Дара ж?не к?рделі етістіктер, 2 сынып



Маңғыстау облысыЖаңаөзен қаласыҚашаған Құржымаұлы атындағы № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Муханова Гүлмира Сайлаубаевна 
Сабақтың тақырыбы:«Дара және күрделі етістіктер»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы мағлұмат беріп,
сөйлем ішінен дара және күрделі етістіктерді бір-бірінен ажырата білу.
Сабақтың дамытушылығы: Сөздік қорын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру, есте сақтау
қабілет дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі:Оқушыларды мейірімділікке, сыпайылылыққа, әрбір істі саналы, ұқыпты
орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Сабақты ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Мақсат қоймай алдыңа
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйлап үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Үй тапсырмасын тексеру.
429 жаттығуды ауызша оқыту арқылы оырндату
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің неше түрі бар?
3. Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
4. Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
5. Етістік дегеніміз не?
Ал енді мына өлең жолдарын тыңдаймыз.
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп
Сай-салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Жер гүл шашақ тағады.
Қой маңырап,
Төлдер жамырап
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады.(көктем)
Жарайсыңдар. Олай болса көктем айларын атаңдаршы, (наурыз, сәуір, мамыр)
Наурыз айында қандай мерекелер болады?
Наурыз туралы оқушыларға түсіндіру.
Наурыз-қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың ұлы күні» , деп жақсылық тілеген. Олай болса осы ұлыстың ұлы күнінде қазан-қазан толтырып наурыз көже жасайды. Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен яғни сүт, ет, су, тары, құрт, жеміс сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық, сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз-тоқшылық күні. Қазан оттан түспейді. Әр үйде наурыз көже жасалып, уыз қатырылып, сапырылады.
Оқушылар енді бүгінгі наурызға келген қонақтарымызға наурыз көже дайындап берейік. Ол үшін алдымен қазанымызға су құямыз.

Су құю үшін тақтада екі сөйлемдер берілген.
1. Мал өріске шықты.
2. Қыздар қызғалдақ теріп жүр. Осы берілген сөйлемдерді дара, күрделі деп жаңа тақырыпты түсіндіру. Келесі қазанымызға ет саламыз.

Ол үшін оқушылар кітабымыздың 142-бетіндегі 433-жаттығуды орындаймыз. Сөйлемдерді көшіріп жазып, етістіктердің астын сызу. Келесі тұз саламыз.

Тұз – тамақтың дәмін келтіреді. Оны салу үшін 434- жаттығуды орындаймыз. Бұл жаттығуда дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жазу және етістіктерге сұрақ қою.
Ұшты - ұшып барады.
Күреді – күреп жүр.
Құйды – құйып жүр.
Үйді – үйіп жүр.
Сүзді – сүзіп жүр.
Келесі құрт саламыз.

Ол үшін сергіту сәтін орындаймыз.
Жел тұрды
Ағаштар қозғалды.
Жаңбыр жауды,
Жаңбыр басылды
Күн ашылды.
Жақсы оқушылар, осы сергіту сәтінде іс-қимылды білідіріп тұрған сөздер бар ма?
Келесі көжеміздің ішіне сүт құямыз?

Ол үшін 435 – жаттығуды орындаймыз. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастырамыз. Енді оқушылар көжемізге ерік саламыз.

Салу үшін 436-жаттығуды ауызша орындаймыз. Келесі тары саламыз.

Оны салу үшін шығармашылық тапсырма орындаймыз. Тапсырмада күрделі етістіктерді дара етістікке айналдыру.
Гүлжан кітап оқып отыр. Баян кесте тігіп отыр. Төлеген домбыра тартып отыр. Осы жерде берілген күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдыру.
Сабақты қорыту:
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік нешеге бөлінеді?
3. Дара етістік неше сөзден тұрады?
4. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
5. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
6. Зат есім сөйлемде қай сөз табымен байланысады?
7. Етістік сөйлемде қай сөз табымен байланысады?
Оқушыларды бағалау. Үйге 437-жаттығу.