?аза?станны? б?гіні мен болаша?ы білімді ?рпа? тірлігінде


Ақтөбе қалалық білім бөлімі
№ 9 «Бәйшешек» мектепке дейінгі уйымы
Кеңес
Тақырыбы: « Қазақстанның бүгінгі мен болашағы-білімді ұрпақ тірлігінде»
Дайындаған: Таухабаева И.М

Еліміздің айқын мақсаттарының бірі-бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбилеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білімді, өресі биік , денсаулығы мықты өкілдер болады...» деген сенімі бүгінгі тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз.
Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүиесіне, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім мен тәрбие негізі бстауышта, барша білімнің ірге тасы да осында қаланады десек те, білім мен тәрбие өзегі-балабақшадан бастау алатынын бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіп отырғаны айқын. Тәрбиенің тал бесігі-балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі қомақты.
Заң талаптары негізінде бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу , бізге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қай елдің болмасын іргетасы , жарқын болашағы-ұрпағы екені белгілі. Олай болса , тілдің қадір қасиетін , туған жерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бала бойына жеткізе білу әрбір тәрбиешінің басты борышы, сол ұрпақты тәрбиелеитін де жоғары, саналы етіп, балаларды қарапайым азамат ретінде қалыптастыратын да алғашқы баспалдақ балабақша десек артық айтқандық емес.Қазіргі жас ұрпақты,білімді, мәдениетті, ұшқыр қиялды, өз ұлтын сүиетін, нағыз қабілетті етіп тәрбилелеу баршамыздың міндетіміз. Дүниедегі ұшқыр ойлы, тек қана шындықпен жүретін нәзік те, пәк те, батыл да батыр-ол бала өйткені, оның жаны да нәзік, нанғыштығы да тез, ол «өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай, неге бұлай деп, дүние сырын ашсам» деп талпынады. Мектепке дейінгі тәрбиенің өткеніне көз жіберіп, болашағына болжам жасайтын болсақ, тәрбие мәңгіліктің категориясы екенін тұжырымдаған халқымыздың дарынды перзенттері, заман заңғарлары Әл Фараби, Жүсіп Баласаған ұлы, Қожа Ахмет Яссауидан бастап, Ұлы Абай, Ыбырай, Шоқанның тәлім тәрбие жөніндегі айтқан әлемдік деңгейде педогогикалық ой-тұжырымдарының мәні бүгінгі күнге дейін артпаса, еш кеміген жоқ. Олай болса, болашақта көп болсын деп жақсы адам, тәрбиені бастау керек бақшадан-дегендей тәрбиелі, көргенді бала тәрбиелеу үшін мектепкі дейінгі ұйымдар алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді бірлесе шешу қажттігі туындап отыр. Ғибратты сөздердің легінен жақұт, інжу тізген дана халқымыз бала тәрбиенің маңыздылығынан түйінді сөз, салиқалы ой өрбіткен. «Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек,он жылдығыңды ойласаң тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле» деген дана сөздің асылдылығынан үкілеген үмітіміз-бала келешегінің кемеліне аса мән бергенің аңғарамыз. Ұлттық тәрбие кәусарынан нәр алған әрбір балабақшада еңбек ететін тәрбиешілер тәрбиенушілердің бойына қайырымдылық пен сүйіспеншілікті, адамгершілік пен ізгілікті қалыптастырып, жүйелі жұмыс жүргізу барысында ата-аналармен тіл табысу арқылы жақсы натижелерге қол жеткізуге, өзіндік үлес қосуға тырысады. Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты-бала тағдырына жауапты екенін сезінеді. Жылылқ пен мейірімділікті, ізгілік пе парасаттылықты бала жүрегіне ұялатып, оның дүниетанымын кеңейтіп оның қоршаған ортамен танысуына ықпал жасауда жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді қолданудың маңызы зор. Бұл бағытта қазіргі таңда балабақшалар «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша, республикалық «Өзін-өзі тану» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізуде. Қазіргі талапқа сай жан-жақты дамыған, ой-өрісі жоғары жас ұрпақты қағамға бейімдеп тәрбилеу барысында балабақша ұжымы алдында тың іс, игі бастама, мажелі мақсат , күрделі міндет тұрғаны белгілі. Олай болса, бүгінгі тәрбиеленушеліріміздің ертеңгі тұтқасы десек, егемнді еліміздің болашағын тәрбиелеуде баршамыз тыңғылықты еңбек етіп, қомақты үлес қосуымыз қажет. Бала жанының бағбаны-тәрбиеші қауымының бала тәрбиелеуде жүйелі жұмыс жүргізуіне мол мүмкіндік туғызу-басты міндетіміз.