Презентация на тему Жас ?стазды? т?л?алы? ж?не к?сіби м?мкіндіктерін дамыту жолы


X Түгіскен 2015 жыл « Жас ұстаздың тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту жолы» Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиядың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше.Егемен еліміздің болашағы,оның әлемдік өркениеттегі өз орны,ең алдымен білім мен тәрбиенің бастау –ұстаз қолында. Н.Ә.Назарбаев Ұстаз-мәдениеттің қайнар көзі жастарды қалыптастыратын мүсінші,адамтану мамандығының иесі.Мұғалім-бүгінгі оқушы- ертеңгі қоғамның ,елдің тірегін өмірге дайындаушы. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана,мұғалім.Оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.» К.Ушинский Ұстаз деген ұлы сезімге лайықты бола білу-мұғалім өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен ,жайдары мінезімен,тіпті сырт пішін,киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. М.Ғабдуллин Мұғалім балаларымен істес болады,егер олар бір нәрсені түсінбесе ,ол мұғалім шәкірттерді кінәламай,оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек.Мұғалім сөйлегенде ашуланбай,күйгелектенбей,сабырлықпен сөйлеп,шұбалаңқы сөздер мен кедергісіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіру керек. Ы.Алтынсарин ғылыми жетістіккебілімі жеткілікті Қоғамның қарқынды дамуынаілесе алатын Педагогиканы,Психологиянытерең меңгерген ізденімпаз тұлға заман талабына сай ойлайтын Мұғалім Кәсіби даму- (лат profiteоr- өз ісімді хабарлаймын)- еңбек әлемінде, соның ішінде жекелеген кәсіби рөлдердің, кәсіби мотивацияның ,кәсіби білімдермен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтогонезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі.Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялау негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады. Кәсіби даму-бұл жүйелі беку, білім саласында жетісу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдермен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу. Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес ,ойлаудың ,пайдалы әдеттің негізі. Кәсіби дамуда педагогтың кәсіби өзіндік даму мен өзіндік білім алу психологиясы ерекше .Әр педагог өзін үнемі іштей оқуға,ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. Мұғалімнің өз білімін жетілдірудің негізгі мазмұны Көп жылдан бері мұғалімнің өз білімін жетілдіру жұмысының мазмұнын төрт нәрсе құрап келеді: 1)Теориялық білім 2)Әдістемелік білім 3)Пәндік білім 4)Жалпы білім I.Теориялық білім жетілдіру Психология,педагогика,социология және дидактика салалары бойынша теориялық білімін жетілдіру;Қазіргі білім беру технологияларының негіздерін оқып-үйрену;Қ.Р-ның білім туралы негігі нормативтік құжаттарын оқып-үйрену;Инновациялық педагогиканың негізгі бағыттарын оқып-үйрену,білім берудің жаңа пардигмаларының мәнін терең түсіну;Жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды оқып-үйрену. II.Әдістемелік білімін жетілдіру Жеке тұлға бағытталған педагогикалық технологияларды оқып-үйрену;Пәнді оқытудың тиімді технологияларын,белсенді оқыту әдіс-формаларын,қазіргі талаптарға байланысты пәнді оқытудың арнайы әдістемесін оқып-үйрену;Озат педагогикалық тәжірибе мен педагогика ғылымының жетістіктерін оқып-үйрену,практикаға ендіру;Мектептегі әртүрлі әдістемелік жұмыстарға белсене қатысу;Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену. III.Пәндік білімін жетілдіру Пән бойынша жоғарғы оқу орнындағы білім деңгейінде білімін толықтыру;Білім стандарттары,оқу бағдарламалары,оқу жоспарларын зерттеу,сараптау,жаңа буын оқулықтары және басқада да оқу-әдістемелік құралдарды оқып-үйрену;Өз мамандығына сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарды үнемі оқып,білімін толықтырып отыру;Өз пәні бойынша жаңа ақпараттар алу,жаңа білімдер игеру. IV.Жалпы білімін жетілдіру Саяси,ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді оқу арқылы білімін тереңдету және ой-өрісін кеңейту;Театр,мұражай,лекторий және кітапханаларға бару,әр түрлі ғылыми-танымдық ,мәдени-көпшілік шараларға қатысу;Этика мен эстетика, экология мен экономика мәселелерін оқып-үйрену Өз бетінше білім жетілдіру жүйесі Педагогикалық озат тәжірибені зеттеп,жинақтау Өзіндік іс-тәжірибе мен арнайы сынақжұмыстарын жүргізу Педагогика ғылымы жетістіктерін Жүйелі оқып-үйрену Өз бетінше білім жетілдірудіңбасты бағыттары Кәсіби шеберлігін,пәндік біліктілігін жетілдіру Өзіндік танымдық-шығармашылық Қабілеттерін арттыру Жалпы ой-өрісін кеңейту,жалпы білімін көтеру Білім жетілдірудің негізгі мазмұны Теориялық білімін жетілдіру Жалпы мәдени білімін жетілдіру Әдістемелік білімін жетілдіру Пәндік білімін жетілдіру Білім жетілдіру жұмысының маңызды түрлері Кәсіптік байқау сайыстар,олимпиадалар Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар-тренингтер Әдістемелік кеңестер мен пед.оқулар Білім жетілдіру жұмысының негізгі формалары Жеке өзіндік ғылыми зерттеу жұмыстары Жұптық немесе ұжымдық әдістемелік ізденіс жұмыстары Шығармашылық ізденіс-зерттеу топтары Білім жетілдіру жұмысының негізгі нәтижелері Кәсіби білім-білік қорын молайтып,тиімді таңдау жасай алу Мақсатты бағытты педагогикалық үрдісті шығармашылықпен атқара алу Нәтижелі оқыту қызметінжасап,оған терең талдау жасай алу