?лыбритания.


Сынып: 11 А
Күні: 26.11.14
Тақырыбы: Ұлыбритания.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Ұлыбританияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Ұлыбританияның ірі қалаларымен, «ағылшындық салт-дәстүрлердің» ерекшеліктерімен, спорттық ойындардың түрлерімен танысу.
Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, Ұлыбританияның тарихи-географиялық аймақтарының құрамына, мемлекеттік құрылысына, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне, халықтың ұлттық құрамына баға беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ Тақырыпты түсіндіру Ұлыбритания еліне жалпы шолудан басталады.
Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, осы мәселелер бойынша оқулық мәтіні мен атластарын пайдаланып, өз беттерінше талқылаңдар деп тапсырма береді.
1. Елдің басты ерекшеліктері. Мемлекеттік құрылымы мен ЭГЖ туралы: -ресми атауы; орналасқан жері; -тарихи аталуы; мемлекеттік шекаралары; елдің ЭГЖ-ң ерекшеліктері; қолайлығы; -елдің геосаяси жағдайы; -мемлекеттік құрылымы, басқару формасы; -тарихи провинциялары; елдің басты саяси күштері; -елдің саяси және экономикалық ұйымдары; елдің халықаралық ұйымдарға кіруі.
2. Елдің табиғаты мен табиғат ресурстарына сипаттама беру жоспары: жер бедерінің басты ерекшелігі; географиялық орнының ерекшелігі; климаттық жағдайының басты ерекшелігі; ішкі сулары – өзендері мен көлдері; орман ресурстары; табиғат ресурстары, оның түрлері мен қорлары, орталықтары; табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға қолайлығы.
3. Халқы туралы: Британ аралдарының байырғы тұрғындарының тарихи қалыптасуы; ағылшын ұлтының қалыптасуындағы тарихи оқиғалар; халық саны, орташа тығыздығы, ең тығыз қоныстанған ауданы, оның себебі; ірі қалалары; ауыл халқы; ел халқының қазіргі ұлттық құрамы; ағылшын ұлтының өзіндік салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері; тілдік ерекшеліктері, діни бағыттары; еңбек ресурстары; елдің спорттық ойындарының түрлері, нақты мәліметтер, мысалдар келтіру. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады.
Сосын Ұлыбритания туралы оқулық мәтінін оқып, өз беттерінше талқылайды.
Атластарын пайдаланып, Ұлыбританияға сипаттама береді.
ІІІ Оқып болған соң, оқушылар бір-біріне айтып түсіндіреді. Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?
2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?
3. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?
4. Халықтың ұлттық құрамы қандай?
5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда? Оқып болған соң, оқушылар бір-біріне айтып түсіндіреді. Сосын сұрақтарға жауап береді.
ІV Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ Үй жұмысы:
1. §5, 6 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Германияның шаруашылық құрылымының басты белгілерін анықтау.
3. Ұлыбританияға берілген жоспар бойынша толық сипаттама беру.
4. «Ұлыбританияның қалалары» деген тақырыпқа хабарлама дайындау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.