Саба? жоспар Бейнелеу п?ні та?ырыбы: Дизайнер — суретші деген кім? (2сынып)


Бекітемін..........................................А. Маханова
Күні: 1.02.17.
Сыныбы: 2а
Пәні: бейнелеу
Тақырыбы Дизайнер – суретші деген кім?
Мақсаты Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.
Білімділік Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.
Дамытушы-лық дизайнер – суретші ретінде жұмыс жасауға бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту.
Күтілетін нәтиже Тіл байлықтары мен сөздік қорлары молаяды. Шығармашылық қабілеттері артады.
Қолданыла-тын әдіс - тәсілдер Суреттер сөйлейді, миға шабуыл, постер қорғау, сергіту сәті
Көрнекілігі Маркерлер, плакаттар, слайд, стикерлер,
І.Ұйымдасты-ру кезеңі Оқушыларды стикерлер арқылы үш топқа бөлу. Алтын ереже құру қажеттілігі туралы айту. Психологиялық дайындық жасау.
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Топ ішінді тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. Күннен, жерден нәр алған Біз-өмірдің гүліміз. Сәтті болсын біздерге Бүгін келген күніміз.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті
Білім
Қызығушы лықтарын ояту ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Сандықша жасау Тапсыма№1Суреттер сөйлейді Оқушылардың жасап келген сандықшаларын ЭКСПО - 2017 көрмесіне қою. Үйге берілген тапсырманы сурет арқылы сұрап оқушыларды диалогқа түсіру 1.Түсті жіптермен кестеленген кілем қалай аталады? 2.Киіз үй қандай негізгі бөліктерден тұратынын есіңе түсір? 3.Қандай төсеніш түрлерін
білесіңдер? 4.Мына өрнектерге назар аудар, оларда қандай ою түрлері пайдаланған? 5. Мына ою қалай аталады? 6. Суретте не көрсетілген? Ол неден жасалады, не үшін керек?
Оқушылар үйден дайындап келген сандықшаларын көрсетіп таныстырады. Сурет арқылы сұраққа жауап беріп үй тапсырмасын пысықтау
Жаңа сабақ
Бейнебаян көрсету
Оқушылар дизайнер – суретші деген кім екен?
Мұғалімнің түсіндірмесі
Сен кескіндемеші, график-суретші, мүсіншілердің шығармашылығымен таныстың. Бұлардан басқа суретші-дизайнер де бар. Олар әр түрлі заттармен жұмыс істейді. Дизайнер-суретшілердің кейбіреулері ыңғайлы да әдемі жиһаздар ойлап тапса, енді біреулері сәнді киімдер, әшекейлер, тағы басқа көптеген нәрселерді ойлап табады. Соңғы кездері дизайнерлер үйлер мен бақтарды безендірумен белсене айналысуда. Дизайнер-суретшінің жұмысындағы басты қағидалары - беріктік, қолайлылық және әдемілік. Мысалы, қолшатыр адамды жауыннан қорғайды. Сен қолшатырды дүкеннен сатып аларда ол мықты ғана емес, сонымен қатар әдемі болсын деп сұрайсың. Қолшатырдың пішінін де, оның түр- түсін де дизайнер-суретші ойлап табады. Оқушылар бейнебаяннан көрген, түсінгендерін айтады.
Түсіну
Мына суреттегі аққала ойыншыққа ұқсайды. Бірақ бұл - Жаңа жылға арналған май шам. Оны да ойлап тапқан дизайнер-суретші. Дизайнер біздің күнделікті тұрмысымызға сұлулық сыйлайды. Кез келген заттың долбарын жасау кезінде бәрі де маңызды. Дизайнер-суретші заттардың пішінін ойластырып, әсерлі сызықтар мен түс реңктерін іздестіреді. Заттың түсі де оның қандай қажеттікке арналғандығына қарап таңдалады. Мысалы, балалар ойыншықтары айшықты, түрлі түсті болса, көптеген үй тұрмысына арналған бұйымдардьщ түсі, керісінше басыңқы, күңгірттеу болады. Суретшілердің білімі мен талғамы, көрегендігі дизайнерге де қажет. Суреттердегі заттарға назар аудар. Оларда дизайнның барлық қағидалары сақталған ба?
Сергіту сәті Оқушалармен бірге сергіту сәтін жасау Бейнебаяндағыдай жаттығулар жасайды
Шығарма -шылық тапсырма «Біз дизайнерміз»
Оқушыларға шығармашылық тапсырма беремін.
І топ - Үй жиһаздарын жасайды
ІІ топ – Жұптық жұмыс Киім үлгісін жасайды ІІІ топ – Ойыншықтардың дизайнын жасау
Жеке жұмыс – гүлдер жасау Әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін әр топ өз жұмысын қорғайды.
Қорытындылау ЭКСПО – 2017 көрмесі Оқушылардың жұмыстарын марапаттап көрмеге қою. Бүгінгі сабақты сұрақтармен қорытындылау. Сонымен дизайнер – суретші деген кім? Дизайнер – суретшілердің негізгі қағидасы қандай? Дизайнер – суретші немен айналысыды? Оқушылар сұрақтарға жауап беріп бүгінгі сабақтан түсінгендерін айтады.
Үйге тапсырма Сән үлгісін жасау Бағалау Смайликтер тарату Әр оқушыға сабақ барысында жақсы қатысқан оқушыға смайликтер беріп отыру Кімнің смайлигі көп сол жоғары баға алады
Рефлексия Дана ағашы Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтырып Дана ағашына жапсыру.