МатематикаСандарды? онды? ??рамы негізінде ?осу ж?не азайту(2 класс)


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту
Мақсаты Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік»Мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыруДамытушылығы: логикалық ойлау, танымдық қызығушылығын дамытуТәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеуКөрнекілік: Сурет. Қима сандар. кестеСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдістері; ой қозғау, ойын, топтық, түсіндіру, сұрақ - жауап
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал ә) Оқушыларды топқа бөліп отырғызу«А»- тобы, «Ә»- тобы, «Б»- тобы Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту «Есептеу машинасы» ойыны«А»- тобы: 2+1+7 - 8+10 - 2 - 4+1«Ә»- тобы: 6+2 - 4+4 - 3+5 - 2 - 4 - 2«Б»- тобы: 4 - 3+9 - 8+7 - 3+2 - 6+3 Математикалық диктант. Өткенді қайталау- 14, 13, 19, 17, 15, 10, 11, 12, 16 сандарды жазу, ең үлкенін, ең кішісін атау.*Жаңа тақырыпты түсіндіруОқулықпен жұмыс №1 Сандарды өсу ретімен және кему ретімен ата.Берілген саннан кейінгі және оның алдындағы санды айт. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану 1-5 тапсырмаларды орындау.
«Математикалық диктант». Оқушылар есептің жауабын ғана жазады:
Көлікте 8 адам келе жатты. Жолда 5 адам түсіп қалды. Көлікте неше адам қалды?
Айсәуле 9 жаста, Әзиза 6 жаста. Айсәуле Әзизадан қанша жас үлкен?
Жандостың 3 қызыл қарындашы және қызыл қарындаш қанша болса, сонша жасыл қарындашы бар. Жандоста барлығы қанша қарындаш бар?
Араның 6 аяғы болады, ал шаянда 4 аяқ артық. Шаянның қанша аяғы бар?
Бұтақта 5 қарға отыр. Тағы 2 қарға ұшып келді. Бұтақта барлығы қанша қарға болды?
Сергіту сәті Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерiң шынықсын, Саналарың тынықсын.  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Топтық жұмыс«А»- тобы Математикалық өлеңді жатқа айту«Ә»- тобы Сөзжұмбақ шешу«Б»- тобы Жұмбақ шешу Жоқ өзінде бас та,Қас та, мойын да.Ұзындығы жазулыТұр бойында ( Сызғыш) Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.
Үйге тапсырма №6 13-бетте Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау «5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп алып,
Өсе берсін  санамыз.
Өзін-өзі бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады