?аза? тілі саба?ынан етістік та?ырыбына ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтыңмақсаты:1. Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін жетілдіру, сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуге үйрету.
2. Оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын, зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды сауаттылыққа, шығармашылыққа, топтасып жұмыс атқаруға тәрбиелеу.Сабақтың типі: пысықтау сабақ
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жуап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: бейнефильм, постер, оқулық, интербелсенді тақта, пазл, қима-ағаздар.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау (2 мин)
ІV. Пысықтау сабақ (29 мин)
V. Сабақты бекіту (3 мин)
VІ. Бағалау (3 мин)
VІІ. Үйге тапсырма (2 мин)
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Күн, алақан, жүрекше, смайл көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.Жүрекшелер шыққан сәтте- бір-біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.Алақан шыққан сәтте – бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.Күннің бейнесі көрінсе – бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз.Смайликтер шыққанда – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.
Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Ал енді мына гүлдер арқылы топқа бөлінейік. Оқушыларды гүлдер арқылы 3 топқа бөлу.(раушан, нәркес, түймедақ)
ІІ.Үй тапсырмасын тексру
4-жаттығу.
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жазу.
Оқушыларға құрап келген сөйлемдерін оқыту. Етістіктерге сұрақ қою.
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы сұрақтар қою.
Етістік дегеніміз не? (заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз)
Етістіктің сұрақтары қандай? (не істеді? не қылды? қайтті?)
«Әбен бес балық ұстады.» сөйлемінде етістікті тауып, сұрақ қой.(ұстады)
«Оқушы, балалар, жаүгірді, жаңбыр, қоян» сөздерінің ішінен артығын тап. (жүгірді)
«Сағат» сөзін көпше түрде тәуелде.
«Дәптер» сөзін жекеше түрде тәуелде.
ІV. Пысықтау сабақ
Күн ретін, сабақтың тақырыбын жазу.
Көркем жазу минуты. Бір етістік жаздыру.
Балалар мен сендерге бейнефильм көрсетемін. Мұқият қарап отырыңдар. Көріп болған соң соған байланысты тапсырма беремін.
Оқушыларға «Әке мен бала» ертегісін көрсету.
-Мәтін неше бөліктен тұрады? (басы, негізгі бөлім, соңы)
-Сендер қазір «Әке мен бала» ертегісін көрдіңдер.
- Енді осы ертегіні пазл әдісі арқылы байланыстырамыз.
Яғни:
1-топ етергінің басын әңгімелейді.
2 -топ ертегнің негізгі бөлімін әңгімелейді.
3-топ ертегінің соңын әңгімелейді.
Сол жазған әңгімелерінің ішінен етістікті тауып сұрақ қоясыңдар.
Оқушылар постер қорғайды.
Ал енді балалар оқулыққа назар аударайық.
1 топқа (Ауызша орындау)
7-жаттығу
Жұмбақтың шешуін табу. Етістікті тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (жапалақ)

2 топқа (Ауызша орындау)
9-жаттығу
Өлеңді оқып жатқа айтқызу. Етістікті тауып қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі.
Төскей- таудың қия беткейі, биіктеу баурайы.
Көк майса- жасыл шөп
3 топқа (Ауызша орындау)
10-жаттығу
Ұйқасын табу.
Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді .... (кекілік)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы... (арыстан)
Сергіту сәті:
«Тропиктік жауын» жаттығуы.
«Кім жылдам» ойыны арқылы келесі жаттығды орындаймыз.
8-жаттығу
Сөздерді тисті сұрақтың астына жазады.
(интербелсенді тақтаны пайдалана отырып орындау)
Не істеді? Не істейді?
Келді ұшады
Оқыды жазады
Жазды сауады
Көрді байқайды
Жинады тарқатады
Сүртті
Топтық тапсырмалар
«Белсенді әріптер» ойыны
1-топ
Пазлдан «Ж» әрпін құрастыру. Осы әріптен етістіктер жазу.
2-топ
Пазлдан «О» әрпін құрастыру. Осы әріптен етістіктер жазу.
3-топ
Пазлдан «Т» әрпін құрастыру. Осы әріптен етістіктер жазу.
«Түрлену» ойыны
Әр топқа сөздер таратылады оқушылар оны қимылмен көрсетуі керек.
1-топ
Оқыды, аулады.
2-топ
Ұшты, отырды.
3-топ
Жүзді, жүгірді.
1-топ
Берілген етістікке қарама-қарсы етістікті тауып жаз.
Кірді --------шықты
Келді--------кетті
Тұрды ------отырды
Алды -------берді
Күлді -------жылады
Ауырды ---жазылды
2-топ
Сәйкестендір
Найзағай үрді
Гүл соғылды
Ит салды
Қоңырау өсті
Сурет жарқылдады
3-топ
Адасқан әріптерден сөз құра.
І, д, л, к, е – келді
Ы, ж, д, з , а – жазды
Д, ы, қ, о, ы – оқыды
Д, к, і, р, ө - көрді
V. Сабақты бекіту
Семантикалық карта тарату
Сұрақтар
Сөздер Кім? Не? Не істеді? Не істейді?
бала + оқулық + сыйлады + төгеді +
есінеді + суретші + тазалайды +
шапалақтады + Тақтаға дұрыс жабын іліп тексерту.
VІ. Бағалау
Сабақ барысында жауап берген оқушыларға смайликтер тарату. Жинаған смайликтеріне қарай топқа баға беру. Белсене қатасқан оқушыларға баға қою.

«Рефлексия»
Оқушыларға сабақтың басында алған гүлдері бойынша тақтадағы құмыраға түстеріне қарай орналастыру.(жасыл-барлағын түсінді, сары-енді түсініп келемін, қызыл-түсінбедім)
VІІ. Үйге тапсырма
11-жаттығу (165 бет)
Өлең құрастыр.
Мен гүлдерді ..............(жұлмаймын),
Торғайларды ...............(қумаймын).
Айтқандарын ...............(тыңдаймын),
Аналарды ....................(сыйлаймын).
«Түрлену» ойыны.
Әр топтан бір оқушы шығып суретті алып онда бейнеленген суретті мимика арқылы көрсетеді. Қалған топьпр оның не істеп жатқанын табуы керек.
Кітап оқып жатқан бала.
Жазу жазып жатқан бала.
Ұшып бара жатқан құс.
Ән айтып жатқан бала.
«Белсенді әріптер» ойынын ойнату.
Әр топқа бір әріптен беріледі. (О, Ж, Т, Ш)Оқушылар сол әріпке қатысты етістіктер жазуы керек.
«Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы сұрақтар қою.
Етістік дегеніміз не? (заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз)
Етістіктің сұрақтары қандай? (не істеді? не қылды? қайтті?)
«Әбен бес балық ұстады.» сөйлемінде етістікті тауып, сұрақ қой.(ұстады)
«Оқушы, балалар, жаттады, жаңбыр, қоян» сөздерінің ішінен артығын тап. (жаттады)
Тәуелдік жалғаулар деп нені айтады? (заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайды)
Тәуелдік жалғаулары неше жақта айтылады. (3)
Кім шапшаң?Берілген етістікке қарама-қарсы етістікті тауып айт.
Кірді --------
Келді--------
Тұрды ------
Алды -------
Күлді -------
Ауырды ---
“Тез тауып,бөгелмей айт” ойыны
Жел .............. Найзағай .........
Күн ................ Асан .................
Жаңбыр ........ Әтеш ................
Қоңырау ....... Би ....................
Әкем ............. Таң ..................
Тапсырма ..... Қой ..................
ОҚИДЫ, ҰШАДЫ, ЖҮЗЕДІ, ЖҮГІРЕДІ, ОТЫРАДЫ, АУЛАЙДЫ.
I топ
1. Мына сіздерге қосымшалар жалғап, сөздер
жазыңдар.
Сөз құрамына талда.
өнер, би, кітап, бала
II топ Жұмбақты шеш, етістіктерді тап.
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Кҿөзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
4404995223520III топ өлең құрастыр.
Мен гүлдерді ..............(жұлмаймын),
Торғайларды ...............(қумаймын).
Айтқандарын ...............(тыңдаймын),
Аналарды ....................(сыйлаймын).
Топтық жұмыс
«Түрлену» ойыны.
Әр топтан оқушы шығып суретті алып онда бейнеленген суретті мимика арқылы көрсетеді. Қалған топьпр оның не істеп жатқанын табуы керек.
Кітап оқып жатқан бала.
Жазу жазып жатқан бала.
Ұшып бара жатқан құс.
Ән айтып жатқан бала.
- Балалар осы суреттерге қарап қандай сұрақтар қоюға болады?
- Бұл сұрақтарға қай сөз табы жауап береді?
- Яғни бүгінгі біздің тақырыбымыз етістік.
- Етістік дегеніміз не болды? (Оқушылар ережесін айтады)
1 кіші топта дидактикалық ойындардың жеңіл түрлері ойнатылады. «Дауысын сал» – ойын шарты: кубизм арқылы ойнатамын бала кубикті лақтырып қандай жануар түсе сол жануардың дыбысын салады.
«Қимылын көрсет» – ойын шарт: айтылған заттардың қимылын көрсету мысалы: қоян, ұшақ, аю, бақа, т.б .
«Ғажайып қалта» – ойын шарты: қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы : алма, доп, мысық, орындық, т.б.
Кубитің жан жағына сурет жапсыру. Оқушылар сол суреттерге етістк табады. «кубизм» әдісі
«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір – неше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т. с. с)
«Адасқан әріптер» ойыныОйынның мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.Т, к, і, п, а -...........К, е, м, е, п, т -............У, о, қ, ы, ш -...............Р, п,, ә, д, е, т -..................«Шашылған дыбыстар» ойыныОйынның мақсаты: Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайтуОйын шарты: Сыныпты топқа бөліп, ойынды жарыс түрінде өткізу. Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құру. Мысалы: а, м, л, й, н, т, а дыбыстрынан мынындай сөздер құруға болады: ана, алма, айна, ал, ата, ат, т. б.
“Зат есім” тақырыбын өткенде “Тізбек” ойынын ойнауға болады. Бірінші оқушының ойлап айтқан зат есімінің соңғы дыбысынан басталатын жаңа зат есім тауып айту.Кітап – парта – астық – қарындаш – шана т.б.
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс Дарынды оқушымен жұмыс
(Құдайберген, Ибрагим, Тухфатуллаева, Файзарахман ) (Курбанова, Баққали)
Сөздерді етістіктерге айналдыр:сырт – сырт, сыңғыр – сыңғыр, тарс-тарс, сықыр-сықыр.
Өлең құрастыр.
Мен гүлдерді .........(жұлмаймын),
Торғайларды .........(қумаймын).
Айтқандарын ........(тыңдаймын),
Аналарды ..............(сыйлаймын).

Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
Сәйкестендір
Сиыр мияулады
Мысық үрді
Жаңбыр мөңіреді
Ит жауды
Аулайды, жүрді, ұшты, тарайды, жинады, сөздеріне сұрақ қой.
Қай сөз артық
Ойлады, биледі, оқушы, жүзді.
Секірді,орындық, жауды, жүгірді.
Таза, мөңіреді, тазалады, сырғанады.