?аза? ?дебиеті п?нінен М??а?али Ма?атаев та?ырыбына презентация


Сабақтың тақырыбы: МҰқағали Мақатаев Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың танымдық , шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, М.Мақатаев туралы білімдерін кеңейту, оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып поэма тақырыбы мен идеясын ашу Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін, өзіндік ізденісі мен ой қорыту қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін , дәлелмен әдеби тілде жеткізе білуге төселдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру Тәрбиелік: Поэмадағы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, сұлулық талғамын байытуға тәрбиелеу Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ.Үй тапсырмасын пысықтауІІІ. Жаңа сабақІV. Сабақты меңгертуV. Сабақты қорытындылауVІ. Үйге тапсырмаVІІ. Бағалау І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.Шерхан Мұртаза “Ай мен Айша” романынан үзінділерін әңгімелеу Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.ІІІ. Жаңа сабақ Поэзия әлемінде Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде,ой-парасатында,жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде.Тірлігінде шекпен кимей,шен алмай,Еңбегінің қызығын да көре алмай.От боп жанып өтіп кеткен ақынға,Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай,-депАйтақын ағамыз жырлағандай,өлеңімен рухани азық,күш жинап,қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық  ақынымыз  ешкімнен кезінде енші  сұраған емес-ті.Мінеки,бұл Мұқағали әлемі. Әр ғасырдың біртуар адамы болады. Зымыран уақыттың пешенесіне жарық жұлдыз болып қадалған Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағали болатын. Мұқағали “Абай жаққан сәулені”сөндірмей,“Жыр сәулені”лаулатар ақынның келетініне сеніп кеткен ақын. Аққулар ұйықтағанда 1. Қаруы бар кәззапқа құрықпенен..., Поэмада кездесетін «Кәззап» сөзі қандай мағынаны білдіреді? 2. Поэманың шарықтау шегі? 3. Ананы қасиетті аққуды атуға не итермеледі? 4. Поэменың идеясы не? (Ақынның айтайын деген ойы?) 5. «Кие» сөзінің мағынасы қандай? Аққудан басқа қандай құстар, жануарлар киелі деп саналады? 6. Ақынның поэмада қозғаған мәселесі: -экология мәселесі -наным-сенім -ананың баласына деген махаббаты 7. Баланың әкесі Жетімкөлге не себепті бармады? 8. Мең-зең болған ана қолындағы қаруын қайда жібереді? 9. Жетімкөлді аққулардан басқа қандай құстар мекен етті? 10. Поэмада қандай қалыптасқан дәстүр туралы айтылады? 11. Қалжыраған ана мен әке бейнесі қалай сипатталады? 12. «Өңім бе, түсім бе деп таңданады, ...» Кімнің ойы? 13. Поэмадағы ана монологы 14. Қайғысын айтқан анаға жылқышы қандай кеңес береді? 15.Аққуды атқан ана қандай қасіретке душар болады? 16. Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап, Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр. Қандай көркемдегіш құрал?  1.БАЛА 2. АНА 3. АҚҚУ 4. НАНЫМ-СЕНІМ Тақырыптарға байланысты әр топ 5 минуттық эссе (ой толғау, шығармашылық жұмыс) жазады.  ІV. Сабақты меңгерту.1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді?2. Мұқағалидің туған жері?3. Төменгі сыныптардан Мұқағалидің қандай өлеңдерін білесіңдер?4. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ақын қандай көркемдегіш құралдарды жиі пайдаланған?5. Аққу қандай құс?6. Қалай ойлайсыңдар автор ана әрекеті арқылы нені айтқысы келді?«Екі жұлдыз, бір тілек» ойыны арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдау. V.Сабақты қорытындылауАқынның туған жылыАқынның туған жеріЕңбектеріҚайтыс болған жылы VІ. Үйге тапсырма Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяның оқу. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып, мазмұндап өздеріне ұнаған шумақтарды жаттау. Шамалары келгенше тақырыпқа байланысты сурет салу. Поэмадағы троп түрлерін анықтау. Мысалы: Тасқа тұңған жаңбырдың тамшысындай – теңеу. Әлдилеп ақ төсінде бермей тыным, Ақ айдын ақ мүсінің тербейтұғын - эпитет. VІІ. Бағалау