общешкольное мероприятие Жігіт с?лтаны (бай?ау)


14
Жігіт сұлтаны байқауы.
1



Жігіт сұлтаны (байқау)
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» байқауыЖүргізуші: Армысыздар, құрметті өнер сүйер қауым!Ұлттың болашағы ұрпағыңда болса, ұрпақ тәрбиесі - біздің қолымызда. Демек, ата тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу мақсатында, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізгелі отырмыз.Музыка.Жүргізуші: Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтінСезімтал мен зерегін таразылап көретінТаныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештіңТарландардың бағасын әділ шешіп беретін.Қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.1.2.Жүргізуші: Арыстандай бабалар жолын қуған«Баба жолын – ұлылық» деп ұғындырғанСұлтандарға қарасаң елестейдіАйбарлы да айбатты Абылайхан,-деп құрметті көрермен қауым, бүгінгі сайысқа түсетін жігіттерімізбен таныстыруға рұқсат етіңіздер.Күй «Адай».1 - нөмірлі ----------------------------2 - нөмірлі -------- -------------------Енді бүгінгі сайыстың өтілу ретімен таныстыра кетейін:Сайыскерді таныстыру.Сұрақ-жауап.ӨнерҮйге тапсырмасыСән үлгісіКір тасын көтеру.Бүгінгі сайысымыздың ұпай саны 3 - тік жүйемен белгіленеді.Бастайық, сынайық біз тарландарынӘр сыныптың сымбатты арландарынТаныстыру ретімен бола берсінКезек күтіп, дайындал, қалғандардың!,- деп жігіттерді сахнадан қошеметтеп шығарып саламыз.Ортаға білім сайысына түсуге барлық сайыскерлерді шақырамыз./Конверт таратылады/.Ойлануға 1 минут уақыт берілді.Ер ісі – ақылға ермек, бойды жеңбек,Өнерсіздің қылығы өле көрмек,- дегендей ендігі кезекте үй тапсырмасы - қолөнер сайысы. Әр сайыскер өзінің қолдан жасаған бұйымын көрсетіп, қорғайды.- Тарландарымыз келесі сайысқа түсуге дайындала берсін, құрметтеп шығарып салайық.МузыкаЖүргізуші: Күлкі жайлы көп айтылады. Дегенмен оның адам өмірінде алар орнына қарай әділ бағаланса ләзім. Ол көңіл көтере отырып, ой тастайтын болса тіпті керемет емес пе?. Ендеше, сахнаға ---------------- шақырамыз.Көрініс.Сайысымыздың келесі бөлімі «Сән үлгісін көрсету».Жүргізуші: 1. Мына алдарыңыздағы сән үлгісі «Дүниенің төрт бөлігін кезіп, жерұйық іздеген Қорқыт бабаның» бүгінгі ұрпағының образы. Қазақ елінің қайтсем жақсы өмір сүруге жетелеймін деген салиқалы ойдан туындаған сән үлгісі - түлкі, қарсақ терілерін қиюластыра әсемдеп жасалынған, әрі жылы, әрі қонымды.2. Алдарыңызда қазақтың шабандоз жігітінің киімі. Қазіргі заманда спорттық жарыстарға шыққанда киюге қолайлы.3.«Қазақ осы биік тұлғалы» деген, Есік қорғанынан табылған Алтын адам бейнесі. Жақұттай жалтылдаған бас киім, ақ түсті жейде, жайлы да төзімді өкшесіз мәсі тектес етік. Бұл сән үлгісі - әлемнің әр түкпірінде өз маңызын жоймайды.Жүргізуші: Көп рахмет. Енді әділ қазылар алқасынан сұлтандардың ұпайының санын сұраймыз.1 - нөмірлі ---------------------Жігітке өлең де өнер, өнер де өнерЖүйрік ат өрге салсаң өрмеленер,- деп сайысымыздың келесі бөлігінде жігіттер өз өнерін көрсетеді.Сахнада 1 - нөмірлі , 2...Жүргізуші: -------,-------- , кел бері,Ортаға шық, ілгері!Шырқаңдар да билеңдер,Жастық шақтың гүлдері!Музыкалық номер:Қалалық «Замана бұлбұлдары» байқауының жүлдегері - --------------------Енді қазылар алқасы сұлтандардың бағасын берсе. ...Жүргізуші: Бүгінгі сайыстың ең соңғы шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.Қазылар орнықтырар әділдіктіКімдердің жігіттері кәміл шықтыБілім мен тапқырлықтың сайысындаЖеңіске жетсе деймін нағыз мықты,- дей келе әділ қазылар алқасы ақылдасқанша, алдарыңызда ---------------------------- өнерін көрсетеді.Жүргізуші: «Батыр болған бабамнанЕл қорғауды үйренгенАру болған анамнанАр қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.(Сегіз қыз лента алып шығады)Жүргізуші: Тұяқтарың мұқалмасынҚанаттарың талмасынЖаман адам кез келмесінАяқтардан шалмасынЖігер болсын көздеріңдеҚатардан еш қалмаңдарШат заманда, сүйікті елдеБиіктерге самғаңдар!
Қарақоға орта мектебі.
Жігіт сұлтаны байқауы.
Өткізген—Сапарова Сауле Темергалиевна
2012-2013 оқу жылы.