Технологиялы? карта КМ?? Текше, шар, цилиндр. ?айталау. ?арыш.


Технологиялық карта
Ай-апта Мақсаты
Білім беру салалары «Таным» «Шығармашылық» Сабақтың мақсаты: көлемді денелер (шар, текше, конус, цилиндр) туралы түсінік нақтыланады; қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып үйрену
Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. планеталардың аппликация- лық бейнелерін құрастыру; шаршы қағаздардан қажетті пішінді қию тәсілдерін жетілдіру; заттың натурасына және ұғымына қатысты қиюға үйрету; бір параққа пішіндерді дұрыс орналастыру дағдыларын бекіту; көз мөлшерін дамыту.
Бөлімдері Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Аппликация Тақырыбы Текше, шар, цилиндр.Қайталау. Ғарыш
Әдістер сұрақ – жауап, түсіндіру Көрнекіліктер
суреттер, геометриялық фигуралар, аспан әлемі, планеталар бейнеленген фотосуреттер
жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаз,қатырмақағаз, қайшы, желім, қолорамал. Қос-тілділік шар - круг, текше - куб, цилиндр, пирамида..Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Балалардың назарын сабаққа аудару.
Шаттық шеңберінде тұрып , бір – бірлеріне жақсы көңіл күй тілейді.
Амансың ба, алтын күн,Амансың ба, жер ана,Амансың ба, достарым,Сендерді көрсем қуанам!
Ұйымдастырушы-
лық
ізденістік
-Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.— Ғарышқа бару үшін бізге не керек?-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.— Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.— Міне, балалар зымыранымыз да дайын. Енді біздер «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен. Тапсырма аты: №1 тапсырманы орындар алдында балалар текше, шар , цилиндр туралы еске түсіреді.
Шар – шар: ол дөңгелек, домалатуға болады.Шарға доп, моншақ, шырша ойыншығы ұқсас келеді.Текше - куб: шар сияқты дөңгелей алмайды, өйткені оның бұрыштары бар. Текшеге теледидар, сумка, сағат, үстел, текше ойыншықтар, печенье т. б. заттар ұқсас келеді.Цилиндр екі тілде осылай аталады. Цилиндрге стакан, ерлер шляпасы, гүл салатын ваза, балмұздақ, сгущенка т. б. заттар ұқсас келеді екен.Пирамида екі тілде осылай аталады. Шың» деп те аударылады. Пирамида таудың қар басқан ұшына, сарайлар мен мұнаралардың күмбезіне ұқсайды.«Қайсысы неге ұқсас?» ойынын ойнайды. Текшені көрсетеді, ал балалар айналасынан пішіні оған ұқсайтын заттарды табады. Содан кейін балалар заттардың бейнесін қарастырып, кесте ұяшықтарына жапсырады.
— Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік. Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздарды қиып алайық Жәй әуенде музыка ойналып тұрады.Тәрбиеші: — Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?Өте жақсы. Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық.Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады)— Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.1. Күн: кемпірқосақта неше түс бар? (7)2. Жер: бағдаршамда неше көз бар? (3)3. Ай: қолғапта неше саусақ бар? (5)4. Шолпан: адамда қанша көз бар? (2)5. Марс: жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)6. Сатурн: аспанда неше күн бар? (1)7. Нептун: бір жылда неше ай бар? (12)8. Плутон: бір аптада неше күн бар? (7)9. Уран: адамда қанша саусақ бар? (10)-Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшарды алып кетейік. Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып ғаламшарларды қиып алайық.Мында қараңдар балалар біздер жұлдыздарымыз- ды құрастырумен айналысып жатқанымызда біздің ғаламшарға жатпланеталықтар келіп қалыпты. Мынау солардың іздері ғой. (музыка ойналады). Жатпланеталықтар құпиясын іздерін ашу үшін №2 тапсырма орындайық. Балаларға бұрыннан таныс, оны түсіндіруімен орындарында отырып орындайды. «Фигураларды  жаңа  орынға  өзгерт.» ойыны ойналады
Мысалы: пішіндерін өзгертеді.Үлкен  үшбұрыш - үлкен шеңбер,  кіші шеңбер –кіші үшбұрыш болады. т.с. Түстерін өзгертеді. Сары шаршы – қызыл шаршы, қызыл үшбұрыш сары үшбұрыш. Өлшемдерін өзгертеді.Кішішеңбер үлкен шеңбер, үлкен шаршы – кіші шаршы. Сандарын өзгерт. Үш – екі, екі – үш болады.
Балалар біздер құпия іздерді ашып болған жоқпыз олай болса біз демалып серігіп алайықСергіту сәті.
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
— Күшімізді жинап келдік, қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік.— Олай болса№3 тапсырма есепті құрастыру және шешуді орындайық.Суретке қараңдар. Неше пирамида үлкен? Оған нешеу қосты? Есептің шартын құрасырып, сұрақ қоямыз және есепті шығарамыз.
Сурет астындағы 3 торкөзді бір түспен және 2 торкөзді басқа түспен боя. Есептің шешуін бос торкөзге жаз.
№4 тапсырма. Саусақ қимылын дамытуға арналған
— Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді мектебімізге қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік. (музыка ойналады) Балалар мектепке де жеттік. Ал енді ғаламшардан алып келген жұлдызшалар мен ғалам шарларын алып ғарыш әлемін жапсырайық. — Зымыран.
— Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш –деп балалар жауап береді.
Баларар бірге айтады
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Тиісті жапсырмаларды орналастырады.
Балалар: — 5 үшбұрыш, 1 бесбұрыш.
Сурет бойынша сұраққа жауап береді
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.
Сурет бойынша есептер құрастырып шығарады.
7 және 8 сандарын ұқыптап жазу
Саусақ қимыл дамыту тапсырмасын орындайды.
Рефлексивтік
жинақтаушы Тәрбиеші: — Балалар сіздердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сіздерге көп рахмет.
Балаларды мадақтау, бағалау атаймыз? Сұрақтарға жауап беру Қуанады.
Күтілетін нәтиже
Білу керек: көлемді денелер (шар, текше, конус, цилиндр) геометриялық фигуралар түрлерін біледі.
Түсінеді: қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды таба білу керек.
Қолдана біледі: Геометриялық денелер түрлерін таныды.