Сары алтындай сары к?з!


Балалар әсем безендірілген залға, музыка әуенімен кіреді. П.И. Чайковскийдің «Времена года» әуені орындалады.
Жүргізуші:
Уа халайық,халайықМұнда назар салайықМерекесі халықтыңАлтын күзге арналғанКешімізді бастайық.
Бүгінгі Алтын күз мерекесі құтты болсын, балалар! Кәне балалар мерекемізге арнап «Күзгі әуен» әнін орындап берейік.
Ән: «Күзгі әуен»
Жүргізуші: Ал енді балалар осы мерекемізге арнап тақпақтарымызды айтып берейік
1 бала:
Жаңа піскен алма баққа
Көзің тоймас қарасаң да
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қайың талға
Мұны көріп күзді қалай
Теңемессің сары алтынға
2 бала:
Қараңдаршы, қандай сұлу
Бидай басқан мына дала
Әрбір адыр, әрбір жота
Алтын жайып тастағандай
3 бала:
Дәнге толы қызыл қырман
Қырман басы қызық думан
Мөлдіретіп жүзімдерін
Келді алтын күзім менің
Молшылық күз береке күз
Береке күз мерекеміз
4 бала:
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп.
Жүргізуші: Ал енді балалар биге кезек берейік
Би: «Күзгі вальс»
Жүргізуші: Балалар енді ойын ойнайық
Ойын: «Не екенін ажырат»
Жүргізуші:
Cары жібек көйлегін желбіретіп
Жапырағын ағаштардың селбіретіп
Тойға бөлеп елімізді күзім келді
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп
1 бала:
Асқанадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.
2 бала:
Мынау шие шырағым,
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Торғайдың көзі түседі.
3 бала:
Мынау анар құлыным,
Қабығы қалың болатын.
Мөлт-мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын.
4 бала:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
5 бала:
Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған.
Ағайынбыз бәріміз.
6 бала:
Мынау – өрік күнім,
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік, сары өрік,
Ектім екі түрін.
7 бала:
Мынау-алмұрт ақылдым,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін,
Жесең тойып қаламын.
8 бала:
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.
Жүргізуші: Ал енді балалар жұмбақ шешіп көрейік.
Жерге қазық қақтым, Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
Жеп көріп ем өзін мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз)
Ән: «Піскен алмалар»
Би: «Летка­ Енька»
Ойын: «Дәмі арқылы ажырат»
Балалар біз қай мемлекетте өмір сүреміз?
Ендеше өз отанымыз Қазақстан туралы әнге кезек берейік
Ән: «Сәлем Қазақстан»
Осымен Алтын күз мерекеміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға үлкен рахмет.
КММ Жалпы білім беретін №77 мектеп – балабақша кешені

Мектеп алды даярлық тобы
Дайындаған:Акедилова М.К.
Қарағанды 2013 жыл