Педагогика жа?ару жолында про достижения педагогику


«Жаңару жолындағы педагогика» Гүлзат Ахбайқызы«Білім таусылмайтын кен» - демекші, даму жолында қандай да болмасын жетістікті желкен еткен ұстаным кімге болмасын арман – қиялына қанат бітіріп алға жетелейді.Әсіресе педагогика саласындағы нағыз майталман маманды десек артық айтпаймыз.Бүгінгі күн ертеңгі жарқын болашағымыздың даналар салған сара жолына арналып келеді.Оған бір себеп білім және ғылым саласындағы елеулі өзгерістер мен тың идеялар.Қазіргі таңда басқа аймақтар былай тұрсын, өз облысымыз, аудандарымызбен ауыл – аймақтарымыздағы ІІІ деңгейлік білім алу және оны әріптестері мен оқушыларына қайткенде түсіндіріп санасына сіңіремін деген жалынды педагогтар бастауы жас маманды алға жетелеуден тынбай қызмет етуде.Өзіміздің бір ғана мектебі бар Өтес селосында күні бүгінге дейін бірнеше педагог «Коучингтер» өткізіп өздерінің «Коуч» атақтарын алып мектеп педагогтары арасында ерекше идея әдіскері ретінде үнемі қолдап, көмек көрсетіп, бағыт беріп отырады.ІІІ деңгейлік бұл оқу түрі арқылы бала тәрбиесіне үлкен септігін тигізетін әдіс – тәсілдер, ойын – жаттығулар арқылы астарлы түйіндерді шешу жолдарын үйреніп, қысылып – қымтырылған баланы алға жетелеуші бірден – бір жолашар бағдарлама десек болады.Мектебімізідің информатика, география,тарих, бастауыш сынып т.б сала бойынша білім игерген ұстаздардың ұйымдастырған коучингтері әр біреуі өзінше қызық, өзінше ой тастап отыратын бағдаршам секілді. Әсіресе ДТЖО Нәдірова Гүлсім, информатика пәні мұғалімі Байбоз Шынар сынды мектеп ісінің басшылық тарапынан талап етілетін небір бастамалары ерген көшке сара жол болып, небір ой мазалаған маманға серпін беретін, қамшылайтын мамандар деп білемін.Бұл бағытты дұрыс ұстанып, мән – мағынасы арқылы өз пәніне қолдана алған маман көп нәрсені ұтымды пайдаланған болар еді.Педагогика саласы осымен қызықты әрі қиын.Қиындық болмаған жерде жұмыс та болмайды деп аға педагогтарымыз бекер айтпаса керек. «Ізденген жетер мұратқа» - деп, өз ісімізге немқұрайлы қарамағанды жөн санаймын.