Сауат ашу п?нінен Г дыбысы мен ?рпі та?ырыбына ?тілген ашы? саба?


Әліппе Уақыты: 21.11.15ж Кабинет: № 3 Мұғалім:
Исмаилова Зарина СергазыевнаСабақтың атауы Гг дыбысы мен әрпі туралы 1-сағат
Сілтеме Сауат ашу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
Сабақтың жабдығы Кеспе әріптер, суреттер, буындар, интер тақта, ұялы телефон.
Мақсаты :
(Смарт өлшеммен) Оқушыларға Г г дыбысы мен әрпі туралы түсінік қалыптастырады.
Оқыту  нәтижесіГ дыбысы мен әрпін оқып ,жаза алады.Ақ көгершін өлеңін түсініп мазмұндайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар ,бүгін бізде ерекше сабақ бүгін бізге қонақтар келіп отыр! Қане бір-бірімізге жақсы көңіл сыйлайық!

Оқушылар хормен айтады.
Армысың аспан- Ана!
Армысың жер –Ана!
Армысың -Алтын күн!
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз тату болайық.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Үлкендерді құрметтеп!
Бас иеміз біз!
Топқа бөлу Оқушыларды мазайка арқылы топтарға бөлемін. Г дыбысына байланысты түрлі-түсті гүлдерден мозайка құрастыра отырып топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту Ал балалар бізге бүгін «Балапан » телеарнасынан жас тілші қонаққа келіп тұр ! Қарсы алайық!
«Интервью» әдісі.
Оқушы арасындағы диалог арқылы өткен тақырыпты байланыстыра отырып жаңа сабаққа көпірше болады.

Рахмет, саған жас тілші енді бізге қонақ болып келіпсің ,төрге шық! Оқушы сөзі: Армысыздар оқушылар,ұстаздар ,инемен құдық қазғандар! Мен бүгін сендердің білімдерің мен өнерлеріңді тамашалауға келдім! Қане ,дайынбыз ба?
Оқушы мен оқушы арасында диалог жүреді.
Сұрақ –жауап:
1.Балалар қазір қай жыл мезгілі?
2.Күзде жапырақтар өзгереді ме?
3.Дауысты дыбыстарды атап берші?
4.Дыбысты не стейміз?
5.Әріпті не стейміз?
6.Сөз неден құралады?
7.Сөйлем неден құралады?
8.Сөйлемді қандай әріппен жазамыз?
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушы орнына отырады.
Мағынаны тану
Ой қозғау. Ал енді, балалар жұмбақ шешіп жіберейік!
Диктафоннан жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын оқушылар өзі ашады.
Аналарға сыйлайтын Аралар бал жинайтын Бұл немене балалар, Үзуге адам қимайтын. ( Гүл )Гүл жайында айтылған екен. Жаңа біз топқа бөлінгенде де мозайкадан қандай сурет шықты?
Г әрпі мен дыбысын біледі.
1. Гүл сөзі қай дыбыстан басталады ?Бірге айтайық. Г - г - гГ- дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен белгілейміз.Тағы да қандай сөздерде г дыбысы бар. Назар салып тыңдайық. (газ, кереге, гүл, көгершін)
Г г дыбысымен таныстыру.Г - дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысына ұқсас. ғ - жуан, ұяң.
Жұмбақты шешу арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашады.
Оқушылар гүлдің суреті екенін хормен айтады.
.

Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде,тойда,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.Бағандағы сөздермен жұмысЕ гін – егіс алқабы,бидай егетін алқапЕ геу – үй шаруасында қолданылатын құралЕ гіз – бірге туған екі адамСе гіз – сан,жетіден кейін келетін(математикада алдынғы уақытта өтеміз)Ке ре ге – киіз үйдің бөлігі(шаңырақ,уық,кереге)Бе те ге – шөптесін өсімдік(бетегеден биік, жусаннан аласа)Ше ге – үй шаруашылығына пайд.ағаш қағ.затНе ге – сұрақШең гел – тікенді өсімдікМез гіл – уақыт,жылдың төрт мезгілі бар
.Дәптермен жұмыс
Оқулықпен жұмысКөгершін ол не? (Құс.)
Қандай құс . Бейбітшілік құсы
Бағандағы сөздерді оқиды.
Оқушылар жазу дәптеріне әдемі етіп Ггдыбысы мен әрпін жазып шығады.
Сергіту сәті
Олай болса әнін тыңдап, қосыла шырқайық!

Оқушылар көгершіннің бейбітшілік құсы екенін айтады.
Хормен өлеңді айтады.
«Кім жылдам ?» ойыны.
Оқушылар топта талқылап , 1буын ,2буын ,3буын сөздерді табады.
Кері байланыс «Сабағымызды қорытындылаймыз. Балалар бүгін сабағымыз ұнады ма? - Қандай әріппен таныстық?- Г қандай дыбыс? – деген сұрақтар арқылы балалардың түсінгендерін тағы бір пысықтаған соң, өте жақсы деп бағалау,мадақтау айтылады.  Бағалау критерилері бойынша өзін-өзі бағалайды. Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады