемдік діндер туралы» туралы реферат жазу

Ойын еркін жеткізуге үйрену, нәтижесін бағалай алу.
Өз нәтижесіне көз жеткізеді
Өз біліміне сараптама жасайды.