Балалар бізді? болаша?ымыз концертная программа


«Балалар - біздің болашағымыз!» 
Жүргізуші: Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толғанысқа, ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, - десе, Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында: « Қазіргі заманда кез - келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты - адамдардың өздері, олардың ерік - жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата - аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХl ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті. Қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Бала - өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Халық - баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан.
Жүргізуші: Бала - еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі. Олай болса, Құрметті қонақтар, «Балалар – біздің болашағымыз!» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Балалар – біздің болашақ,
Сүйсінеміз – сүйеміз.
Бұл болашақ тамашақ – ақ!
Болашаққа иеміз.
Көтеріп жас сәбиді,
«Күлші, ботам, күл!»– дейміз.
Көңіл дария шалқиды,
Балалармен гүлдейміз- деп , мектебіміздің жезтаңдай әншісі, «Жұлдызай» республикалық фестивалінде екі рет 3-ші орын, «Ән бізді біріктірді» республикалық фестивалінде 2-ші орын, «Жүрек жылуы» республикалық байқауында бас жүлде иегері , «Бозторғай», «Біз жұлдыз болып жанамыз» облыстық байқауларына қатысып 1-ші орын жеңімпазы және де өнер мен білімді қатар алып жүрген талантты оқушы Хабибулла Дүрдананың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Алға кетіп барамыз
Болашақты құшақтап.
Жыламайды баламыз
Көзден жасы бұршақтап
Жыламайды баламыз,
Жылатпаймыз еш уақыт
Бәрі бізде, қараңыз:
Өмір, өлең, күш, бақыт!
–дей келе мектебіміздің оқушылары Дүйсенбеков Бекзатхан, Рыскелдіқызы Айдана, Абдуалиев Ержан, Жүсіпназар Ақханым жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Алтын оты үміттің
Көзіміздің қарасы,
Балапаны бүркіттің,
Біздің елдің баласы...
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Балалар өлең айтса, ән шырқаса,
Қандай жүрек қалады қанат қақпай – деп ортаға мектебіміздің өнерлі оқушылары Мақсұт Лаурамен Серікбай Ләйланың орындауында ақын Рахат Наурызбаеваның сөзіне жазылған Ләйлә Сүйімбаеваның әні «Жақсы көрем» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Өнер десе өрілгенБиіктерден көрінгенБишілерді шақырсақ«Мың бұралған» биімен деп ортада мектебіміздің кішкентай ғана биші қыздарын « Оюлар » биімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Өнердің біз өшірмейміз май шамын.
Әнші де бар жезтаңдай, биші де бар,
Әнші Бибінұр бұлбұлдайын сайрасын деп ортада Серікбай Бибінұрдың орындауында «Балалық шаққа саяхат» әнімен қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Домбыралы, кернейлі,
Өнерпаздар алға шық.
Мерекеміз мерейлі,
Кетсін күйге жалғасып – дей отырып, 6 «А» сыныбының оқушысы Мусаев Бекзаттың орындауында Құрманғазының «Алатау» күйімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,
Артық пейіл табылмас Отанымнан.
Олжалап орын алу мақсатым бар,
Алдыңғы елу елдің қатарынан- дей келе мектепшілік іс-шараларға белсене қатысушы 5 «А» сыныбының өнерлі оқушысы
Сайлау Нұртөренің орындауында халық әні «Алға Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар. 
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, біздің мектебіміздегі оқушылардың барлығы да өнерлі, талантты, білімді. Бүгін сіздер оқушылардың өнерлерінің бір бөлігін ғана тамашаладыңыздар. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет!
Хоровод: «Әрқашан күн сөнбесін!»
№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету)
мектеп-интернаты

«Балалар – біздің болашағымыз!»
Орындаған: тәлімгер М.А.Нәлібаева
2015-2016 оқу жылы