Саба?ты? та?ырыбы: Арыстан мен тыш?ан (ертегі)


Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегі)
Мақсаты: Арыстан мен тышқан ертегісін оқыта отырып,
жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрету.
Міндеті: 1.Мәтін мазмұнын ашып, аңдарға мінездеме беру.
Түсініп оқып, мазмұндау.
2.Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерге тоқталып,
оқушы бойына жақсылықты дарыту.
3.Табиғатқа, жануарларға деген аяушылық сезімдерін
оятып,жақсылық жасауға, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап, венн диаграммасы.
Сабақ типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Көрнекілігі:слайдтар, арыстан мен тышқан ойыншықтары.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі:
-Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Күлім қағып қолымды, қошеметпен соғайын,
Қарап тұрған көршіме қолымды мен бұлғайын.
Жылы шырай жүзбенен,маңдайыңнан сипайын,
Жылы-жылы сөзбенен,жүегімді сыйлайын.
-Ендеше жылы сөзбен, тілегімізді жүрекшеге жазып көршімізге ұсынайық.
-Тілектерің орындалып, дендерің сау болсын деп тілеймін.
II Үй тапсырмасын сұрау.
«Әдептілік әліппесі»өлеңін жатқа сұрап, мағынасын ашу.
1-топ:Әдептілік деген не?
2-топ:Сәлемдесудің, қоштасудың қандай түрлері бар?
3-топ:Ұнаған шумақтарыңды жатқа айтып беріңдер.
(жауаптар алып, толықтыру)
-Әдептілік туралы мақал-мәтел айтып, жарысамыз.
-Әр топ бір мақалдың мағынасын ашу керек.
III. Жаңа сабақ
1.Ой қозғау.
-Мен өткен сабақта сендерге дала жануарлары туралы деректер тауып ,ол туралы айтуға дайындалып келіңдер дегем, кәне кім дайын?
Қоян,аю, қасқыр, түлкі, арыстан, тышқан аңдары көрсетіліп, олар туралы әңгімеленеді.
-Балалар, бүгін осы арыстан мен тышқан туралы ертегімен танысамыз.
2.Оқулықпен жұмыс
-Ертегінің басын 1-ші топ оқиды, 2-ші топ түсіндіреді.2-ші топ оқиды 3-ші топ түсіндіреді.3-ші топ оқиды, 1-ші топ түсіндіреді.
(Осы тәсілмен мәтін мазмұнын оқушылардың өздері ашады.)
3. Мәтінді тізбектей оқыту, талдау.
Сұрақтар: 1.Мәтін не туралы екен?
2.Арыстан тышқанның сөзіне неге күлді?
3.Тышқан арыстанға қалай көмектесті?
4.Сендерге ертегі кейіпкерлерінің қайсысы ұнады?
4.Ой толғаныс.
1-топ:Арыстан мен тышқанға мінездеме бере отырып, венн диограммасын толтыр.
2-топ: Жақсы қасиеттерді жаз.
3-топ:Жаман қасиеттерді жаз.
(жауаптарды оқытып, қорытындылау)
IV.Қорытындылау
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Кімге несімен ұнады?
(жауаптарын тыңдап ,қорытындылау)
Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ үйрену,ұғу, ұлағат.
Әрбір сөзің-шындық,бірлік, адамдық,
Әрбір ісің- тілек, тірлік, адалдық-дей келе адамдарды досымыз деп, әр сабақтан үйреніп, әр сөзіміз шындық болып, ісіміз адал болсын деп сабағымызды аяқтаймыз.
V.Бағалау.
Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп- гимназиясы
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (Ертегі)
Сыныбы:2 Б
Өткізген: Кабделова Алтынай Гильмановна
Уақыты:30.10.2012
Атырау-2012ж