Болаша? ?лемдегі си?ырлы т?стер а?ылшын тілі (технологиялы? карта)


Оқу іс-қызметінің ұйымдастырылған
технологиялық картасы
Тобы: «Аққайың»
Білім саласы: Қатынас, Тіл дамыту
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Болашақ әлеміндегі сиқырлы түстер!»
Мақсаты: Жаңа тақырыпты кеңінен ашып түсіндіру, түстер жайлы, олардың адам өміріндегі алатын рөлімен таныстыру. Балаларды рухтық сезімге, батылдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балаларды үш тілде сөулеуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ыдыстағы су, желім,қылқалам,акварель краска, мата, тазалыққа пайдаланатын құралдар,тостаған, күлдіргілер, сыйлықтар
Қос тілділік: Red-қызыл, Blue-көк, Yellow-сары,Black-қара ,Green-жасыл, Colors-түстер, Snowman-Аққала.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбер
Good morning
The past to you this morning
How are you?
I’m hope you felling fine
I’m happy all the time
Good morning.
--How are you?
-- What season is it now? Балалар шаттық шеңберін әнмен бастайды.
--We are fine O’K!
-- It is Autumn
Ұйымдастырушылық- ізденістік Балалар кім күз мезгілі жайлы тақпақ біледі?
Қане өткен оқу қызметімізді еске түсіру үшін тапсырма орындап жіберейік.
Тапсырма: «Snowman»
Тақтада аққаланың суреті беріледі.оның бас бөлігінің мүшесі берілмеген, балалар сөздіктерді ағылшын тілінде атап,оны тақтаға жапсырады.
Ал балалар бүгінгі оқу іс-қызметте не жайында айтамыз? Балалар бүгін біз өз болашағымызда үлкен рөл атқаратын түстер жайлы өтеміз.Тақтада түстер беріледі, түстерді 3тілде таныстыру. Әр түстің өз ерекшелігін айтып өту.Соның дәлелі ретінде Экспо -2017 көрмесін мысал ету.
Экспо -2017ж туралы слайд көрсету.«Болашақ энергиясы» деп аталатын бұл көрменің 2 эмблемасы бар,олардың бүршік атылған бұтақтары бар.әр бұтақ түрлі түске боялған. Әр жолақ өсу, даму,жаңа өмір, өркендеу мағынасын береді.
Сергіту сәтін жасату.
‘Head and shoulders’
Енді барлығымыз түстер жайлы видео ролик тамашалайық.
Тапсырма орындату.
1-ші топ балаларына экспо көрмесінің 1-ші эмблемасы беріледі. Балалар жұлу әдісі арқылы солфетка қағазын жұлып, эмблема суретіне жапсырады.
2-ші топ балаларына 2-ші эмблема беріледі. Батик әдісі бойынша, яғни қағазға мата жапсыру арқылы, оның бетіндегі эмблема суретін акварель краскамен бояту. Жалғас
Winter Summer
Spring the fall
I like Autumn
Best of all
Құлақ—Ear
Көз—Eye
Ауыз—Mouth
Мұрын—Nose
Қол—Hand
Аяқ—Toes
Балалар слайдпен жұмыс жасады.
Drill exercises
Head and shoulder
Knees and toes
Knees and toes
Ears, eyes, mouth and
Nose
Рефлекциялық-түзетушілік Балалар міне бүгін біз түстермен таныстық.экспо 2017 көрмесі жайлы білдік. Елбасымыз айтқандай «Біздің болашағымыз әрқашан бірлікте болсын».Олай болса ынтымағы бірлікте болатын әр елдің достығы жайлы ән шырқайық. Балалар осымен біздің бүгінгі оқу іс-қызметіміз аяқталды.Балаларды мадақтап күлдіргілер тарату, ал келген қонақтарға экспо көрмесінің эмблемасы суреті берілген күнтізбені естелікке тарату.
The lesson is over.
Good bye pupils Raise your head
Jump up high
Wave your hand
And say
Good bye
Goodbye teacher