Та?ырыбы: Тігін машинасында ж?мыс істеу.Тігін машинасыны? ??рылымы


27458442637581 Тақырыбы: Тігін машинасында жұмыс істеу.Тігін машинасының құрылымы,
қызметі және жұмыс істеу принципі

-147320180340
286829584455
Жамбыл облысы
Қордай ауданы
№ 25 негізгі мектебі
Технология 6 сынып қыздар
Пән мұғалімі : Мамутова Г.Д
Күні: 08/12 Сыныбы:6 (қыздар тексерді--------------------Тақырыбы: Тігін машинасында жұмыс істеу.Тігін машинасының құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі
Сабақтың мақсаты:Білімділік: тігін машинасының құрылымы, қызметі,жұмыс істеу принциптерін меңгере отырып,білімдерін қалыптастыру. Тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,көргендерін есте сақтап,оны қайта жаңғыртуға, дербестік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: тігім жүргізу кезінде ұқыптылыққа,зейінділікке, тігін машиналарын күтіп ұстауға және жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу,жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтап,дұрыс отыруларын қадағалау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету.
көрнекілігі: «JANOME» тігін машинасы, қол машинасы, суреттер, слайд шоу(нудбуктен)
Сабақтың құрал-жабдықтары: қайшы, ине, жіп,байқау тігімдеріне арналған мата қиықтары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Тренинг «Күліп қара»
І топ –Қолжетекті машина тобына ІІ топ-Электржетекті машина тобына 
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Мата дайындау технологиясы қандай ?
2.Тоқыма талшықтар нешеге бөлінеді?
3.Тоқыма өрімінің ең қарапайым түрлері? Жаймалық, саржалы, сәтенді.
4.Жаймалық өрімде қалай өріледі.
4.Саржалық өрімде қалай өріледі ?
5.Тоқымашылық мамандығы туралы не білеміз ?.
6.Жібек құртының даму сатысы.
7.Піллә жібінің ұзындығы ?
ІІІ. Жаңа сабақ:Сабақ бастамас бұрын оқушыларға жұмбақ жасырамын.
« Өзгеге киін деймін, өзім киінбеймін» (Жауабы: Тігін машинасы)
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі-тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына, жалпы құрылымына, құрлысына тоқтала өтейік.
Дарынды оқушымен жұмыс. Тігін машинасының шығу тарихы. (слайдтар дайындап қорғау)
 Тігін машиналары Қол жетекті. Аяқ жетекті.  Электр жетекті.
ХV-ғасырда Леонардо до Винчи –тігін машинасының жобасын ұсынды.
1755 жылы Карл Вайзенталь – бір жіпті қол тігісін жүргізетін инесі бар машина ойлап тапты.
1834 жылы Уолтер Хант-шөрнекті машина жасады. Бұл машинаның кемшілігі:астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді.
1844-1845 жылы Элуос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды.
1850-1851 жылы Исакк Зингедің күшімен 10 күн ішінде қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді.Зингер қол жетектеп бастап, аяқпен жүргізетін қондырғыны ойлап тапты.
1870 жылдан бастап АҚШ- та «Зингер» фирмасы кеңінен етек жайды.
Тігін машиналары әмбебап және арнайы болып бөлінеді.
Әмбебап тігін машинасымен сыртқы түрі мен қолданылуына қарай әртүрлі тігімдерді тігуге болады.
Арнайы машина белігі бір операцияны орындайды, мысалы, түйме тігу, бекітпе жасау, түймелік торлау және т.б.
Өндіріске көбіне арнайы машиналар, ал тұрмыста әмбебап тігін машиналары қолданылады.
Постер құру. Электр жетекті машина Қол жетекті машина
І топ-Электржетекті машина тобына «Электржетегінің құрылысы, жұмыс механизмдері» мәтіні беріледі. Электр жетегі электр қозғалтқыштан(3),тегершіктен (4), белдіктен(5), қосқыш табаннан тұрадыМашина аяқпен қосқыш табанды басқан кезде жұмыс істей бастайды. Айналма дөңгелек (маховоеколесо) машина корпусының ішінде орналасқан бас білікпен қосылған.Жұмысшы механизмдер мен ине механизмі бас біліктің айналуы есебінен қозғалады. Машинамен жұмыс істеу кезінде қосқыш табанды жайымен басу керек. Электр жетекті машина тез жүрісті және оңай басқарылады. Тұрмыстық тігін машинасының негізгі міндеті- матадан бөлшектер тігу. Машиналық тігісті жұмысшы органдар-ине,табанша(лапка), мата жылжытқыш,шөрнек,жіптартқыш орындайды.Олардың әрқайсысы әлдебір жұмысшы механизмнің бөлігі болып табылады. Басқыш табанша мата жылжытқыш механизмінің бөлігі болып табылады.Барлық механизмдер жетекші құрылғыға жалғасатын бас білікпен қосылған. 
ІІ топ –Қолжетекті машина тобына «Тігін машинасының жетегі» мәтіні беріледі. Тігін машинасы- тоқыма материалдары мен тері киім,аяқ киім, төсек-орын тысы, орамал және т.б.тігін бұйымдарын тігуге арналған құрылғы. Олар тұрмыстық және өнеркәсіптік болып екіге бөлінеді.Машинасының тетіктерін – бұл материалдарды, энергияны өңдеуге арналған, механикалық жасайтын құрылғы.Алдымен қолмен тігетін машиналар, кейіннен аяқ жетегіндегі машиналар пайда болды. Тігін машинасының жетегі- тігін машинасының тетіктерін қозғалысқа келтіретін құрылғы.Қол жетегіндегі машинамен тігіс тігудің жылдамдығы жоғары болмады.
2623015120964Қол жетекті
  Венн диаграмасы
Электр
жетекті
Дәптермен жұмыс:
5 сыныптағы сұрақтарды еске түсірейік.
-Тігін машинасымен жұмыс барысында сақталынаын қаупісіздік ережелер?
-Тігін машиинасының құрамдық бөлшегі құрылысы.
-Тігін машинасын жұмысқа дайындау. Тігін машинасының реттегіші.
Сергіту сәті.
Кітаппен жұмыс.Тігін машинасының реттегіші туралы түсінік беру.
Сарамандық жұмыс. Тігін машинасымен жұмыс
1-топ «Тойбастар» 2-топ «Көз тимесін».
 Пайдалы кеңестер:• ине сақтайтын қораптың түбіне магнит салып қойсаңыз, инелеріңіз ешқашан шашылмайды.• ине тот баспас үшын оны сабынға тығып қою керек.• егер үтіктің астына синтетикалық талшықтар жабысса оны ацетонмен сүрту керек.• қалың матаны тігу оңайырақ болу үшін инеге сабын жағыңыз
Кері байланыс.
ІV. Бекіту:
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина, арнайы машина)2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)3. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851)4. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)5. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу)6. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым)7. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)
V. Үйге тапсырма: Тігін машинасында жұмыс істеу.Тігін машинасының құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі