Разработка урока на тему ?ысым


Ақтөбе облысы
Қарғалы ауданы
Әлімбет орта мектеп – балабақшасы
Сабақтың тақырыбы:

Өткізген: Тлешева Айгүл Тасболатқызы
2015 жыл
Класс: 7
Сабақтың тақырыбы: Қысым тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қысым тарауы бойынша алған білімін жинақтау, жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген көзқарасын, ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, ұжым болып жұмыс істеуге үйрету. Қысымның өмірдегі маңызын ұғындыру.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: АКТ, сыни тұрғысынан ойлау, диалогтық оқыту, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.
Техникалық құрал - жабдықтар: компьютер, видеопроектор, интертақта, флипчарт, стикер, смайликтер.
Ұйымдастыру:
Алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Жүрек жылуы» тренингін өткіземін. Қысым, аудан, күш тобына стикерлер арқылы бөлемін.
Сабақ барысы:
Өтілген материалдарға сұрақ – жауап арқылы шолу жасау.
Тәжірибе аралы
Есептер шығару
Сөзжұмбақ шешу
Сергіту сәті
Тест орындау
Үйге тапсырма
Бағалау
1. Сұрақ - жауап
1.Қысым дегеніміз не?
2.Қысым бірліктерін ата
3.Қысым бірлігі Паскаль.1Па-ды түсіндір.
4.Қысымды арттыру немесе кеміту тәсілдерін ата?
5.Газ молекулаларының қозғалысы туралы ілімге сүйеніп газ қысымын қалай түсіндіруге болады?
6.Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан өзгеше қандай қасиеттері бар?
7.Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?
8.Қандай күйде газ көбірек қысым түсіреді: суық күйінде ме, әлде қыздырылған күйде ме? Түсіндір.
9. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай шамаларға тәуелді болады?
10. Ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есептеуге арналған формуланы қорытып шығару керек?
2. Тәжірибе аралына саяхат жасалады. Флипчартта арнайы оқушылардың дайындаған тәжірибелері көрсетіліп, оқушылар жұптасып жауап береді.
3. Есептер шығару
І топ
А) 3 кН күш 600 см2 ауданға біркелкі әсер етеді. Қысым қандай (Паскаль есебімен)?
В) Гидравликалық машинаның кіші поршені 100 Н күштің әсерінен 8 см түседі. Егер үлкен поршеньнің жүгімен салмағы 1,6 кН болса, ол қандай биіктікке көтеріледі?
C) Тұтас дененің судағы салмағы ауадағы салмағынан үш есе кіші. Егер судың тығыздығы 103 кг/м3 болса, дененің тығыздығы қандай?
ІІ топ
А) Топыраққа жанасып тұрған бетінің ауданы 1,5 м2 , көлемі 6 м3 гранит текше топыраққа қандай қысым түсіреді? ρк=800 кг/м3 .
В) Ыдыстағы су бағанасының биіктігі 8 см. Су ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? Осындай деңгейде құйылған сынап қандай қандай қысым түсірер еді?
С) Метро аялдамасының кіре берісіндегі барометр 101,3 кПа қысымды көрсетіп тұр. Метро аялдамасының астындағы барометр 101,674 кПа қысымды көрсетіп тұр деп есептеп, оның қандай тереңдікте орналасқанын анықтаңыздар.
ІІІ топ
А) Шаңғышының қарға түсіретін қысымы 2,5 кПа. Егер бір шаңғының ұзындығы 190 см, ал ені 8 см болса, онда шаңғышының массасы қандай?
B) U тәрізді сынабы бар түтікке су және керосин құйылған. Түтіктегі сынап деңгейлері екі түтікте бірдей. Егер оң жақтағы керосин бағанасының биіктігі 20 см болса, су деңгейінің биіктігі қандай болар еді? ρсу=1000 кг/м3, ρк=800 кг/м3 ρсынап=13,6*103 кг/м3 .
С) Динамометрге көлемі 500 см3 жүк ілгенде оның көрсетуі 28 Н болған. Егер жүкті керосинге батырса, динамометр нені көрстер еді? ρк=800 кг/м3 .
4. «Манометр» сөзжұмбағын шешу /флипчартта көрсетілген/
5. Сергіту сәті: «Жұбынды тап» ойыны ұйымдастырылады. Музыка ырғағында билеп жүріп, формула құрастырады.
6. Тест орындау /флипчартта көрсетілген/
І Нұсқа
1.Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ...да тәуелді
а) қысымына, ә) көлеміне, б) ауданына, в) ұзындығына
2.Газға не сұйыққа түсірілетін қысым олардың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Кімнің заңы:
а) Ньютон ә) Аристотель б) Паскаль, в) Гук
3. Егер сұйық қабаты тереңде орналасса, ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым ... болады
а) кіші ә) көп б) тең в) өзгермейді
4.Атмосфераның қысымы бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал ... деп аталады
а)ареометр ә)барометр б) альтиметр в) манометр
5. Қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшеу үшін қолданылады
а)сигмоманометр ә) барометр, б) альтиметр, в) манометр
6. Сұйыққа немесе газға батырылған денені ығыстырып шығаратын күшті ... деп атайды
а) Архимед күші, ә)қысым күші, б) ауырлық күші в) ығыстырушы күш
7.Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер - ... деп аталады
а) барометр, ә) лактометр, б) манометр, в) альтиметр
8.) ... сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күшпен сипатталады
а)архимед күші ә) серпімділік күші, б) беттік керілу күші, в) қысым күші
9. Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдік ... деп аталады
а) бату, ә) ығыстырым, б) шөгім, в) жұғу
10. Қысымның өлшем бірлігі
а) Н, ә) м, б) кг, в) Па
ІІ Нұсқа
1.Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы ... деп атайды
а) аудан, ә) қысым, б) көлем,в) күш
2.Жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғұрлым ... болады
а) кіші, ә)үлкен, б) өзгермейді, в)тең
3. ... дененің батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең
а) серпімділік күші, ә) ауырлық күші, б) қысым күші, в) ығыстырушы күш
4. Егер ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа...
а) батады, ә) жүзеді, б) қалқиды
5.Ареометрлер кез-келген сұйықтың ...өлшеу үшін қолданылады
а) массасын, ә) қысымын, б)көлемін, в) тығыздығын
6.Ауада қалқып жүрген шарға ығыстырылған ауаның салмағына тең ... әрекет етеді
а) ауырлық күші, ә) серпімділік күші, б) үйкеліс күші, в) архимед күші
7. Қатынас ыдыстарындағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың ... кері пропорционал
а) массасына, ә) көлеміне, б) тығыздығына, в) ауданына
8.Қылтүтіктің қабырғаларына сұйық жұқпайтын болса, онда беттік керілу күшінің әрекетінен сұйық деңгейі ...
а) төмендейді, ә) көтеріледі, б) өзгермейді
9. Қылтүтіктің бойымен сұйықтың көтерілуі немесе төмен түсуі кезінде байқалатын беттік құбылысты ... деп атайды
а) жұғу, ә) қалқу, б) қылтүтіктік құбылыс
10. Газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымы газ молекулаларының ... пайда болады
а) соқтығысуынан, ә) тыныштықта болуынан
Баллдық бағалау
"5"-10
"4"-8-9
"3"-7
"2"-7-ден төмен
7. Үйге тапсырма: Қайталау, мәнжазба жазу.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы білдіреді.
8. Бағалау