Поурочный план по самопознанию на тему Отбасы жарасты?ы (5 класс)


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі.
Күні:26.11.2016№: 12
Тақырыбы: Отбасы жарастығы.
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: бауырмалдық, татулық, сыйластық
Мұғалім: Ерзакова Акмарал Беляловна Сыныбы: 5Оқушылар саны: 11
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы жарастығы туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушыларға сыйластық туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың бойындағы бауырмалдыққа қасиеттерін дамыту;
3. Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.
5Т ережесін еске түсіру. Тыныштық сәті "Теңізге саяхат". (Море мелодиясы). Сабақ барысын талқылау:
2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Жағымды ой-пікір (Дәйексөз).
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" (Халық мақалы)
"Ұяда көрсең" дегенде "ұя" деген қандай мағынада берілген?
Дәйексөзді жаттатқызып, дәптерге жаздыру..
4. Оқиға айту (әңгіме).
«Сүйіспеншілік»  А.Асылбеков
Базарға барайын деп шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп,тұрыңқырап қалады да бар ниетімен үйіне шақырады.Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуміз бармаймыз »,-дейді.Оң жақтағы досым-Байлық,сол жақтағы болса-Сәттілік. Менің атым-Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:
-Қазір үйіңізге барып,үй иесімен ақылдасыңыз.Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,-деді.
...Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда,қатты қуанған ол: «Қандай жақсы,қандай жақсы,-деп қайталай берді.
-Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа кенелсін».Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»,-деді.Екеуі ортақтасып , мынадай шешімге келеді : «Негізінде ең асылы ,Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».
Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?»
Төрлетіңіз.Сізді шақыруды ұйғардық»,-деді.Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді.Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»-деді. Қариялар:
Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз,басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек»,-дейді.
- «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз-Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».
Әңгіме бойынша сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңдер?
2. Әңгімедегі кейіпкерлердің орынында болсаңдар сендер бірінші кімді шақырар едіңдер?
3.Шаңырақ жарастығының негізін не құрайды?
4.Бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса ол үйде не болады? Неліктен? Өзін-өзі тану. Мұғалімге арналған хрестоматия
5. Шығармашылық жұмыс.
Отбасы сөзінің ұғымын түсіндір.
Оқушылар өз ойларын айтып,нақты бір сөзден тұратын ассоцияцияларын жобаға жазады. Онда балалар ең алдымен «Отбасы» деген сөзді естігенде ойларыңызда қандай ассоцияция туындайды? Жауаптарыңды нақтылай отыра өз сөздеріңмен түсіндіріңдер. 6. Топпен ән айту.
Әке 1) Отқа түстін суға түстің мен үшінЕнді міне бағын берді жемісінБала қыран шыңға шықса бұл күндеМұның бәрі әке сенің жемісін
Қ-сы:Анашымды отырғызып жанымаТой берейін салып алаканымаЕй адамдар шүкіршілік етіңдер Мына өмірде әкелерің барынаТек әкелер сендер ғана лайықсынХан сарайы патша тағынаТек әкелер сендер ғана лайықсынХан сарайы патша тағына2) Алатаудай қадірің білесін бе?Арманың мен ұлдарын өсудеАлтын шапан кигізсем де аз сағанАйтшы әке не істей алам сен үшінҚ-сы:3) Ана жұмақ әке жұмақ қақпасыБұлар жаққа бұрсандаршы ат басынБір күндері жұмақ іздеп барғандаҚапа болып қақпа ашылмай жатпасынҚ-сы: 7. Үй тапсырмасы. 44-беттегі, №13 сабақтың М.Жұмабаевтың "Сөз және мағына " мәтінін оқып келу. 8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған білімдерінді, әдепті болу, шындықты айту, жауапкершілік, үнемшілдік қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Сау болыңыздар!