Поурочный план по казахскому языку на тему ?орша?ан ортаны ?ор?ау


Мерзімі:
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша сөйлеп үйрету, жұмыстар жүргізу
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптастыру, сөздік қорын көбейту.
Тәрбиелік: сөйлеу әрекетіне көңіл бөлу, мәденетті сөйлеуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сөздік дәптер, тақта, оқулық, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысу, оқулықпен жұмыс жүргізу
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап арқылы сөздікті сұраймын.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
ІҮ. Сөздікпен жұмыс
Жер -Земля
Ауа-воздух
Орман-лес
Қорғау-защищать
Өсімдік-растение
Кемпірқосақ-растение
Күн-солнце
Жануар-животное
Ү. Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтіннен бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар, тұрлаулы мүшелерді табыңдар.
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзендегі барды адамға, жан - жануарға өсімдікке берген. Өсімдік тіршілік тірегі. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады.Өсімдіктің қызметін бірде - бір жетілген механизм атқара алмайды.Экология деген сөз " Тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта " деген ұғымды білдіреді.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңдар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы 30 сәуірде «Қазақстан Республикасының экологиялық тұжырымдамасын» бекітті. Бұл тұжырымдама бойынша Қазақстан табиғатты қорғау проблемаларын дүние жүзіндегі  HYPERLINK "http://www.engime.org/saba-barisin-taldau--dejeksoz5-min.html" ынтымағы бір елдермен бірлесе, ақылдаса отырып
шешпекші. ҚР Конституциясының  38- бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»,  6-бабында: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай–ақ  HYPERLINK "http://www.engime.org/sabati-jalpi-rilimin-bafalau.html" заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».
  Біздің елде «Қызыл кітап»  1978 жылы ұйымдастырылғын. Мұнда аңның  21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың   8 түрі көрсетілген. Оларды сақтап қана қоймай, санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген  жануарлар мен өсімдіктердің түрлері елде «Қызыл кітаптан» алынған.                                     4-тапсырма.
Тапсырмалармен жұмыс.Көп нүктенің орнына сын есімдерді қойып,көшіріп жазыңдар.
1.Бурабай-Көкшетаудағы ...... көл.2.Оның суы ...... ,......... .3.Ауасы өте ....... 4.Табиғаты ........ .5.Көлдің айналасы...........,............... орман.6.Қоршаған ортаны қорғау-қазіргі кездегі ......... мәселелердің бірі.7.Серуенге шыққанда біз ..........,............ демаламыз.8.Табиғаттың адамға ......... екенін білеміз.9.Сондықтан келер ұрпаққа ......... орман,...........де ................ өзен-көл мен............... ауа қалдыру-біздің борышымыз.
Керектісөздер:
мөлдір,тұщы,таза,әдемі,қарағайлы,қайыңды,өткір,жақсы,көңілді,таза,пайдалы,жасыл,мөлдір,таза.
5-тапсырма. Төмендегі мақалдарды мағынасы бойынша жұптастыр. (тақтамен жұмыс ),сын есімді тап.
1.Жері байдың................. 1.Жер сұлу
2.Туған жердің............ 2.Жер жомарт3.Арманымен ер сұлу,орманымен-........ 3.Алтын бесік4.Туған жердің күні де ыстық,........... 4.Топырағы да ыстық5. Күте білсең ...................... 5. Елі бай
6.Ел іші-................................. 6.Түні де ыстық6-тапсырма. «Табиғат» сөзін септеңдер.
Бекіту.
-         Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
-         Табиғатты қалай қорғау керек ?
-         Ол үшін не істеу керек ?  / сұрақтарға жауап алу/
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Не білдім? Не білгім келеді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: сөздік жаттау,
Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.
Қоршаған, біз, жауаптымыз, үшін, орта.Өздері, мәселелерге, адамдар, экологиялық, кінәлі.Болу, таза, қоршаған, керек, орта, дені, адамның, сау, үшін.Дүниежүзілік, қоршаған, қорғау, ортаны, күні, 5-маусым.