Саба? жоспары ?ыс?аша к?бейту формулаларын ?олданып есептер шы?ару (7 сынып)


Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулаларын қолданып есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Қысқаша көбейту формулаларын жатқа білуге,математикалық тілде айта білуге және формулаларды пайдаланып есептер шығара білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
А) қысқаша көбейту формулаларын біледі,математикалық тілде айта біледі.
В) Формулаларды есептер шығаруда пайдалана алады.
С) Есептер шығарудың жаңа жолдарын табады және шығу жолдарын дәлелдей алады
Сабақ түрі: Қайталау, бекіту.
Керекті жабдықтар: постер, стикер, смайликтер, бағалау парағы, бағалау баспалдағы, маркер,магниттер,кеспе карточкалар,оқулық.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу.
Оқушыларға қысқаша көбейту формулаларының жалғасын бір-бірінен тауып,біріктіру арқылы топқа бөлу. /2 минут/
Топбасшысына бағалау парағын таратады.
/1 минут/ Мұғаліммен амандасады.
3 топқа бөлінеді.
Топбасшысын сайлайды.
Топбасшысы бағалау парағына топ мүшелерінің аты-жөнін жазады.
Тұсау-кесер Қайталау сұрақтары:
Формуланы жалғастыр.../7 минут/
1-тапсырма:
Екі өрнектің квадраттарының айырымы...
Екі өрнектің айырымының квадраты...
Екі өрнектің қосындысының квадраты...
Екі өрнектің қосындысының кубы...
Екі өрнектің айырымының кубы...
Екі өрнектің кубтарының қосындысы...
Екі өрнектің кубтарының айырмасы... Формуланың жалғасын айтады.
Топбасшысы топтағы дұрыс жауап берген оқушыға 1 балл қояды.
Негізгі бөлім 2-тапсырма: Формула құрастыру./7 минут/
Топтарға қағаз қиықтарына жазылған формула элементтерін береді. Әр топқа 2 формуланың элементтері беріледі,сол бойынша 2 формула құрастырулары керек. Формуланы 1-ші құрастырған топқа 3 балл, 2-ші құрастырған топқа 2 балл, 3-ші құрастырған топқа 1 балл береді.
а 2 -в2 =(a-в)(а+в)
(а-в)2 = а2-2ав+в2
(а+в)2 = а2+2ав+в2
а 3 –в3 =(a-в)(а2+ав+в2)
а 3 +в3 =(a+в)(а2-ав+в2)
(а-в)3 = а3-3а 2 в+3ав 2- в3
(а+в)3 = а3+3а 2 в+3ав 2+в3
3-тапсырма: Постер қорғау. /10 минут/
Флипчарт үлестіреді. Оған құрастырған формуласына мысал келтіріп формуланы дәлелдеу ұсынылады.
4-тапсырма:Сәйкестендіру тесті./7 минут/
Жеке-жеке оқушыларға тест беріледі.Жауабын тақтадан тексереді. Барлығы 8 есеп.Жоғары балл 8 балл.Әр дұрыс жауапқа бір балл.
Х2 – 2х + 1 (х - 1)2
9а2 – 6ав + в2 (3а - в)2
25х2 + 10ху + у2 (5х + у)2
Х2 +2хс + с2 (х + с)2
а2 – 8а + 16 (а - 4)2
36m2 – 48mn + 16n2 (6m – 4n)2
(а-5)(а+5) а2 – 52
(х-у)(х+у) Х2 – у2
5-тапсырма: Есептер шығару. /7 минут/
Топтарға есептер беріледі.Барлығы 6 есеп.Жоғары балл 6 балл.Әр дұрыс жауапқа бір балл.
(а-1)3 = а3-3а 2 +3а-1
(у+2х)3 = у3+6ху 2 +12ух2+8х3
(2с+3)3 = 8с3 + 36с2 +54с+27
(5х+1)2 = 25х2+10х+1
(в-3)2 = в2-6в+9
(4-с)2 = 16 – 8с + с2
m2 – n2 = (m-n)(m+n)
в2 – 32 = (в-3)(в+3)
92 – 42 = (9-4)(9+4) Топтар формула құрастыра-
ды.Оқылуын айтады. Әр топ 2 формуладан құрастыру.
Топтар бір-бірін «2 жұлдыз,1 тілек» айту арқылы бағалайды.
Тест орындайды. Дәптерле-
рін сағат тілі бойынша ал-
мастырып, дұрыс жауабын тақтамен сәйкестендіріп тексереді.Топбасшылар бағалау парағына қанша + алса сонша балл қояды..
Топтағы оқушылар бірігіп орындайды.Дәптерлерін 1 топ 2 топқа, 2 топ 3 топқа,3 топ 1 топқа беріп тексереді.
Топбасшылар қанша + алғанын бағалау парағына қояды.
Қорытынды Формуланы айтуда,есептер шығаруда қиналамын
Формуланы жатқа білемін,бірақ есептер шығаруда қиналамын
Формуланы жатқа білемін,есептер шығара аламын
Бағалау баспалдағы арқылы өз-өзіне баға беру.Рефлексия жазған стикерлерін баспалдаққа жапсырады.
13271541910
Топбасшысы өз тобындағы оқушының барлық балы бойынша қойған бағасын айтып, смайликтерін үлестіреді.
Әр оқушы осы сабақ бойынша өз ойынан рефлексия жазады./3 минут/
Баспалдақ үстіне өздерін бейнелейді.
Үйге тапсырма №443 /1 минут/ Үй тапсырмасын күнделікке жазады.