Презентация по биологий на тему организмдер арасында?ы ?арым — ?атынастар (11 класс)


Бәсекелестік. Бір немесе бірнеше түрге жататын организмдер тіршілік ресурстары үшін өзара бәсекелестікке түсуі мүмкін.Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің Маңызды өте жоғары формасы ретінде бағалаған. Бүл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байкалады. Мысалға, Кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуін немесе кұмырскалардың қырылып, өз популяциясын реттеуін келтіруге болады.Антибиотикалық қарым-қатынастар: Жыртқыштық, паразитизм, бәсекелестік Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айкын байкалса, кейде анык көрінбейді. Сондык-тан орыс биологі Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уакытта бір жерде тіршілік ете алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылык көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл, әрине, коректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады.Кейбір жагдайда қоректік факторларға ғана емес, баска да (мінез-кұлык, мекен ететін ортасы ушін күрес, т.б.) ресурстарга байланысты бәсекелестік тууы мүмкін Жыртқыштық. Жыртқыштык — түрлер арасындағы байла-ныстың кең таралған, ең жоғары формасы. Ол кейде корек, мекен ететін орта, т.б. ресурстар үшін даралардың бірін-бірі өлтіруі, кууы, жеуі аркылы керініс береді. Паразитизм. Паразитизм — бір түр өкілінң екінші бір түр өкілін тіршілік ортасы немесе корегі ретінде пайдалану аркылы тіршілік етуі.Паразиттік күбылыс организмдер арасында корек үшін тікелей жанасу аркылы бірте-бірте пайда болған. Бүл процесс, әсіресе, вирус, бактерия, саңыраукүлак, карапайымдылар, кұрттар арасында жиі кездеседі. Сол сиякты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар және өсімдік пен жануар арасындағы паразиттік кұбылыста жақсы дамыған. Паразиттер коректі тандауына, бейімделуіне карай: монопаразиттер, олигополипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреу-лері сырткы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардьщ ішінде пайдалы да немесе өте кауіпті ауру тарататын түрлері де баршылык. Бірак олардың кай түрінің болсын, табиғатта орны толмас рөлі бар. Мысалы, біздің жерімізде кездесетін зиянкес жануарлардың паразиттері олардың Мутуализм. әр түрге жататын организмдердің бір-бірінен бөлек тіршілік ете алмай, өзара қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі мутуализм деп аталады. Мысал ретінде, термиттер мен олардың ішегінде тіршілік ететін, сүрек целлюлозасының корытылуына ыклал ететін микроорганизмдерді келтіруге болады Зоохория — өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінін бір тобының ұзак жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінін жемісі. Соның нәтижесінде өсімдік түкымында жабысқыш ілгектер, қылшьщтар пайда болып, олар кұстардың, сүткоректілердің, баска да жануарлардың денесіне жабысу аркылы алыс аймактарға таралып отырған. Өсімдік түқымдарының осындай жолмен таралуын эктозоохория дейді. Ал кейбір өсімдіктердщ тұкымдары жануар­лардьщ нәжістері арқылы таралады. Оларды эндозоохориялық таралу жолы деп атайды. Аллелопатия. Бұл организмдердің денесінен өзіне тән химия-лык енімдер шығару аркылы карым-қатынас жасау жолы. Өсімдіктерден бөлінетін кейбір заттар жануарларға жағымсыз немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мысалы, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, кызан, т.б.) жағымсыз әсерін тигізеді, сүмбілбүршак. пен бидайдың есуі тежеледі.